ҚЫРДА ӨСЕР ГҮЛДIҢ БӘРI ӘДЕМI,

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 95

ҚЫРДА ӨСЕР ГҮЛДIҢ БӘРI ӘДЕМI,
ТАМАША ҒОӢ ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ӘЛЕМI!

***  ****

Қырда өссін, үйде өсір гүлдерді,

Гүлдердің киімдері әдемі.

Құдай өзі киіндіріп гүлдерді,

Қыздарды осылай өсір деп еді.

Қыздарымыз қызғалдақтай өседі,

Әуреттерін ашып шығып көшеге

Жапырағын текелер жегенді.

Шашын жайған жесірлердің әлемі,

Еркек шора гүлі ашылмай он екі

Несібесін жанының жоғалтқандар,

Бір мезеттік қыз-гүлі де өледі.

Гүлден әлсіз бүгінгі қыз ғұмыры,

Тамырынан нәр алмаған қылығы.

Ашпай жатып солып қалар жабайы,

Анайы қыз сорлатып жүр талайды.

Туса бала тағдыры боп талайы,

Бейкүнә өмірін тозаққа арнайды.

Шырқыраған талай қазақ баласы,

Арсыз болған анасын да қарғайды.

Етегі жоқ, үйі болмай жабайы,

Қаны азып уы бойға тарайды.

Улы гүлдей аңды ұстап қан сорғаннан,

Улы жылан ұрпағың ғана тарайды.

****   ***

Көктем мінез жас қызға жарасады,

Мінезі құбылумен ақылы толысады.

Бойжетеді ой тазарып, ақыл толып

Аңғарымпаз, сезімтал боп нәзік жаны.

От анасы әрбір үйдің қабырғасы,

Еріне серік болған ақылдасы.

Жазы келіп дән беретін мезгілі бұл,

Көктем сезім мінезімен қоштасады.

От анасы құбылмалы мінезі бар,

Шайтаны қанында түртіп тұрар.

Сабыр жоқ жас қызша қылмыңдаған,

Құбылмалы қатын ердің соры болар.

Жаулығы жоқ қатында кемістік бар,

Жын-шайтаны қосылып түртіп тұрар.

Европаның салтымен жаны өлген,

Етексіз қызда бой жоқ жазға айналар.

Көктемдей гүл қыздар өнбей солар,

Бойы толмай кемісі көп есі азар.

Дүниемен бағалаумен өмір парқын,

«Үйсіздің»- күйі де жоқ қатын болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *