Құдайдың нұрлы жолы болмас пары…

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 105

 Өнер білім, қазақтың атқан таңы,

Астанамен көркейтіп сары арқаны.

Шаруашылық ісінде озық болған,

Нұрсұлтандай басшының аты қалды.

Әр істің болмақ өз мамандары,

Қазақтың дәстүр-салты ата заңы.

Екі күнін ұрлатып ел билері,

Ұлт құндылығы жете, сана жоғалғанды.

Ібілістің құрылған біліммен қақпандары,

Тәпсір дінде және гендірлік салты барды.

Таза ақыл нұрлы жолды ұмыттырған,

Нұрсұлтан өзін «тәңір» ататқанды.

Құдайдың нұрлы жолынан жоба алғанды,

Аян, уахи шапағатқа жалғанғанды.

Жер бетінде күре жолмен, өндірісті,

Нұрлы жол деп атаған жын-шайтанды.

Сөздің құнын кетірген алмай санды,

Санасыздық қазақта орнағанды.

Құдайдың лағнетін көктен, жерден,

Ел билеген зиялылар шақырғанды.

Құдаймен ерегіске Нұрсұлтанды,

Мәжбүрлеген дін меңгерген басшылары.

Хақиқатын үкімі түскен күні,

Талайы бұл өмірмен қоштасады.

Нұрлы жол құдай сөзі бастаулары,

Таза ақылға жеті жолмен жалғанады.

Қазаққа түскен еді ата жолмен,

Аққу, сұңқар меңгере алмай арсызданды.

Жеті сандық хикметін түбі ашады,

Аз ғана аққу, сұңқар сарбаз қалды.

Арсыздықпен күресер дәрмені жоқ,

Шарасыз біздерді құдай өзі құтқарады!

(Шілде айы 2016 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *