Сөз мінезі-елдің киесі

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 58

Қара жер тартар тәніңді
Бұйрығы келсе өлімге.
Ақиретке дайындық
Кеш болар жатып көріңде.

Әзірлігің болсын тіріңде,
Өтпесін бос күніңде.

Ақынның айтқан өлеңі,

Құраннан болмай үндері.
Пайдасы болмас халыққа

Сезімге байлап жүрмегі.

Құтқармас оны азаптан
Жүректен шықпай сөздері.

Жақсы сөз үннен тарқатқан,
Санменен пар-пар өлшемі.

Артығын қиып, дұрыстап
Келістіріп сөздің ойын бақ!

Жүз жыл сайын түрленер,

Атау сөздің үнін тап.

Мұхаммедке оқып құранды,

Сүнетімен ісі жалғанды.
Өлеңге салып ақындар,

Сөзбен үнін қоспағы.

Үш теңге Дәуіттен қалғаны,

Сөздердің болып жұмбағы.

Мұхаммед, Мариям, Абай боп,

Сауыты ардың болмағы.

Сөзімен күміс Алланың,

Көкейге салып жырланды.

Сауытын ардың тоқыған,

Зейнетің кебенек қорғаны.

Жеті үнімен құранды,

Жолымен ата жалғауы.

Бейнелеп сөзбен ақындар,

Жыраулардан үлгі із қалды.

Ақынсып көмей тазартпай,

Сезімен күйлеп жалғанды.

Үніне құран жалғанбай,

Жетесіз ақын боп алды.

Еліктеп сөзді жазғаны,
Адастыру үшін басқаны.
Артық сөз үшін күнәңді,
Тосасың  жүкке арқаңды.

Болмаған есек кім қалды?
Ғибартын сөздің алмады

Арқалап жүр білім кітабын,

Өлшенбей сөздің салмағы.

Аузыздан сөзді түземей,

Теріс ойдың буы артпағы.

Жылан болып бейнесі,

Оралып бойды бұзғаны.

Аузы күйер күн алда,
Ақиретін ақын еске алса.
Ауыз бағып сөзді түзер ед,

Дәстүрін баба ақтаса.

Баршаға болсын насихат,

Тарихтан тағлым алып хат.
Күлдіргі сөзбен Құдайдың
Ажарын бұзба адамзат!

Құдайдың атынан келістіріп,

Билемек елді жөн көріп.

Болашағын елдің болжама,

Құдайсыз қурай сындырып.

Иманың болса жүректе,

Таласпа босқа билікке! 
Азаптың ауырына салатын,

Құдайдан уәде бұл күнде.

Ел билік халық сынағы,

Рахмет әлде азабы.

Мас болса билік дүниеге,

Қиямет сағаты соғады.

Заманда тағдыр тұрағы,

Түсірген Құдай жобасы.

Әр пенде өзін түземей,

Түзелмес елдік жалауы.

Өмірде болып жолаушы,

Ақиретте ойдың талабы.

Ақылға ойды қоса алған,

Иманмен білім алмағы.

Сөз мінезін түзеген,

Әскерің болар күзеткен.

Ұзақ жол сапар шекенде,

Қайтуға келген ізбенен.

Буынан Құран сөз алып,

Таза ақыл нұрға жалғанып.

Бақ қарап қыдыр дарысын,

Қадірін біліп сөздің ой бағып.

Бойыңа жинап зейнетте.
Көктемің орнар жүректе.

Мәңгілік Мен жанды көбейткен,
Ұжданды болар әлбетте!

(Шілде 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *