Құран-рұх-иман-кітап-кісі.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 170

    «Мұхаммед сондай саған біз уахи еткен Құран, ол хақ. Алдыңғыны растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. (31) Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағандарымызға мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет» (35-32) 35-кітап 45 аяттан тұратын елшілік құраны Мұхаммед пайғамбарымызға уахи-батамен берілген кітапты яғни пайғамбарымызға берілген құранның насихатын түсіндіретін ғылым кітабын пайғамбарымыз өмірден өткеннен кейін де тура жолды көрсететін кітап болып,

бұл сүренің 32 амалын орындау арқылы кейбіреулерінің осы аяттың білімі сәждені ғана орындау арқылы діннің ортасын ұстап, ал кейбіреулері оны теріске алып, өзіне кесірін тигізіп меңгере алмайтынын ескертеді. Енді ортада болушылар; 35+32=67-ші кітапты меңгерушілер болып көктер мүлкімен байланыс кітабы Ыбырайым жолын ұстанып, бірақ толық меңгермегендіктен тек діннің білім жолын ұстанушылыр яғни қазіргі масһабшы, сопы, «мұсқаб» ұстанушы бұрынғы сахабалар, табиғиндар мен дін ғалымдарының өздері таңдағандарының соңынан еріп, сопылық, тақуалық жолдамыз деп көбі тура жолдың қисығын ұстанушылар болып табылады. Тақуалық жолға түсіп тура жолды іздемейді, керісінше тура жолға түсіп барып тақуалық, сабырлық қасиеттерді меңгереді. Ислам діншілерінің де муфтияттық бауырларымыздың да ең басты қателігі осында тұр.

     Енді сандардың сүремен байланысы ғылымынан жүгінсек 32-ші аят 23-ші сүренің 35-ші сүреге қосылуын осы екі аралықты яғни оңға қарай 12 сүрені меңгеріп, жүріп өтуді меңзейді. Ал жалпы пайғамбарымызға түсіндірілген құран насихатын яғни алдыңғы кітаптардың да үгітін толық қамтып білімін меңгеру үшін жоғарыдағы 23-сүреге дейін меңгерумен бірге 35-ші сүренің барлық аят саны 45-ке 35+45=80 санымен яғни тағы оңға қарай 8-ші сүреге дейін 23-8=15-сүрені қосымша меңгеру яғни жүріп өту керек. Бірақ әрбір дінді меңгерушілердің 24-сүреге дейінгі аралықтағы сүрелерден белгілі аят сандарынан бір үлесін алу арқылы шариғат базарынан «Нұр» сүресінен өз нұрын алу шарт. Ол енді Алланың кеңшілігі, рахметі деп аталады. «Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхеметі болмаса, Рас Алла өте жұмсақ, ерекше мейірімді.» (24-20) Рас Алла деп әрбір үмметке жіберілген пайғамбарлары яғни Алланың ең жақын сүйікті құлдары арқылы көрсетілген нұсқаулармен, рухани дәлелдермен берілген кітаптарды ескертеді. Сондықтан Мұхаммедтің үмметімін деген әрбір мұсылманға тура жолына бағыт, ұлықсат алу пайғамбарымыздың шапағаты арқылы яғни аян арқылы кездесіп, пайғамбарымыздан тікелей батасын алу керек. «Ол, өте жұмсақ, мейірімді!». Бұл жағдай сөз өнерін, астарлы сөздерді және мінездің алты сатысын толық меңгеріп; Алтауды араздастырмағандар, «жер емшегі мен шал емшегін» толық емген құлдары үшін; «Кітап бергендер, оны (Мұхаммедті) ұлдарын танығандай таниды. Сондай өздеріне зиян еткендер, олар сенбейді.» (6-20) Ал ұлдарын тану дегеніміз дүниелік қатыныңның туып берген балаң емес, рухани өміріңдегі нәпсің мен жыныңды, мінезіңді қоса тәрбиелеп шығарған періште балаң — иманыңды ескертеді. Иманыңды тану үшін немесе адасып кеткен ұлыңды табу үшін түс ғылымын меңгеру шарт! Пайғамбарымыздан; «Мені түсінде көрсе, шын мәнінде көреді, ал шайтан менің бейнеме кіре алмайды» (2085-аят).

     Енді бұл хадистің екілік жүйедегі мәні 15 санын беріп жоғарыдағы 15-сүрені ескертіп тұрғанын білуге болады. Ал пайғамбарымыздың исламды толықтырған негізгі сүресі «Бақара» болып; «Біз өзіне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтірген. Кім кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер.» (2-121). Екілік жүйеде бұл кітап әрбір тура жолға түсірілген мүміннің ортақ кітабы 31-, 13-сүрелер, кітаптары болып табылады. 13-ші сүре 13 түрлі қасиеттерді меңгеру мен әулиелік сатыларды, иманды, ізгілікті істерді толық меңгеріп тақуалық, сабырлықтың шыңына шығу болса, 31-сүре «Лұқман» емшілік, даналық, пайғамбарлық қасиеттерді толық меңгеру болып есептеледі. Бұл есептік жүйемен әулиеліктің, әмбилік мұғжизалар мен бақсылық істерді меңгергендер Алланың сүйікті құлдары, достары яғни «құл қожалар» деп аталады. Оған себеп бұл қағидалар тура жолға түсірудің пайғамбарымызға және үмметтерге берілген ортақ кітаптардан үлес алу болса, енді құран ішінде пайғамбарымызға және құран түсірілгенге дейін келген пайғамбарларға берілген мұғжиза, жасырын ғылым кітаптары да бар. Сол көмес жасырын кітаптарға жалғанып, өзінің жеке үлесіңді, несібеңді кеңітудің шарты яғни бұрынғы надандық дәуірлерде тек керемет істер арқылы көрсетілген кітаптардың егелеріне, сүйікті Алланың достарына иманыңды жалғану арқылы енді олардың нақты сан ғылымын, білімін алып оны сөзге, насихатқа және адам жан сырының құпияларын, емшілік шипаларды меңгеру арқылы көрінеді. Демек әрбір мұсылманның дін жолында іздену еңбегінің арқасында Алланың сүйікті құлы «қожа» болу әрбір пендеге ортақ нәсіп болып есептеледі. Ал мен туғаннан қожа болып немесе қожа руынанмын дегеннің өзі Аллаға серік қосып, құран аяттарына, кітаптарға күдіксіз ортақ қосып өзіне зұлымдық жасау болып есептеледі. Оған себеп, егер қожамын десең онда жаратқаннан алған жеке кітабың, дәлел, хикметтерің болып және оны іс жүзіне асыра білген құл қожа – мүміннің көрсететін кереметтері мен ғылымы да қоса болу шарт. Сондықтан аятта; «Кімге ғылым берілсе, онда оған мол игілік берілді» деп ескерткен де, ал ғылым берілу көп кітапты талғамсыз оқып білімді аталу емес, онымен қоса Алладан түсетін құпия аяттарды аянмен көріп, уахи-батамен естіп, алған жинаған біліміңнің ақ-қарасын ажыратып, екшеп, салыстыра отыра құран аяттарының құпия сырларын меңгеру деп біліңіз. Сондықтан аятта; «Мұхаммед: осылайша саған кітап түсірдік. Сондықтан өздеріне кітап берілгендер оған сенеді. Және осылардан (араптар??) оған сенетіндер бар. Аяттарымызға кәпірлер ғана қарсы келеді (47) Сен бұдан бұрын бір кітап оқымаған едің де оны қолыңмен жазбаған едің. Егер ондай болса еді, әрине бұзықтар күдіктенер еді. (48) Олай емес. Негізінде Құран, өздеріне ғылым берілгендердің көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді. (29-49).

    Бұл аяттан пайғамбарымызға ғылым жеке кітап болып аян, уахи-батамен оқылғанын және оның бұрынғы түсірілген кітаптармен және өзге елдердің дін істерімен, ғұрыптарымен сәйкестік болып, бірақ пайғамбарымызға жаратқаннан берілген екеніне дәлел пайғамбарымыздың сауатсыз және арап тілінен басқа тілді білмеуімен көрінеді және білімділіктің белгісі көңілдің кеңдігінде, тазалығында болатынын ескертеді. Бұл аяттардың түсуіне негізгі себеп сақтардың тікелей ұрпақтарының Укаша сахаба басшы болып «Ізбөрі, Бестаңба» кітабының көшірмесін апарып көрсетіп таныстыруымен және оған дейін пайғамбарымыздың келтірген хадис-аят, араптарға үйреткен сүннеттерімен сәйкес келуімен араптардың имандарының бекуіне, хақиқаттың ақталуына үлкен негіз болған. Енді аят ішіндегі тәпсіршілердің осылардың деген сөздің жақша ішіндегі (араптар) деп аудармашының түсіндірмесіне қосымша сөздегі сұрау белгісін қойған себебім, бұл ұғым аяттың сандық мәнімен мүлде сәйкес келмейді. Жалпы арап халықтарына арап тілімен ортақ кітап 104-ші болып арап елдеріне ескертулер болса, ал құрайыштарға, Меккеліктерге 43;143 санды аяттармен ғана осылардан (араптардан) деп түсіндірілуі керек. Ал 47; 147 санды аяттар негізінен түріктердің номадтық нәсілдеріне-(47) оның негізі қазақ елі біздер болып құранда түсіндіріледі. Мұхаммед пайғамбарымыздың құрандағы меншікті сүресінің өзі 47; 74, ал екілік жүйеге қайта түрлендірсек 11-сүре «ҺҰТ-аб» болып Мәдінің (Мағди) сипатын Нұхтың ұрпағы Алты алаштың негізгі пайғамбарын көрсетеді. Олай болса ғылым берілгендерге кімдерді жатқызу керек екенін ақылыңызды еркіне жіберіп, аяттарды санап және ойлап көріңіз?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *