Шындықтан әлем жаралған

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 47

Жаратылыс сырын білу даналықтан,

Әлемдік қозғалысқа қуат қоссаң.

Қозғалыстың тегі бар үш негізді,

Жұбымен алты ақыл кірпіш болған.

Ақ, қара, қызыл түсті жолақтарды,

Таулардан көріңдер деген аят барды.

Және мұндай түрлі түсті қуат шығып,

Бар қуаттың тауларда бар тұрағы.

Қазақта жан ғылымы сөз байлығын,

Даналықпен меңгерген парасатын.

Ақылдың кені, тегі — қазақ жұрты,

Бұған надан, дінші ғана дауласатын.

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Түлкі –қызыл, қарың-ақ, бүркіт-қара.

Астарлап ғылым сырын Абай дана,

Ер мен әйел некесіне ұқсатқанда.

Жаннатта жеміс жеген Ата-анаң,

Шыршадан қара жеміс қуат алған.

Өмір шыны қарсылықтан бастау алған,

Адам қызыл, Ана ақ қабырғадан.

Жанның тегі ақ еді судан болған,

Адам- құмыра жанға дене ыдыс алған.

Үш негізден асылдардың тегі болып,

Адам-жан, жын-қайрат, ақыл-денең алған.

Ақылды адамзат өндіре алмас,

Құдайсыз қурай да сындыра алмас.

Әлемді қозғап тұрған ақылды уақыт,

Уақытсыз жаратылыс қалай болмақ?

Күн шығады боялып қызыл түрмен,

Қызыл шапақ ауысады ақшыл өңмен.

Қара түнді айдың нұры күміс түсті,

Әлемнің жаны өнеді ай нұрымен.

Рабб нұрымен боялып сары түсті,

Жаралыстың жарық нұры өте күшті.

Төртеуді түгелдеумен алтау өсер,

Даналардан нақыл қалған білген істі.

Әр түрдің бар ішінде және түсі,

Сары алты, қызыл алты болар іші.

Ақ пен қара болмақшы сегіз түсті,

Жиырма сегіз шындық саны түгел түсі.

Ілім білім ортасында ақыл жүрген,

Шындық- ақыл; ақ, қызыл, сары түспен

Жан-ақ, рұқ-қызыл, жының қара,

Сары түспен төртеуің  түгел енген.

Төртеуің түгел болса төбеңде ақыл,

Тоғыз төре ақыл кісі берген нақыл.

Қырық қожа шілтендерді қырқа асырып,

Қазақтың тегінде тура жолы — заты асыл.

Шындықты біз көреміз жанымызбен,

Жүрек көзі ашылса ұждан өнген.

Саналы мен ұжданды бой жарықтан,

Шындығыңнан шын болған бала деген.

Аруақ қызыл шындықпен бейнеленген,

Ақ жолында жеті түстің бірі деген.

Қараға қызыл ғана қарсы тұрмақ,

Өзгертіп қара жынды меңгерумен!

Қаның қызыл ішінде жаның өнген,

Қызылмен бояғанда күнәң өлген.

Құрбандықтың қанымен аласталып,

Ақталудың жолына түс текті білсең.

(Сәуір 2015 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *