Құран үгіті және ой зейнеті. Зейнет-ақыл,ойдың сапасы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 1

        «Қараңғылыққа түсіп, одан алғашқы оянған жұрттың дінге деген ықыласы қарқынды келеді. Әдет, заң, тіл секілді өзіндегі барды кемге санап, соларды жылдамырақ көңілдегідей өзгертуге салынады. Бұл салада өзара жарыс басталып, қарқынды жарыста, екпінді жұмыста елдің елдігіне негіз болып тұрған нәрселерін де абайламастан өзгертіп кететін болады.» (Халел ойшылдан)»

        Егер бір халық өзіне идеялар (ұлттық насихат) мен өзге әдет-ғұрыптардың ықпалына түсіп, оларды өз ұлтының ерекшелігіне райлас өзгертіп, игеріп сіңіруге күші жетпесе, онда ол халық та саяси өмір сүре алмайдыӨзіндік даралығы жоқ, қуыс кеуде адамдар қандай болса, ұлттық белгісі, бет-бейнесі жоқ халық та сондай.» (Белинский).
Негізгі қазақтың осал жері де ұлттық даралығымызбен жаңалықты таңдамай қарқынды меңгеруге тырысатын Абай атамызша: «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды..» «Әр кезде қоғам тіршілігі өнімсіздікке ұшырап, іштей жұтай бастағанда, заман әуеніне қарай не дінге, не саясатқа қамшы басады. Осы екеуінің қайсысы болса да, қамшы басқан елде ішкі жегі құрт бар дей беріңіз. Көбіне сол жұтаудың себепкері-басқарушылар, басшылар болып шығады.» (Ғабит Мүсірепов). Осындай ұлттық ерекшелік мінезімізден және өзіміздегі ғұламалардың, даналардың қалдырған насихат, аманаттарын сіңіруге құлықсыз, кемге санап, ал арап тілін меңгеріп, өзге елдің әдетін насихаттағандарға сенгендігіміз соншалықты, не айтса де құдайдың өзі айтып тұрғандай сенеміз, ғылымды, білімді адамдардан да жас болса да құранды жатқа білгенді пір тұтамыз, табынамыз. Қазақ елінде рухани да шаруашылықта да жұтаңдықтан шығуға дінге де, әлемнің бар жетілген шаруашылық салттарын меңгеруге де қамшы басқан ел билігіндегілер өз ұлтымыздың негізгі рухани құндылықтарын теріске алған «Жегілер», яғни шайтан жамағаттарына айналғаны да хақ. Ал дін саласында бұрынғы ескі жындылығымызды қайта тауып, кезінде құранды меңгергендер мен араптан келгендердің бәрін түгелдей қожалар атап, төрден орын беріп, жеке қазақтан бөлек ұлт қылып мойындап та қойдық. Кезінде қандай да бір дін болмасын шіркеулерден, мешіттерден мектеп ашып, халық сауаттанатын, балаларын білімге үйренетін мектептер болып, кейіннен білімнің сан салаға бөлініп күрделенуімен арнаулы ғылым саласына айналып, елдің өркениетін қалыптастыратын мәдениет және шаруашылық, саясат саласындағы ел билеушілері 50 елдің қатарына қалайда қосыламыз деп қамшыны басып, нәтижесінде ұлттық ойшылдық біліміміздің, ұстанымдарымыздың діннің бір бөлшегі екенін ұмытып, тіптен үкімет діннен бөлек деген ұғымды тауып алдық. Оған себеп балалардың және адамзатқа ортақ берілген намаз оқудың ірге тасы білім алып, сабақ оқуды да намаздан бөліп, тек құран аяты арқылы намаз оқуды ғана намаз деп атауды әдетке айналдырдық. Ал дін рәсімдерінің де бөлшектеп; Намаз оқу тәубе, кешірім сұрау амалының және адамзатқа берілген 12 «балық» – тәубе несібенің әрқайсысына тән намаздардың да 12 түрлі орындау, сыйыну амалдары болатынын жоғалтып, оған мұсылмандық қарыздардың орнына қажылықты ойдан қосып, мұсылманның бес парызы деп дінді тағы шектеп алдық. Олай болса, Інжілде ескерткен рухтың түрлерін ажырата білетін қасиеттерді, дарындылықты да жоғалтып алдық.
Осындай кемшіліктерді түзеуге рухтан міндетті берілетін ескертулер мен хабар келтіретін қазақ аталарымыз меңгерген түс көру, аян, бата алуларды жын шайтаннан деген сенімді қалыптастырып, діншілер өзінің түсін айтпақ түгіл түс көргенге де тыйым салады. Ендігі жерде мешіттерде, болмаса баспасөз беттерінде түс көрдім, хабар алдым, қуаныш немесе қиындықтар келеді деген қарапайым ақын, жазушылар болмаса, ел басшыларының, дін өкілдерінің имам, молда түгіл хазірет, шейхтардың да үгітін кездестірмейсің. Ал сауықтыру дарыны, емшілік істері жаратқаннан сыйға беріліп және оны меңгеру, жетілдіру ислам құндылықтарымен біріктіру жолында қызмет жасап, әрі үйренушілерді «серік қосып» (жалған сөйлеп) Аллаға теңдестер жасауда, Алланың ісіне араласқандар деп қудалаудан жалығар да емес. Оған себеп, өздерінің иманы келіп зейнеттелмек түгіл, толық сенім қуатының ар сауытының жетілмей, Алла жібінен, кітаптарынан айырылғандықтан деп түсінуге болады. Болмаса құранды жатқа білетіндер, құран аяты жүрегіне зейнеттелген болып, қанында жарық пайда болса, онда жан ғылымын меңгерген болып; шығармашылық, емшілік істермен және дұғасының қабыл болу қасиеттілігімен жамандықтарды алдын-ала болжап, сақтандыра алу қабілетімен, яғни осы белгілердің негізі болған аян, түс көру, жору білімін меңгерумен ерекшелену керек еді. Бірақ, қазіргі таңдағы өздерін «намазхан» және барлығы тұтастай өздерін тура жолда болушылар атаған мұндай діншілеріміздің жазылмайтын әр түрлі аурулардың емін ажыратып, құран аяттары арқылы емдемек түгіл, қарапайым арамнан, арақтан, темекіден, көз тию, өзіне-өзі қол жұмсау, қояншық, талма, т.б. сияқты әулие аталарымыздың меңгерген қарапайым амалдарды құран аяттары арқылы дем салу, сауықтыру қабілетін неге білмейді? Егер ондай құран аятынан ем-шипа түсіретін рахметін алмаса, онда құран аяттарын зиянына, теріске алумен жалғандыққа түсіп, серік қосып, өздеріне зұлымдық жасаған, Раббымыздың көрсеткен белгілерінен, үкімдерінен шерік қатумен, аяттарына ортақ қосушылардың қатарынан болып табылады да сенімдері өлген, жүректері рухани жетіліп әлі тірілмеген! Енді сондай қателіктерін, өлі сенімдерін жасыру мақсатында пайдаланатын амалдар мен себептеріне тоқтала кетейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.