Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 71

                    Байтасов  Тоқберген  Кескірұлы.                                          

Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар

                                3-ші кітап

                                      Алматы-2011

Бабалар өткен сара жол Ата жолы- «Алла жолы»!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Ақ сөйле тілім, ақ сөйле! Жүрекпен тергеп нақ сөйле! Жамандықты қашырып айт! Жақсылығын асырып айт! Тексіздікті белінен басып айт! Тектілікті тереңнен тартып асылын айт! Жау жағадан алғанда иттердің етектен тартқанын айт! Елдігін сатқан жастардың тасырын айт! Діншілердің момын қазақты бөлшектеп іріткіге түсіргенін айт! Талай белгісіз жатқан шежіренің ғасырын айт! Европашыл әкімдердің жасығын айт! Байлықтан басқаны ойламайтын ғалым мен молдалардың арам ниет ауздарының сасығын айт! Қасиетті кітаптардың ғылымын айт! Әулие бабалардың тура жолды салған қасиеті, қастерлі  білімі мен ілімін айт! Аманатты айт! Жасырмай жасық болмай ашығын айт!

 Басылымның басты міндеті; Құран үгітінің осы заманға дейінгі белгілі діндердің әрі тарихи оқиға және адамзат білімінің негізі болып және әлі болашақта  адамзатқа белгісіз ғылымдардың негізгі насихат ережесі болып табылатынына дәлелдер келтіру, ғылымын көрсету. Сондықтан әлемде болған және болуға тиісті оқиғалардың бәрі құранға байланысты ғана туындайтынын негізгі адмзаттың тарихы шежіресі екенін айқындау. Және адамзат тарихында түсірілген барлық ақыл, ғылым кітаптардың бәрі құран арқылы расталып қорғалатындығына дәлелдер беру. Енді болашақтағы болатын қиямет оқиғалары мен қазіргі таңда болып жатқан оқиғалар, апаттар, аурулар тек құран үгітін толық меңгеру арқылы ғана бүкіл әлем халқына қайғы қасіретсіз өсіп-өнуге мүмкіндік туатынын дәлелдеу.

 Басылымның негізгі мүддесі;  Қазақ елінің мыңдаған жылдар ұлт болып қалыптасу барысында  мәдени құндылықтарды және сананың өсіп қалыптасу өркениет жолында да әлемдер алдыңда ең биік шыңына жетіп пайғамбарларды өмірге әкелуші бірден-бір халық болып және тілді тазартып, сөзді таратушы әулиелер мекені екенін нақты тарихи деректермен және Адам атадан бастап үзбей жалғанып келе жатқан нәсілдік белгілерді толық сақтаушы адамзаттың тікелей ұрпағы болып, құпия кітаптардың, ақыл-ойдың даму заңдылығын қалыптастырушы өркениет белгілерін сақтаушы ел екендігіне әлемдер халқының көзін жеткізу. Шежіренің әдейі бұрмаланған, жоғалтқан бөлімдерін құпия сақталған қазыналар арқылы әлем ғалымдарының алдында нақты деректерді көрсету.

 Басылымның мақсаты; Қазақ жерінде егемендік алғаннан бері діннің бұрмаланып, нәтижесінде әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып қалыптастырылған аталар жолының басты қағидаларының ережелері негізделген төрт кітаптың қаймағы мен намаздары, орындалу амалдары бөлшектеліп және қосымша құраннан түсірілген заманына сай дінді қалыптастыруға берілген «өліктермен сөйлесу», тылсым үнін қабылдау аманат амалын теріске шығарып, елді қиямет оқиғасына әкеліп тіреген жалғаншыларды, құранды зиянға алушыларды әшкерелеп,  тарихты өз ізіне қайта жалғастырып, тура жолдың жоғалған, ұмыт болған қағида, амалдарын қалыптастыру болып табылады. Әлемдер халқының бірлігін, тілдердің теңдігін, алдағы тосып тұрған апаттар, аурулар, сынақтардан жеңілдікпен өту амалдарын көрсету. Елге тұлға ғылымға, ілімге тұтқа болатын заманға сай саналы, иманды  ұрпақтарды бабаларымыздың қалай тәрбиелеу салт-дәстүрін қалыптастырып және жеке-жеке пенделердің қасиет, қабілетіне, тағдырына сай өзіндік жол-жобасын анықтау арқылы жаратқан алдында есеп беру, күнәдан ақталу жолдарын  қалыптастыру. Әлемде болып жатқан сынақтармен алда келе жатқан түрлі індет аурулардың алдын алу, сақтану шараларымен бірге жаңадан жаратқаннан түсіріп жатқан емдеу құпияларын көрсету, ғылыми сарапталып, білімін негіздеуге жол ашу. Шипагерлік, емшілік ілімінің, медицинаның атасы болып және дамытушы бағдар беруші болып, құран арқылы ғана Алладан  түсіріліп тұратынын  әлемдер халқының да көзін жеткізу.

 Діннің де негізгі қағидасы нәтижесі жасырын хикметті істерінің растыққа, аныққа айналуынан, яғни жоқтан бардың немесе әлсіздің күштіге, білімсіздің ғұламаға айнала алатындығын жаратқанның қалауы болатынын, яғни «Бір Өзінің» көрінісі деп түсіне білу керек. Қазірге дейінгі араптардан өткен ислам дінін танытушы ғұлама жоқ немесе тура жол амалдары тек араптарға ғана тән, ислам дінін толық меңгерген басқа ел жоқ дегендей діншілердің түсініктерін немесе арап тілін меңгермей, құранды тек арапша оқып түсінбей тура жолды табушы жоқ деген ұғымның негізсіз және жаратқанның үгіт, насихатына, құранның да негізгі ой танымдық (философиялық) қағидасына қарсылықпен Аллаға серік қосып, аяттарға ортақ қосқан дінді теріске алғандардың жаратушы үкіміне зұлымдықпен «ортақ қосу»  қарсылық амалдары екенін дәлелдеу. Және жаратушыдан дінді заманына қарай жетілдіріп, толықтырып, кеңітіп, қосымша амалдарға үкімдер түсіріп, заманына сай амалдарды, намаздарды жетілдіру, қалыптастыру керектігін көрсету, ғылыммен дәлелдеу біздің басты мақсатымыз. Мүмкін әлі де біраз уақыттан кейін бой көрсетер ме едік. Егер де елімізде дін аралық ушығып тұрған оқиғалармен және соған байланысты қайта бой көтерген кейбір шала діншілер мен тілшілердің бес парыздық деген бір парызын, мұсылмандық негізгі қарызын өтеу әдебін жоғалтқан араби ұстанымды жан сала қорғап, қазақтың негізгі дінінің барлық қағидасы ата әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып негізделіп, аруақ өмірімен тығыз байланыстылығын алға ұсыну орнына, керісінше қайта «қызылбастық» діни имандылықты қолдауға негізделген  шараларға және үкімет, дін басшыларының дін секталарына қарсы қоятын діннің жетістігі мен хикметті істермен, үлгі, өнегемен таразы басына қоятын  амалдары мен «философиялық» (ойшылдық тәжірибе), «психологиялық» (жан сыры) жетік білімдері болмағандықтан діннің рухани дамуы тежеліп, елге келетін ауру, апат, сынақтардың қайта өрістеуіне себеп болатынын ескере отыра,  аруақтардың қолдауы, ұлықсатымен қазақ елінің жадынан шығарып, ұмтылуға айналған діннің құпия сырлары мен құран, киелі кітаптар түсініктерін қайта жаңғыртып, ғылымын жүйелеп ұсынуды жөн көрдік.

 Мұсылманның негізгі басты міндеті қандай жағдайда да зұлымдыққа жәрдемші болмау және сабырлықпен мұсылмандық адамгершілік қарыздарды уақытымен өтеу керек.  Әрине ақталудан аулақпыз, осы уақытқа дейін  әрекетсіздікке  түскен де емеспіз, құр қол қарап отырмағанымызға жеткілікті дәлелдер мен халық алдына қоятын хикметті істер және осы уақытқа дейін көпшілік түгіл, дін ғалымдарына да белгісіз болып келген ата-бабаларымызға түсірілген және бұрын жалпы сопыларға, елшілерге де құпия болып, тек  жеке ерекше қасиетті пенделеріне, әулиелерге ғана түскен, көрсетілген құпия ақпараттар да жеткілікті. Сондықтан қазақ халқына дін басқарушыларының осы уақытқа дейін «ширик-шерік», «серік» қосушылар деп, ата жолын ұстанушыларды дінді бұзушылар етіп көрсетіп, діни сауатсыздар деп қудалап соттатып, әкім қаралардың артымызға май шам алып түскен,  иманы жолдас болғай Қыдырәлі Момбай ұлы бастаған «Ата жолы, Ақ жол» атты топтың мүшесі ретінде қазақ елінің дінінің, тарихының тармағы болып, болашақ өсіп келе жатқан өрендеріміздің алдында нақты оқиғалардан, жіберілген қателіктерден ақ-қарасын оқырман өздері бағасын бере жатар деп халыққа 10-12 жыл арасындағы елімізде болған діни оқиғалардың себептерін баян етуге бұйырылдым.

 Оқиғаға қатысушы көп кейіпкерлердің атын атап, түсін түстемей тек баспасөз беттерінде тағы сондай халық алдында ашық өздерін ерекше көрсете білгендерді ғана атап өткенді жөн көрдім. Басылымның баяндалу барысында көп оқырмандарға жанашырлық өтінішім деп қабылдап, егер көп ақпараттар түсініксіз болып, жүректерде қарсылық сезімдерін тудырған жағдайда сабыр сақтап, әзірше баспасөз беттерінде немесе басқалай қарсылық көрсетпегені абзал. Себебі алда жарияланатын ақпараттар белгілі болғандардың шамалы бөлігі ғана болып табылады. Құпия ақпараттар тек тылсымның ұлықсатымен ғана аз ғана бөлігі жария етіледі. Соның өзі қазақ ғұламалары түгіл әлем ғалымдарының өзін тығырыққа тіреп, талай өтірік жалған ғалымдар мен тәпсірші дін ғұламаларының бет пердесін сыпыруға жеткілікті болмақ.

 Қазіргі таңдағы қазақ жерінде шығып жатқан көптеген діни басылымдардың және көптеген ғалымдардың еңбектерін құран арқылы жалғанға «серік қосушыға» шығарылып болашақта өздерінің айтылған, жазған еңбегінен, айтқан сөзінен қашуына тура келеді. Ақиқат өзін көрсетсе, кейбір шынның тығыларға жері болмас! Ақиқаттың ақталатын күні туғанына қасиетті кітаптармен ант етемін! Алда оқырмандарға түсінікті болу үшін, әрбір баяндалуға тиісті оқиғалар басы және аяғы, ортасы шегіністермен қысқа ғана тербелістермен беріліп отырады. Тізбектеп жүйелеу, керектісін бөліп алып талқылау белгілі ғылымдармен және құран, кітаптармен салыстырып ақиқатына көз жеткізу әр оқырманның білімділігіне, ілімділігіне және өз еркіне беріледі. Себебі ғылымның да, тіршіліктің де, жаратылыстың да барлық салаларынан толық болмаса да ақпараттар беріп отыратын мақалалар бар. Қош, әр нәрсенің қозғалуына бір себебі бар дегендей әрбір істің, сөздің немесе адамгершілік парыздардың сәтті аяқталып жемісін халықтың көруіне жаратқанға жалбарынып, аруақ қолда, әулие ғұлама бабаларым пір болып дем беріп пайғамбарымыздың шапағатын көрсете көр деп ниет еттім!

             Ниетім-мақсұтым; Көнеден қалған көк жиекті көріп өскен ақсақалдар мен қан сонардан із кескен аңшыдай тегіне тартқан жастар мен бұл қалай деп сенерін де, сенбесін де білмей жүрген жалпы қазақтың үміт отын тұтату мақсатында, ислам діні деген араптан ғана шықты деп адасқан бауырларымызды тәубесіне түсіру үшін, құранның насихатының бәрі тәпсірленіп ғылымда дәлелденген деп есінен адасқандарды зұлымдықтарынан құтқару үшін, дін мемлекеттен бөлек деп болашақ өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың алдында масқара болмауымыз үшін, діннің қайнар көзі сақтар мен қазақтан басталып, тұтастығы да кейіннен қайта қалыптасқан қазақ атты елге жаратушыдан аманатталғанын дәлелдеу үшін ата-баба аруағының батасымен, әлем алдында бабалар аманатын жеткізіп, ұмыт болған дінді қалпына келтіріп, құпия қазыналар сандығынан жауһарларды көрсетіп, қазақ рухының әлемдер алдында қашанда биік болып көш бастаушысы болатынын дәлелдеуге және қазақтың асыл дінін осындай бес парыздық бейшара халінен Абай-Шәкәрімдей даналарымыздың насихатымен жуып тазалап, Ясауи бабамыздың ақ шапанын жауып, әулие-әмбилердің батасымен, мақал-нақылдарымен өрнектеп халқымызға қайта табыстауды мақсат қойдым!

 

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *