Құран ғылымы

Бөлім: Ата жолы кітабы №2 61

       Құран білімі 10-ға бөлініп белгісі адам баласының алақанына жазылған. Адам алақанында 19 буын сүйектен тұрып және 7 сүйекке бекітіліп барлығы 25 санын берсе, екі қолда 50 сүйектен тұрады. Бұл сандық мән құран түсінігі мен насихатының сызықтық белгісі деп қабылдауыңызға болады. Аятта; «Немесе олар: «Құранды өзі жасады» дей ме? Оларға: «Егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар сол сияқты жасама ОН сүре келтіріңдер. (13) Егер шақырғандарың жауап бермесе, онда біліңдер, шын мәнінде Құран Алланың білімімен түсірілген әрі Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ал енді бой ұсынбайсыңдар ма?»-де.(Һұд-14) Құран білімінің көрінісін қолдағы он саусақ белгілейді. Сол он сүрені табу ислам ғұламаларының арманы болып оны тек Ясауи бабамыздың «Сәни» дәптерінен көруге болады. Алла тағала жер жүзінде 444 рахмет дариясын ағызды деп ескерткен. Негізінен Құран сүрелері бірін-бірі толықтыра отыра 464 рет қайталанады да 11 тізбектік бағанмен 10-шы баған 10 сүре болып бір-ақ рет беріледі. Демек пенде баласының тағдыры көктік белгісі болып қаншалықты Құран аяттарымен сәйкес өмір сүруі мен сенім дәрежесінің сандық мәндерімен, қасиеттік бейнеленуі қол арқылы суреттеледі. Ал жерге байланысты қуаттық шамасы аяқтағы 10 саусақпен белгіленеді. Қол — нұр сипаттамасын берсе, аяқ — хаж сипаттамасын көрсетеді. Негізгі сандық жүйе есебін болашаққа қалдырып қарапайым сандық жүйемен салыстырып көрейік. Енді жер бетінде негізінен екі тіршілік егесін біріне бірін қарама-қарсылық жағдайында жаратып Алланы тануға біріне-бірін себеп қылып қойса, сол ірі белгіні 10 саусаққа орналастырсақ. Ол үшін аятта ескерткендей тура жолдың Алла тағалаға дейінгі бағыты болып, Ібіліс ғұлама сол жолда отырып алса «ІБІЛІСАДАМ» болып шығады. Алла тағалаға қосылу үшін осы он негізгі таңбаны толтырып 11-ге айналдыру шартты үкім болып табылады. Яғни адам Ібілісті ілім жұмбақтарын шешу арқылы ғылымға айналдырып жеңу яғни дәрежеленіп бірігу керек. «(Мұхаммет пайғамбар) бір кезде саған: «Негізінде Раббың адамдарды баураған» деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді және Құрандағы қарғалған ағашты адамдарға бір сынақ қылдық Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырады.» (Ісра-60).

      Ібіліс әскерлері оттан жаралса адам баласы судан жаратылып екі негізді табысатын, біріктірілетін жаратылыс ағаш болып табылады. Ібіліс жаратушыдан қарғыс алып ағашқа айналса сол ағаш өнімдері арқылы қайта өз әскерлерімен, шайтанмен қосылып  және су арқылы адамзат өнімдерімен араласып бейнеленіп отырады.  Сондықтан адам баласын үнемі баурап тұратын Аллаға жол тапқан адам рухы арқылы тазарып жарық сипатына айналған  Ібіліс көгілдір от. Ібілістің әскерлеріне түрлі бейнелерде адамдардың артынан- лдынан, оң-солынан кел деп ұлықсат берген жаратушымыз. Бірақ табан мен төбеден егер толық жауып жүрсе кіру мүмкіндігі берілмеген. Негізінен адам баласына өзін тану үшін 4 саусақты белгілеп берген. Әрбір адам баласының ұлттық сипатына сай тілді және дінді меңгеру ес қабілетінің негізгі белгісі. Бүкіл тәндік даму ғылыми есеп жүйесін айқындайтын періштелер саны. Сол 15 періштеге қарсы 15 ібілістің де әскері бар. Бәрі аспен, азықпен, иіспен кіреді, сөз болып шығады, артық болса қорыта алмаса шайтан лағына (вирус) айналар. Адам баласындағы іс періштелерінің белгісі 30 тіс болар сөздің, үннің дұрыс бірлестігінің күзетшілері. Ібілісті тек бір себептік сипатымен түсіндіру де Аллаға серік қосудың үлкені. Тек Алла тағала бір және жалғыз қалған бүкіл жаратылыс егелерінде жұбы бар. Сондықтан Ібілістің де  жұбы, пары болып, 8 түрлі сипаттамасы да бар. Бізге ең жақын нәрселік болмыстық, өрістік сипаты — теріс ой.  Жалпы ойдың да өлшемі болып; таза және теріс ойға бөлінеді. Негізінен жер мен көктің арасы теріс ой-деп ескерткен аятта. Теріс ойдың патшалығы, өрісі су үстінде болып, аумен араласып адамзаттың тыныс алу қорегіне айналады. Енді ойдың адам баласы арқылы өңдеуге түсіп, жарыққа айналуын ес деп атаймыз. Сөздік, үндік сипатын ақыл деп, оны тек қасиетті кітаптар сөзімен өлшейді, екінші басына ғылымды қойып бағалайды. Сол өлшемге қарама-қарсы шаманы теріс ой болып ақылға кері іске айналған нәтижесін «шайтан» десек, тәнде өсіп, жанды кірлетіп 8 жын қуатты өзіне бағындырса, ол пендені шайтан деп атап немесе надан дейміз. Сондықтан адамды баурап тұратын қорғап тұратын да таза рухпен, ақылмен, іспен бейнеленген періштелік сипатқа енген Ібіліс. Ойдан ажыратылған, жан қызметшісі таза білім болып, ілімдік жаманшылыққа қарсы тұратын қуаттық сипатын ар деп атаймыз. Алла тағалаға жақындау үшін алты саты ғылымды меңгеріп сонан кейін Ібілістей теріс ілімді ғұламаны жеңіп меңгеріп, өзіңе қызметке жұмсау керек. Сондықтан бірыңғай ғылымды меңгерсеңіз, тазалық, намаздық амалдарды ұмыт қалдырсаңыз тәніңіз бүлініп, теріс ойдың ықпалына түсіп, Ібіліске қызмет етіп, білімді шайтанға айналып, теріс қылық, ойлардан тозақта тазаруға тура келер. Ал тек намаздың бір сипатын сәждені оқуын ғана білсеңіз, рухыңызды тазартқанмен жаныңызға  қуат келмей Адам ғана болып өмірден өтіп ахиретте аруақтар қарамағындағы жұмыс істейтін әскерге айналған іс періштелердің санын толықтырып көп уақтың біріне айналасыз да жаратылыстан ілім, азық жинайсыз.

      Барлық мысалдар айналамызда және өзімізде тұр, жаратып қойған, көрсін, үлгі алар, түсінер мүмкін деген белгі. Енді екі қолда 38 буын періште болып 2 ғайып біріктіруші болып (қадағалап жұмсаушы) Ғайып ерен 40 шілтен болып, олардың да ерекше белгісін жер анаға, тау-тастармен көрсетіп, ал түсінігін Қазақ деген халықа беріп қойыпты. Сол бүкіл тамымал болуға тиісті періште қуатты бір пендесіне сыйғызып, Құранды сәулелік жарықтық сипатын 30 параға бөліп, үгіттік сипатын 10 түрлі ғылымға бөліп меңгеретін тәсілін, 13 сатысын елші арқылы көрсетіп, үндестікпен ерекшелеп, тек тілді меңгеруге екі жол беріп, жүректе бірігетін қылып, екі алақанға қосып, қара, ойлан деп ескертіп тұр қашанда. «Мен сендерге күре тамырыңнан да жақынмын, өзіңде және көз алдыңда тұрмын деп ескертеді, бірақ та көре алмайсың». Ол қандай жақындық десеңіз жаратушыдан ақылмен бірге берілген жаныңыз. Сондықтанда қандайда болсын сөздің, жанға себеп қандайда бір істердің нәтижелері құран аяттарының үкімімен қорғалмаса, оның насихат ғылымы жұп түсінігі тақ болмаса, онда да бір саныменен тек ашық үкімдер ғана түсіндірілмесе, онда надандықты тудырып Аллаға, аяттарына, үкімдеріне серік қосу болып есептеледі. Толық түсіндіру тек Алла тағалаға ғана тән аяндар, уахилар арқылы. Сондықтанда қандайда бір түсініктің жауабы тек Алламен яғни жаратқан көркем құдайлық сипаттарымен қосылып жұп болып шығады. Құран аяттарын тәпсірлегенде  есептік жүйесін зер салмай, бір аятпен немесе сол аяттың ортасынан ойып алып түсіндіру немесе солай түсіну менің түсінігімше білімсіздік. Ал содан туындайтын іс-шаралар Аллаға шерік қатып (арам, білімсіз сөз) барып, серік қосу болады. Және бір түсініктен келесі ұғымға өту үшін жұптың іші тақ болса тақтың іші жұп болып отыру шарт.  Өз шамасын білмей жүк арқалауға мойынына алған жаратылған нәрсені «Есек» деп атаймыз. Болашақта ұрпақтар алдында есек аталмау үшін есептеп үйренейік ағайын, дін танушы, тақуа, сопы, зікіршілер. Құран үгітін меңгеру үшін ана тілді меңгеру басты шарт. Ал өзге тілді меңгеру үшін сол тілде жазылған әдеби мұраларды, салттық өнер туындыларын түсіне біліп, сол туындылардан философиялық рухани ләззат ала білгенде және шежіреден, тарихынан жеткілікті мағлұматыңыз болса сол тілден хабарыңыз бар деп түсініңіз. Енді сол білген тіліңізде шабыттанып, өз ойыңызды қағаз бетіне түсіре алмасаңыз онда әлі де ізденіңіз, тіл біліміңіз жеткіліксіз. Енді маған түсініксізі өз ойын сол тілде қағазға жазбақ түгіл, дұрыс жүргізіп оқыса болды дайын сөздерді пайдаланып бағзы замандағы біреудердің ойы арқылы құранды түсіндіргіш дін танушыларда қалай, кімге жатқызамыз. Аудармашы дейін десеңіз ол үшін сол елдің бүкіл әдеби мұрасынан хабардар болып өз білімін сол халыққа дәлелдеп қорғау керек емес пе? Ал енді Құранды түсіндіру үшін тек тіл білімі жеткіліксіз. Сондықтанда пайғамбарымыз: «Адамның басына түсер қасіреттің бәрі тілден туады.» (336-өсиет) деп ескертуі бекер емес. Қазаққа қасірет өзге  тілдерге еліктеуден келіп қарапайым сөз астарын ұғудан қалып енді дәстүрлік діндік бағытымыздан да жаңылыса бастадық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *