Қорқаулық …

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 188

Жындылық пен адамдық,

Сәждесіне құдай жаралдық.

Жын мен шайтан қылығын,

Бейнесін күнә атадық.

Күш, қайрат қара аларлық,

Қайратты жынмен қосарлық.

Сегіз жынды меңгеріп,

Бір сырға естілік жалғарлық.

Шайтаннан жанды тазартып,

Өсірмек болар адамдық.

Қайратпен жанды бір қуат,

Ар деген сауыт қорғарлық.

Иманға жанды жалғарлық,

Ділінен қуат аларлық.

Ай астында төрт тек бар,

Аталған ана даналық.

Қорқыныш шайтан саларлық,

Өсірмей жанды алтаулық.

Жыныңды ашу нәпсіге,

Алдаумен шайтан байларлық.

Алтауың араз боларлық,

Атадан қуат қосарлық.

Алты алаш тарих шежіре,

Жадынан аруақ саналық.

Ақылсыз шерік қосарлық,

Шайтаннан жын шығарлық.

Қорқаулық әдет пенделік,

Өшкені жаннан адамдық.

Қыз, қатын қаншық боларлық,

Еркектен тектік жоғалып.

Жындылық топтың түрі көп,

Адамдықты теріс қыларлық.

Мысалын бір сөз айтарлық,

Тілші көп ақыл жазарлық.

Сайттарда көп білімді,

Санаған өзін дана ғып.

Сөзінен шындық боларлық,

Жүректен шайтан оянып.

Тығылған иттей қораға,

Әдеті «банға» жабарлық.

Астарын сөздің табарлық,

Сөз жаздым ардан мысал ғып.

Бұғады қашып, жабады,

Айналған текке қорқаулық!

Биліктен көшкен адамдық,

Сын біліп, иман аларлық.

Суық ми, сасық ойлылар,

Ар сауыт болмай қорғарлық!

Гендірлік теңдік салт алып,

Салдақы әлде бол қаншық.

Ару деп арсыз қыздарды,

Жалаңаш тәнге қол соғалық.

Дін бірлі масһаб туралық,

Әулиесін досын басқа атадық.

Зайырлы ел болдық деп,

Дінсіз деп билік мақтадық.

Дінші, имам ғалым боларлық,

Санадан жоқ хабар аларлық.

Тура жолды деп атаң  таппаған,

Үлгісі жоқ деп әулие, даналық.

Ұрғашыңда болмай ақ жаулық,

Болады ерде көлгір қорқаулық

Бөрінің тегінен азғындап,

Ши бөріге ұрпақтар айналып.

Жауабы қиямет боларлық,

Күн жылып су басарлық.

Кенеттен жылып табиғат,

Су басар елді топандық!

(Қазан айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *