Құдай үкімдеріне мойынұсынып сиыну туралы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 58

     Енді исламдық шариғат дін ісі мен исламға дейін қазақ жұртының табынған Құдай ісінің ерекшелігі бар ма? Бір тәңірге табынудың, «Бір Аллаға» табынудан қандай айырмашылығы бар? Және ислам ғалымдары мен имамдармыз Інжіл, Тәурат, Зәбур құлшылық істерін неге исламдық шариғаттан бөлек және күшін жойған деп пәтуа береді? Сонымен Құдай ісіне мойынсұну дегеніміз исламнан да бұрын түсіріліп, исламдық шариғат осы білімнің жалғасы және қазақ салт-дәстүрлі діні, Ғиса пайғамбарымызға берілген намаз амалдарын да толық қамти алатынын, Абай атамыздың иман гүлін өсірудің, үш сүюдің және үш байлықтың да негіздері болатынын оқырмандар өздері салыстырып көрсін деген ниетпен, Інжілден: «Сонымен ер адамдардың әр жерде (киелі орындарда, мешіттерде, зираттарда) адал қолдарын жайып, ашу-ыза, күмән және жанжалдан аулақ болып, Құдайға сиынуларын қалаймын. Сол сияқты, әйелдер әдеппен әрленіп-сәнденсін: шаштарын тым баптай бермей, алтын, маржан және қымбат киімге үйір болмай, киімдері қарапайым да сыпайы болсын. Оларды істеген игі істері көркейтсін. Бұл Құдайға ұнамды болуға ұмтылған әйелдерге лайық. Әйелдер тыныштықпен, әр жағдайда (қауым жетекшілерінің басшылығына) мойын ұсынып, тәлім алсын. Олардың Құдайдың ілімі жайлы тәлім беріп, ер адамдарға билік жүргізуіне жол берілмесін. Олар тыныштықта болсын. Алдымен Адам ата, содан кейін Хауа ана жаратылған және Адам ата емес, әйел әзәзілге алданды. Осылай ол Құдайдың бұйрығын бұзды. Ал егер әйелдер сенім, сүйіспеншілік, қасиеттілік және сыпайылықты ұстанса, аналық міндетін атқарғанда ғана күнәнің ықпалынан аман сақталады. (Басқа жағдайда күнәнің ықпалынан құтылу қиын.) Әйелдер, күйеулеріңе мойынсұныңдар! Иемізбен байланыста сендердің осылай істегендерің жөн, өйткені Мәсіхтің сенушілер қауымының Басы болғаны сияқты, еркек-әйелдің «басы». Әйелдер қауымы күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза болсын. Күйеулер, әйелдеріңді сүйіп, оларға қатаң болмаңдар! Дәл осылай жұбайларын өз тәніндей жақсы көру-күйеулердің міндеті. Әйелін сүйген өзін де сүйеді. Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта оған нәр беріп, баптап күтеді, Иеміз де қауымды солай қамқорлайды. Біздер Оның рухани денесінің мүшелеріміз. «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады»,-деп жазылған. Әрқайсысың әйеліңді өзіңдей сүюге тиістісің, ал әр әйел күйеуін құрметтеуге міндетті. Ата-аналар, балаларыңның ынжық болмауы үшін оларға шектен тыс ұрыспаңдар! Қайдағы біреу пәлсапасымен пайдасыз іліммен сендерді өзіне баурап алмасын, байқаңдар! Адамдар ойлап шығарған аңызға негіздеген ондай ілім Мәсіх туралы емес, әлемдегі тұрпайы рухани күштер туралы үйретеді. Сондықтан ешкім сендерді белгілі тағамдар мен сусындарды ішкендерің, немесе бір мерекені, жаңа туған айды не діни демалыс күнін сақтамағандарың (жұма намазы) үшін айыптамасын! Ондай парыздар мен ілімдер адам ойынан шыққан. Олар кісінің өз бетімен құлшылық етіп, кішіпейілділік танытып, тәнін қатаң тәртіппен ұстауын талап етулеріне бола дана болып көрінеді. Алайда олар адамды ізгілікке жетелемей, оның күнәкар болмысының құмарлықтарын қанағаттандыруына жол береді. Осындайлардың ақыл-ойларын өз күнәкар болмыстары билейді, ал беделділері (имамдары) себепсіз кеуделерін көтеріп, қауымның Басы Иса Мәсіх туралы ілімді ұстанбайды. Бұрын сендер түнек болдыңдар, ал енді Иемізбен (Раббымызбен) байланысып, нұрсыңдар; ендеше нұрдың адамдары болып әрекет етіңдер! Ал нұрдағы өмірдің өнімі-нағыз игілік, әділдік, шындық. Құдайға не ұнайтынын біліп алып, түнектегі адамдардың бекер істеріне араласпаңдар, қайта, оларды әшкерелеңдер! Мұндайлардың жасырын істейтіндерін айтудың өзі ұят. Ал түнекке нұр шашылса, ондағылардың бәрі анық көрінеді. Бар нәрсені әшкерелейтін Нұр. Сонымен парасатсыз емес, парасатты өмір сүруге ерекше ден қойыңдар. Жақсылық жасауға әр мүмкіндікті пайдаланыңдар, себебі қазіргі күндер зұлымдыққа толы. Сондықтан ақымақ болмай, Құдайдың еркін біліп алыңдар. Арақ-шарап ішіп, мас болмаңдар, бұл жүгенсіздікке апарады! Қайта Киелі Рухқа кенеле беріңдер! Бір-біріңді Зәбур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер! Ал өзара буындармен, сіңірлермен нығайып, тұрасқан тәндік дененің өсуін бастың басқаратыны сияқты, бүкіл қауымның Құдайдың қалағынындай рухани өсуін де Мәсіх басқарады. «Егер біреу қауым басқарушысы (мәдениет басшылары, имам, сауаттандыру ордалары, керуен, дін басшысылары) болуға ынталанса, оның игілікті істі қалағаны». Бұл-дәл айтылған шынайы сөз. Ал қауым басқарушысының ешбір кінәратсыз таза болуы қажет: ол әйеліне адал, есті, байсалды, әдепті, қонақжай және қабілетті оқытушы, не арақ-шарапқа құмар, не ұрыншақ та емес, шыдамды, айтыс-тартыстан аулақ жүретін, ақшаға да құнықпайтын жан болуға тиіс. Ол отбасына жақсы басшылық етіп, балаларын өзін құрметпен тыңдайтындай етіп тәрбиелеуі шарт. Өйткені өз отбасына басшылық ете алмаған адам қалайша Құдайдың қауымын қамқорлай алады? Басқарушы сенім жолына жуықта ғана түскен біреу болмауға тиіс. Әйтпесе мақтаныштан кеудесін көтеріп, шайтан іспетті Құдайдың үкіміне ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ масқараланып, шайтанның торына түсіп кетпеуі үшін қауымнан сыртқы жұрттың да оған жақсы куәлік берулері керек. (Жоғары басшылықтың пәрменімен тағайындалмауы керек. Халықтың талабы ескерілсін). Сол сияқты қауым қызметшілері де (мәдени, діни қызметкерлер) байыпты, өтірік айтпайтын жандар болып, маскүнемдік пен пайдақұмарлақтардан аулақ жүрулері қажет. Олар бізге сенім туралы ашылған құпия ілімді (хикметті істерді, уахи-бата, аманаттарды) таза ар-ұждандарымен ұстануға тиіс. Қауым қызметшілері әйелдеріне адал болып, балалары мен отбастарына жақсы басшылық етулері керек. Міндеттерін жақсы атқаратындар зор беделге және Мәсіх Исаға деген сенімде (Құдай патшалық істерінде) үлкен батылдыққа (сабырға, аруаққа) ие болады.  Қауымды жақсы басқаратын жетекшілер, әсіресе Құдай сөзін уағыздап, үйретуге еңбегі сіңгендер, ерекше құрмет пен қамқорлыққа лайық. Себебі Киелі жазбаларда былай делінген: «Астық басқан өгіздің аузын жаппа!» Және: «Жұмысшы еңбек ақысын алуға лайық». Қауым жетекшілерін айыптағанда ең аз дегенде екі-үш куәгер болмаса, оған құлақ аспа. Басқаларды да сақтандыру үшіән күнә жасаушыларға бәрінің алдында сөгіс бер. Қауымнан тыс адамдармен парасатты қарым-қатынас жасап, тиімді сәттерді пайдаланыңдар! Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдір. Құдай, Иса Мәсіх және таңдаулы періштелер алдарында саған мықтап ескертемін: осы нұсқауларды алаламай орында, еш нәрсені де бір жақтылықпен істеме! Адамдардың үстеріне қолыңды қойып, батаңды беруде (аруақ батасын жеткізуде) асығыстық жасама, әйтпесе олардың күнәларына сен де жауапты боласың. Өзіңді пәк, таза ұста. Кейбіреулеріңнің күнәлары көзге айқын көрініп, оларды тікелей айыптауға бастап әкеледі. Ал басқалардікі кейінірек әшкереленеді. Сол сияқты игі істер де айқын көрінеді, ал білінбейтіндері де жасырын қала алмайды. Құдайдың есімі мен біздің ілімімізге жұрттың тіл тигізбеулері үшін, құлдықта жүрген барлық қызметшілер қожайындарын құрмет атаулыға лайық деп есептелсін! Қожайындары сенуші болса, қызметшілері соларға рухани бауырласым деп тиісті құрмет көрсетпей жүрмесін, керісінше оларға одан да жақсы қызмет етуге тиіс. Себебі соның пайдасын көретіндер-сүйікті бауырластары ғой. Осы нұсқауларды қауымға үйретіп, ескерте бер! Ал сен, Құдайдың адамы, мұндайлардан алшақ жүріп, әрдайым әділетті, Құдайға ұнамды өмір сүріп, сенім, сүйіспеншілік, төзімділік пен ілтипатқа ұмтыла бер. Сенімнің ізгілікті мүддесі үшін жан сала күресіп, мәңгілік өмірді берік ұстан. Тәңір сені осыған шақырды, өзің де көптеген куәлардың (аруақтың) алдында Ізгі хабарды мойындадың… Берілген нұсқауларды Иса Мәсіхтің (көктен) қайта келіп, ұлылықпен көрінетін күніне дейін мүлтіксіз, таза орында! Әрдайым Құдайға сиынып, рухани сергек те шыдамды болып, шүкірлік ете беріңдер! Құдайға мойынсұнып, терең қастерлеп, Оған ұнамайтын атаулыдан қатты жиіркеніңдер! Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асуларына түрткі болушы-Құдай. Бәрін де наразылықсыз, шүбәланбай істеңдер! Осылай қазіргі қыңыр, азғын ұрпақтардың арасында еш кінәратсыз таза, Құдайдың мінсіз рухани балары болыңдар: қараңғы дүниеде жарық жұлдыздай жарқырап, адамдарға шынайы өмірді жеткізетін Құдай сөзін ұсыныңдар. Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар! Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілердің, дүниені билеп-төстеушілеріне-көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз. Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақты» бәрін асыныңдар, сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар. Сонымен шындықпен «белді бекем буып», әділетті «сауыт қылып киіп», табанды тұрыңдар! «Аяқ киімдеріңді де киіп», татуласу туралы Ізгі хабарды (Құранның хикметті аяттарын, батаны,уахиды) таратуға дайын болыңдар! Бұларға қоса сенімдеріңді «қалқан қылыңдар», онымен шайтанның барлық «отты жебелерін» өшіріп тастай аласыңдар; құтқарылғандықтарыңды  «дулыға етіп киіп», қорғаныңдар; Құдай сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар»! Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінәжат ете (намаз оқу, жалбарыну) беріңдер!  Өзінің белгілеген кезінде Мәсіхті салтанатпен көрсететін Құдай-мадақталған, бірден-бір қуатты Билеуші, патшалардың Патшасы, иелердің Иесі, мәңгіліктің жалғыз Иесі! Ол ешкім жақындай алмайтын нұрда тұрады, ешбір адам баласы Оны көрген де көре де алмайды. Қадір-құрмет пен билік мәңгі Оныкі. Аумин!»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *