Қияметтің тірлігі  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 105

Сын сағаты елге соққан-ды,

Екі күнін тартып алып,

Ел билік құдайға қарсы шыққан-ды.

Қызылбас салты масһабы,

Иманды жанға қарсы ғып

Ақылға салған қақпанды.

Мазақтап дінші жындарды,

Құранды алды бөлшектеп,

Аллаға ортақ қосқаны.

Құдайдың ісін терістеп,

Жобасын- аян алмады.

Жол-жоба екі ғылымын,

Білімді қауым артқа атқан-ды.

Білімін кітап арқалап,

Арсыздық салтын алған-ды.

Орта топ дін ісін шариғат

Ғылым-жол болып аталды.

Билігін елдің азғырып,

Атаның жолы сотталды.

Алланың «Өзі» сипатын,

Басқа деп дінші атады.

Қияметтің сағаты соғылып,

Белгісін құдай алмады.

Түсірген үш жыл хикметіне

Біліммен қарсы болғанды.

Дүниеге мас қауымдар,

Арсыздық салтын жақтады.

Ақырзаманның түсіп үкімі,

Қазақтың жерінен басталды.

Екі киеңе жаның байланған,

Құдайым оғын атқанды.

Даланың сері еркесі,

Қырылып ақбөкен жатқаны.

Кезегі мінез тұлпарың,

Тұр алда ажал қақпаны.

Құранның болмақ кітабы,

Аруақтық қуаты қолдағы.

Ғылымы қызыл түспенен,

Раббыңның қолы оқтары.

Қарсы боп дінші надандар,

Азғырып елді алдады.

Кітабын-ғұмыр жоғалтып,

Дәстүрін баба тастатты.

Аманат, уәде ақталмай,

Қияметке билік елді бастады.

Адамзат тұтас жынды боп,

Құдайға соғыс ашқан-ды.

Білімнен шығып керемет,

Ғылымқа тасты атқан-ды.

Перғауын салты қазақта,

Ғалымдар сиқыр ашқаны.

Жан өлі, рұқты тазартпай,

Бұлағын әулие тастады.

Жер ана рұқын алатын,

Ойпатың бұлақ ласталды.

Құрбандықты елге шалдырмай,

Жүктерін ата-ана алмады.

Тозақта жатқан шырылдап,

Жын, шайтан туысқа қол созбады.

Құраннан қуат қосылмай,

Нәсілің, тегің азғанды.

Жүктелсең өз туысың ғой,

Надандар мұны ұқпады.

Тақ пенен жұпты табатын,

Тарихатын ұлттың тастады.

Жеті жан, сабақ жеті ата,

Жалғанбай елің азғанды.

Мағрипатың үш күн ғылымы,

Ар, сана, жете жоғалды.

Үлкендер азған үлгі жоқ,

Шал бәңгі-жез, кемпір «мыстанды».

Серігі шайтан артынан,

Бөрік пен ақ жаулық тасталды.

Намаздардың хан тағы,

Мұстафа Мұхаммед алған-ды.

Елшілік ісіне мәңілік,

Пайғамбар болып жалғанды.

Алламен мен екі арада,

Дәнекер шапағатшы болғанды.

Алладан түспен бар хабарды,

Уахидың пірі болғанды.

Араптың елі орта боп,

Құпиясы сопылық қалған-ды.

Құрмамен алып аманат,

Ясауи баба ханға жалғанды.

Намазхандық мирас боп,

Әулиелік салтқа із салды.

Тажалдық шығып исламнан,

Лат, Ғұзза аруақ тасталды.

Құранның құпия аятын,

Ғылымын кітап алмады.

Қолымда ғылым кітабың,

Я, Раббым құдірет қостағы,

Аруағың қолда, деп сыйынған

Қазақтың салты намазы!

Құдайдың ісін мазақтап,

Масһабшы ібіліс ұрпағы!

Жаралған тегін мазақтап,

Дінші мен билер жынданды!

Қиямет күні ақыл-ойды,

Білімге айырбастап алған-ды!

Ғылымды тастап біліммен,

Залымдар ғалым болған-ды.

Ой жорып ел билеген,

Жансыздарды лағнет атқанды!

(мамыр 2015 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *