Жүніс пайғамбар мінәжаты

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 50

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Қиын қыстау кезімде, Құдай Ием,

Сыйынғанда саған, жауап бердің Сен.

Мен тұңғиықтың терең түпкірінен,

Сенен көмек сұрап жалбарынған ем.

Шақырған даусыма құлақ салдың Сен.

Мені терең  тұңғиыққа теңіздің,

Түбіне лақтырған едің Сен.

Айналам түгел тек ағыстармен,

Соққылады қарқынды толқындармен.

Барлық өмір өтті мынау көз алдымнан,

Құтқар деп мен өзіңе жалбарынғам

Аласталсам осылай көз алдыңнан,

Киелі үйіңе қайтаршы деп қайтадан.

Су басып тартып мені құшағына,

Қорқытты балдырлар оралып басыма

Су асты түстім мен тау түбіне,

Сол жерде мәңгілікке қалғаным ба?

Бірақ Сен жаратқан Ие, Құдайымсың,

Тұңғиықтан жанымды құтқарушым.

Көңілім құлазып үмітім өшкенінде,

Уа, Тәңірім, Сені алдым мен есіме.

Мінәжатым құлағыңа жетті ме,

Сенің көктегі киелі үйіңе.

Жарамсыз да жалған тәңірлерге,

Рахым күтпек болған Құдайынан,

Табынушылар безеді мұндай кезде.

Ал мен Саған әніммен шүкірлік айтам,

Сый-тарту ұсынып антымда тұрам,

Құтқарылу келеді деп тек жаратқаннан!

(пайғамбарлар жазбасынан)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *