Рух- діннің бұлағы, иман — діннің жемісі. Ақыл — иман күзетшісі.

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 0

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

«Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман-парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен. Және де әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жә, біз ақылды еркіне жібермесек, (заңмен шектесек) құдай тағаланың ақылы бар кісіге иман – парыз дегені қайда қалады? «Мені таныған ақылмен таныр» дегені қайда қалады?» Дініміздің жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны  (аруақты, рухты) ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, (жетілу, кемелдену, толысу) діннің өзі неден пайда болады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат (намаз) не болады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес, кедейлікті жаратқан-құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе-жоқ.»  (28-сөз)

Адамзаттың іздеген бостандығы, сенім еркіндігі тек ақылдың бостандығынан, таза ақылдан, нанымнан пайда болатынын, ал ақылды бостандыққа жеткізу үшін оның кемелденуін, жетілуін қамтамасыз ете отыра сол арқылы ғана иманды түзеу амалы, яғни адамгершілік негізді, қасиеттерді  меңгеру арқылы ғана діні жетіліп, сонан кейін ғана ғибадат жаса, намазыңды оқы, болмаса ізгіліксіз ғибадат — дін емес деп түсіндіреді. Және көп діншілердің адам баласына келген жамандықтың, қиындықтың бәрі Алланың қалауы, тағдырдың жазуы дегенді теріске шығарады. Адам баласы тағдырын түзеуге жақсылық, ізгілік істер арқылы иманын түзеп бақытқа жетуге болатынын түсіндіреді. Діннің жасырын немесе жалғаны жоқ, оны ақылмен тануды ұсынады. Олай болса діншілердің адам баласының жаратушысымен тілдеспейді дегені өтірік, жалған, серік қосудың нағыз өзі болып табылады. Діншілір «серік»-сөзін  қорқынышты, қауіпті жаман сөз, атау түрінде түсіндіріп, сауатсыз пендені тек әрбір сөзден, істен қаралай үркітуге пайдаланады. Ақылын орынды жұмсаған ізгілікті адам баласына серік-иманы, яғни барлық жасаған, сөйлеген сөздерінің санмен, өріспен бейнеленген көлеңке періштесі және жолдасы. Ал ізгіліксіз, надан, құдайсыз пендесінде ол жын-шайтан яғни ібіліс әскері, жолдасы болып түрлі хайуандармен, құбыжықтармен бейнеленеді.

Енді жаратушыдан Абай атамыз ескерткендей осы адам баласына байланысты болатын жақсылық, жаманшылық, кедейлік, т.б. түрлі жаратылыс себептерінің ереже, қағидаларын, білімін білмей, ой-жорып, діннің шарттарын бұзып, аяттарға, өсиеттерге өзгеріс енгізуге тырысып жорамалдап сөйлеуді, иманға нұқсан келтіретін біліммен амалдар жасауды — Аллаға серік қосу немесе түсірген ақылдарына, сөз, аяттарына, өсиеттеріне теңдес жасау болып шығады. Негізгі иман қағидасының, ақылды қалыптастырудың философиялық тұжырымын жоғарыдағы Абай атамыздың  28-ші сөзінен ұғынуға болады.    Жаратушымыз адам баласымен жаратылыстан дін, яғни сөз арқылы тұрақты түрде қатынаста тұрғандығы ақиқат. Қандай да бір адам баласының тәндік, қуаттық, денелік, ақыл-ойлық және мәдени, әдеби құндылықтарының жетіліп, дамуы тек белгілі берілген жол-жоба бағдарға, яғни дінге тәуелді түрде дамиды, өсіп-өркендейді. Дін баста сөздердің белгілі үнінен басталып, өзара ортамен әрекеттесу барысында уақиғаларға айналып, кітап болып жазылады. Енді бізді қоршаған әлемдегі барлық жанды нәрселерде діні (үні) яғни сөз бар. Сөз бар жерде белгілі бір жоба үн болуы айқын. Сол жанды нәрселердің өзара тіршілік қамынан адамзатқа керекті азықтық өсімдік, жан-жануарлар әлемінен әрбір халық өздерінің әдет-ғұрпына, салтына сай ішім-жем арқылы рұқтың азығын алып отырады.

Бұл адам баласының тіршілік қамындағы күш-қуатын, өсіп-өнуін қамтамасыз етсе, енді арнаулы жанға берілетін білім, ол үнемі ұйқы барысында оқылып жазылып отыратын таза рухани азығы болады. Осы әрбір пендесіне жүктелген рухани азық екі дінді (мен) жетілдіріп, адамзат дамуының қажетті рухани қазынасына, өркениетіне айналдыру үшін белгілі сүйікті құлдары арқылы оқылған, көрсетілген бағдарлама кітаптарын біз дініміз деп қабылдаймыз. Осы діндердің жалпы сан алуан ұлттардың жер бетінде біркелкі дамуын қалыптастыру үшін жаратушымыз тәндік қалыптасу шамасына қарай әртүрлі қуаттық шамалардағы діндерді міндеттеп, діні өркендегендерін төмен артта қалғандарымен арасында бір-бірімен сынақтар, соғыстар, аштықтар, апаттар арқылы бір-бірімен араласуына мәжбүрлеп, кейбір діні азған елдерді мүлде жер бетінен жоғалтып басқа нәсілдер ішінен қайта жаратып, адамзаттың өркендеуін діндерінің бірленуін қамтамасыз етіп отырады. Уақыттың айналадағы табиғат, жер әлемінің түрленуіне сай адам баласы осы белгілі берілген тұрақты діндер арқылы артығын тастап, кемісін толтырып дінін, мәдениетін жетілдіріп отыру шарт. Болмаса басқа рухани дамыған елдердің мәдениет ықпалдылығына түсіп, жұтылып нәсілдік өзгерістерге ұшырауы сөзсіз. Оған қарсы тағы адамзаттың ойлау жүйесін дінін қозғау үшін теріс азғындыққа қара күштердің ықпалына түсіп теріс ойларды дамытуға бағытталған қарама-қарсылық діннің де болуы шарт.

Діндердің барлығының екі негізгі мақсаты бар. Біріншісі адам баласының ойын, әртүрлі әрекеттерін белгілі бір шамада қалыптастырып тазартып отыруға бағытталған шектеулер, тыйымдар, белгілі қалыптасқан үлгілер арқылы заманына, ұлттық, жерлік өмір сүру ерекшелігіне сай жетілдіріп толықтырылып отыратын ата заңы, яғни шариғаты болып табылады. Қазақтың ата заңға сәйкес өмір сүреміз дегеніміздің өзі осы дініміздің шариғатына сай тіршілік етеміз деген мағынаны береді. Бір өкініштісі ел басқарған саясаткерлердің, заңгерлердің ойлау даналығы мен сөз түсіну қабілеті жоғалғандықтан дінімізді екіге бөліп, рәсімдік жағын муфтият арқылы шығарылатын пәтуаға, ал шариғи заңдылығын депутаттарға беріп қойып, тұтас дінімізді екіге бөліп, біртұтас елдің партияларға, дін секталарына бөлшектеліп өзара сөз, заң қайшылығын, соғысын қолдан қамтамасыз етіп қойғанбыз. Сонан қазақ мәдениеті де әдебиеті де бөлшек-бөлшек діндердің және халықты аздыруға арналған кейбір қара күштердің ықпалына заңмен өз қолымызбен ұстатып қойғанбыз. Абай атамыздың жақсылық Құдайдан, ал жаманшылық өздеріңнен болады деген серік қосуымыз осы. Екінші діннің саласы ақыл-ойды жетілдіруге адамзат баласының болашақпен байланыстыратын ғылым жетістіктерін, тың ойлардың, қасиеттердің гендік, тектік сапасын жетілдіретін тылсыммен тікелей хабарласып, аманаттарды орындау барысында жеке дін-жанын жетілдіретін даналықтың ақ бұлағын, яғни «Бұлақ көрсең көзін аш» деген рухани бастаудың көзінен келетін ақылды, бабалар аманатын мүлде теріске шығарып бүкіл мемлекетімізбен Құдайға серік қосуымызбен аспанымыздағы рухани бұлақ көздері жабылып, нәтижесінде адам денесінде жаңа заман ақпараттарының, рух суының жетімсіздігінен иманымыз жемісін бермей, ал соның орнына пайда болатын бос кеңістіктерді ұлтқа жат ақпараттармен толтырып, діннің бұрынға замандағы ескі, білімсіз жабайылықтан адамдық кезеңге, ғылым, білімді дамытуға өте бастауын қайта қалыптастырып жатқан жайымыз бар.

Діннің өнімі тұрақты түрде даналық сөздерге, салттық үлгілерге, дәстүрлік шараларға айналып, адам баласына ортақ  дүние танымын қалыптастыратын қағидаларға философиялық көзқарастарды қалыптастырып,  заман өзгерісіне қарай білімін жетілдіріп, іліммен толықтырылып отыру шарт. Сондықтан әр елдің өзіне, үніне, сөзіне сай ұлттық тілдік ерекшелегіне қарай тұрақты өмірлік ұстанымы мен әлемдік ойлау жүйесіне қосылып, елдің өркениеттілігін қалыптастыру керек. Халықтың философиялық ойлау мәдениетін, рухани дамуын қалыптастыратын өз араларынан шыққан пайғамбарлары, сосын елшілері – әулие-әмби, ғұлама ғалымдарының еңбектерін, негізгі ортақ діни ұстанымдармен салыстыра отыра өзіндік өркендеу бағытын қалыптастыру үшін жаратушыдан несібесін артығымен берілген бастықтардың, ел басқарушыларының, ақын-жазушыларының, философ ойшылдардың, саясаткерлердің артынан ерген ой тұтастығын сақтай білген ел қашанда бостандыққа, еркіндікке жетуі керек. Енді еркіндік деген ол ойыма не келсе соны жасау қабілеті емес, керісінше ата заңымыздың, еліміздің негізгі тұрақты шариғатының (конституциялық заңының) аясында әрбір қоғам мүшесі сыртқы тәуелділіктен, рухани мұхтаждықтан азат болуымен ғана айқындалады. Егер елдің мәдениеті, ұлттық дін жоралғылары қандайда бір өзге елдің рухани құндылықтары мен сол елдің ішкі заңдарына, әдеттеріне, ақылына, біліміне байланысты болса ол еркіндікке жатпайды керісінше, сол дамыған елдің рухани отары болып табылады. Жеке адам баласының өмірі сыртқы ортаға басқа қауым және үнемі ел басшы, дін басшыларының ақылына және қылықтарын ойсыз қайталауға тәуелді болса, онда ол рухани азат, құдайдың құлы емес, керісінше сол мүдделі адамдардың құлдығына түскен болып есептеледі. Сондықтан ондай ішкі рухани еркіндігі жоқ адамдардан құрылған қоғамда үнемі кері тартпа пиғылдар мен түрлі ағымдардың тіршілік етуіне жағдай туады да мемлекеттің ыдырап, өзге елдің ықпалына түсуіне, рухани боданы болуға мәжбүр болады.

Ал жалпы рухани азат ізгілікті қауымдық тіршілікті  қамтамасыз етуге үкіметтің саяси, рухани ахуалы да сыртқы мемлекеттердің қандайда бір ойлау, дүние танымдық ықпалынан азат болғанда ғана мүмкін болмақ. Қазақ елінде керісінше, дінді тек намаз және намаз оқу рәсімдері деп түсіндірумен араптардың тіліне, әдетіне, ең сорақысы дүние танымына, жетілмеген ата заңдарына, яғни шариғатына  құлдыққа берумен айналысатын мекемелерді барынша ашып беріп асыл дініміздің, ата заңымыз бен салт-дәстүріміздің жоғалуымен ғана айналысып жатыр. Ал үкіметіміздегі саясатпен айналысатын зиялы қауымның өзге елдің ойына тәуелділікті қалыптастырып, тек шаруашылығы дамыған елдерге «бәрекелде» дегіземін деумен бүкіл жақсы-жаман әдетін халыққа күштеп сіңіруге тырысып жатқан жайы бар. Ұлттық сана-сезімнің дербестігін қалыптастыратын мәдениет ошақтары осы жоғарыдағы екі түрлі саясаттың жетегіне түсіп екі жүзділік дүние танымды ұстанумен айналысады. Қаражаты барлардың тартатын сыбызғысына айналған. Онда біз қалай әлем алдына өз жетістігімізбен танылып жатырмыз, құрметтеуге де лайық болдық деген заңды сұрақ туындайды. Әрине қазақтың рухы толық жойылды десек онда күнәкәр боламыз. Қазақ рухын сақтап отырған орта топтың ақын, жазушы, ақсақалдардың және қарапайым қазақтың өз салт-дәстүрін жоғалта қоймағандардың арасынан шыққан әкімдердің, ел басқарушы, дін саласында да қызметшілердің аруақ заңдылығын бірі ашық, бірі жасырын құпия, біреулеріміз әйтеуір аталарымыз осылай жасаушы еді дегендей көргенділігімізді жоғалтпағандықтан, осындай салыстырмалы түрде ғана жетістіктерге жетуімен ғана мақтана аламыз.

Қазақ елінің дінші қауымы да қанша масһабпен, шариғатпен шектелемін дегенмен бәрібір халықтың ырқына амалсыз көніп, тарихат, мағрипат амалдарын еріксіз үзіп-жұлып орындауына тура келеді. Және масһабтан бергі дін өркениетіндегі қалыптасқан ұғымдарды пайдаланып, бірақ өлшемей алғандықтан өздерінің қандай бағытта, қандай философиялық негізді ұстанып жүргендерін өздері де білмей әбден шатасқан. Оған басты бағдар беріп қадағалаушы философиялық мектебіміздің мүшкіл халін, өз міндетін жоғалтқанынан үкімет басындағылардың және дін басқарушыларының да жалпы оқымысты қауымның адасуына себеп болды. Сондықтан діннің рухани бұлағы болып енді аяғын басып келе жатқан ата жолын бастан құрту керек еді деген әңгімелер көгілдір хабар арналардан қайталанып, қазақтың негізгі дін ұстаным ғұрпына, тура жолдың рухани бұлағына, ішкі еркіндіктерін қалыптастыратын рухани сүндеттелуіне, жан ғылымының қағидасына мүфтият басқармасының ашық қарсы екенін тек діннің тәндік сүндеттелуін ғана ұстануды және тақсырлық (көзсіз, ойсыз бағыну, тәкледи иман) дін ұстанымын ғана қолдануға өз пікірлерін білдіріп және кітаптарында жазылып, халық сонымен үгіттелуде.

Жоғарғы оқу орындарында болашақ ел басқарушы, саясаткерлер дайындайтын философия мектебінің ұсынған оқулығы негізінен әлемдердің діндерінің ой танымдық тарихи шежіресін талқылағанымен және бұрынғы қазақтың дүние танымы мен дін ұстанымының ерекшелігін көрсеткенімен, онан кейінгі ақыл-ой бұлағынан нәр алып, халқын дін-иманмен суарған даналар еңбегіне бағалап, жастарға, білім, ілім іздеушілерге жол-жобалық бағдар беріп ақ-қарасын ажыратудың орнына Абайдай даналықтың, діннің жоғарғы сұлтандық қабілетін меңгерген ойшылдарымызды дінші емес деп мазаққа айналдырған. Ал Абай атамызды философиялық қазақтың дін-жобасын тану арқылы Шәкәрімдей әлемде теңдесі жоқ теологтың, сопы-ғалымның қазақ жерінде өмір сүргенін, еңбегін бағалап, халыққа ашып көрсетпек түгіл  зерттеген ғалымдарымыз да еңбегін толық білмейді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» деген бұндай қылықтарға дана бабаларымыз.

 Енді жоғары лауазымды саясаткер, ойшылдарымыз қазақтың дін өркениетін қалыптастыратын; «Бір ұлт, бір дін» деген философиялық бағытты ұсынып отыр. Оған енді біздердің қарсы қояр ұстанымымыз, әлем діндер бірлігін қалыптастырып, біртұтас ислам туының астына жинайтын, ақыл-ойды иманмен өсіретін және болашақта әлемді апаттардан, халықтың азғындығынан құтқаратын Ясауи ілімінің жалғасы «Бір ұлт ал ұстанымыз бүкіл халықтық біртұтастық дін!», Ата жолы – Абай жолы деген қазақтың салт-дәстүрге айналған дүние танымын зерделеп көруді ұсынамын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.