Қожа, төре және текті.

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 46

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Адамзаттың даналары армандаған,

Қазаққа келді бағы көп аңсаған.

Ата-баба аруағы сапқа тұрып,

Тегін ағаш өсіруге бақшасынан.

 

Қожа , төре және деген текті,

Үш жүзбен қазақ өсіп өнді.

Заман білімі, нәсіл өзгерумен,

Жан ғылымын жаңғыртуға үкім жетті.

 

Тектіден қожа, төре бастау алған,

Номадтық нәсіл болып атау алған.

Қиын-қыстау әлемге қиямет келіп,

Номадтық нәсіл қайта пайда болған.

 

Бұл бір құпия еді жан сырынан,

Әлем халқы осы ағаштан нәрін алған.

Пайғамбардың өсиеті қалған еді,

Бір әкеден пайғамбарлар деп туылған.

 

Мұхаммедтің әкесін жетім ансарлықты,

Ансардың тегі араптардан бөлек жұртты.

Туған жері Меккеде емес Мәдинеден,

Пайғамбарымыз таңдады орын ақиретті.

 

Қожа, төре тегі мықты нәсіл құрып,

Қазақтың көшін бастап өмір сүріп.

Тозған білім азғырған білім қуып,

Өмірлік ағашынан тегін алған үзіп.

 

Үш ағаш қозғалыс басы жаратылған,

Үш ағашқа еркек емес ат байламаған.

Аманатын бабалардың артқа тастап,

Қожа, төре өз тегінен басын тартқан.

 

Қыздары төре, қожа текті болып,

Сақтаған асыл тектің сырын бүгіп.

Үшінші номад текке жалғана алмай,

Өзі ішінде қан алмасып болды сұйық.

 

Араптың аруақсыз дінін және алды,

Қазақтық дәстүрі, салтынан қашықтады.

Жер ана, көк отанға жалғана алмай,

Өмірлік ағаштары өспей азды.

 

Мазарлары салынған қожа, төре

Көбісі бос тұр іздемей халық неге?

Қабірінен көркем ағаш жетілмеген,

Жұлдыздан сәуле жібі түспей жерге.

 

Ұрпақтары бұлардың майда-шүйде,

Қожалық, төреліктен қашты неге.

Дін басы, ел басына басқаруға,

Қасиет, қабілеті жетпейді неге?

 

Ойланыңдар ұрпақтары қожа, төре

Қыздарыңда ділің қалды өспей неге?

Қыз шырақ қандай текті қайта тірілтетін,

Аруақтың аянымен берсең ерге.

 

Номадтық тегін жандары өзі тауып,

Қожа, төре қыздары аруағынан аян алып.

Домалақ ана текті сақтаған әкесіндей,

Батасын беріңдер болашақтан қылмай қауіп.

 

Бұл да бір тылсымның еді түскен аманаты,

Жек көрді деме қожа, төрені жамандапты.

Қожа, төре текті-номад алты алаштан,

Менде сол үш ағаштан болдым жақсы.

****    ****

Қазағым, елім, жұртым ойланайық,

Болашақ ұрпақтың қамын кел жасайық.

Құдайдың еркін іздеп кітап алып,

Қожалық, төре, тектіні жаңғыртайық.

 

Осылай қанын қазақ біз сақтайық,

Ата-баба аманатын және ақтайық.

Ары, ұятты қыздар көп ғашық даналыққа,

Текті ермен жандарын жаңғыртайық.

 

Қазақта  төртінші ағаш болмағанды,

Төртінші қандық белгіні қайдан алды?

Бұл ағаш көп халықтан нәсіл болып,

Біліммен қан тегіңе жалғанғанды.

 

Шығысың қытай жұрты қара орман,

Орыс бар араласқан бұл да орман.

Үйренген жау атыспаққа жақсы деген,

Төртінші тегің орыспен болды ұзарған.

 

Төртінші текті іздеп жұрт сандалған,

Ормансыз арапқа хажға барған.

Жын ағашын европадан алмақ болып,

Ел билік үш тұғырлы заң шығарған.

 

Құдайдың  сыны бодан болған,

Бүгінгі қазақ нәсілі түгел орыстанған.

Өзгеден қосып жатсың жын ағашын,

Бар ма пайда дәстүрсіз рухын алған?

 

Дәстүр көпір, ана тілің ділің болған,

Ұстанған текті қазақ тез тазарған.

Орыстан ғылым, білім жынмен алып,

Қазақтың дәстүр салтымен бағындырған.

 

Номадтық мықты нәсіл қайта оянған,

Бүгінде көп қасиетін қожа, төре алған.

Қыздардың қырық үйін таза ұстаған,

Жұптастырса тегі таза ұрпақ туған.

 

Орыстан қашып кейбір жоңғарланған,

Ызақор бәлеқорға көп айналған.

Арсыздықты дәріптеп жоңғар құсап,

Керек пе елім ұлттың құрдым болған?

 

Болмаса қызылбастан дінін алған,

Жалаң аяқ, жалаңбас намаз оқыған.

Европадан салтымен жынын да алып,

Кімге керек арсыз, ұятсыз ұлтқа айналған?

 

Ай астында төрт текті жүктей алған,

Сол ұлттың рухы мықты текті болған.

Салт-дәстүр ана тілді қадірлесек,

Аталмақ мәңгі ел, әлемде қазақ құрған.

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *