Қырықтың бірі Қыдыр

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 368

Қырықтың бірі, деп Қыдыр
Сыйлы еткен қонағын
Ұстанып мықты салт-дәстүр,
Адалдан беріп астарын.

Қонақтың көңілін аулаған
Құдайындай сыйлаған.
Қабағына  түсірмей кірбіңді,
Ақ батасына қол жайған.

Жолаушының жолдасы,

Аруағыңмен қолдауы
Қыдыр Ілияс деп өзі,

Күмәнсіз еді нанбағы.

Бәйек қағып сыйлаған,

Әдет-ғұрып қалмаған.
Сол дәстүрін бүгінде
Қазақтан болды ұмтылған.

Көңіл-қошы тарылған,
Әулие жүзін алмаған.
Жолаушының жолына,

Ақ сөзі жоқ арнаған.

 
Жеңілдік тілеп дос болған,

Аруағымен жалғанған,
Қыдыр Ілияс бабаның
Батасынан құр қалған.

Киелі жерге ат басын
Бұра жүрген қазағым.

Оқып білген құранын,

Ақиретке қуат қосатын.

Тілеуін тілеп ата-ананың

Құрметтеп Алла достарын.

Бір Құдайға сыйынған,

Жеңілдет, деп азабын.

Ризалығын алып өлінің,

Берекетін сұрап тірінің.

Иманды сұрап келтірген,

Денесі Алла біздерден.

Алланың білсең уағдасын,

Өліден алар мирасын.
Қағылып жүрсің нұрыңнан,

Иманды қайдан аласың?

Құпия білім алатын,

Ғылымы жанға жазатын.

Мұсадан қалған ғибраты,

Қызырдан сабақ қонатын.

Жалғанар ілім төбеге,

Таматын майы жүрекке.

Қырқа асырып қожасын,

Тоғыз кісі келіп тегіне.

Қол жайып тілеу тілегің
Аралап зират жерлерін.
Бұрынғының нығметіне
Жалғансын табан белдерің.

Күзетер сенім қонағын,

Жаныңа қуат иманың.

Түспесе қазан ошақтан,

Таусылмас иман жиғаның!

(Шілде 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *