Салт-дәстүр және шариғат арқылы зейнеттелу.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 113

      Құранның арап тіліндегі үгіті мысалдар арқылы түсіндіріліп, яғни құран түсірілген уақытқа дейінгі тарихи оқиғалар және оның қиямет-қайымға дейін қиямет мезгілдері арқылы қайталанып отыруымен адамзат қылықтарының да, яғни нәсілдердің түрленіп, қайталанумен де күнәлардың да қайта бейнеленуін және соған байланысты сынақтар, азаптар жазасы баяндалады. Осындай үнемі қайталанып отыратын тарихи оқиғаларға байланысты пайғамбарымыздың күнәдан тазару ізгі істері мен сол күнәларды қайталамау үшін айтылған өсиеттері,

 басты шариғи істердің негізі болып қаланған. Ал Құран насихаты құпия аяттар түрінде беріліп, ол тек Алланың толық сеніміне жеткен құлдарына елшілеріне оқылып, заман өзгерістеріне қарай намаздар амалы болып, қосымша орындалып отыруға және кейінгі ұрпақтарға үлгі дәстүрге айналдыру шарт. Қарапайымдап казіргі кездегі өмір тынысымен түсінсек; Үкімет шығарып жатқан заңдар, негізінен бұрыннан қалыптасқан ұлттық, жерлік шаруашылық, кәсіптік ерекшелігімізге бейімделген негізгі ғұрпымыз, ата заңымызға сүйене отыра жаңадан заман, шаруа, әртүрлі сынақтарға, тұрмысқа байланысты заңдар қабылданып отыру шарт. Бірақ өкінішке орай, әлемде де қандай да бір жаңа заңдар жүйесі, қазіргі таңда болған немесе жасалған күнәларды қайта болдырмау үшін жазалау мақсатында ғана қабылданады. Яғни, тарихи оқиғалардың соңынан ілесіп жүруге негізделген. Ал дінде керісінше, болуға тиісті апаттардың, күнәлардың алдын алуға, яғни шектен шығып, күнәлі болмыстардың қақпанына түспеуге, жақсылық, ізгілік жасау мақсатында қалыптасқан өмір сүру заңдылығына, заман ағымына намаздарды бейімдеп отыру үшін, Құран аяттарының насихаты шындыққа (аянға) айналып, заман білім жетістіктеріне сай сүйген құлдарына оқылып, жаңа нұсқаулармен толықтырылып отыру және тура жолды үнемі жетілдіріп жалғап отыру шарт. Ал сол оқылып жатқан, көрсетіліп тұратын жаңа заңдылықтарды, хабарларды жеткізушілер, дарындылар, яғни тақуалар болып табылады. Олай болса тек «намаз оқу» арқылы ғана дарындылыққа немесе тақуалыққа жетуге болатын болса, онда тәуба, шүкір амалдарының және ғибадаттың үштен бірін орындаса болды деген ұғымды береді.

      Ғибадат амалдары бес уақыт намаз оқумен бірге зекет, ораза, неке адалдығы, арам жемеу, қажылық, т.б. мұсылманға тән негізгі амалдар жинағы болып табылады. Ал бұрыннан да мұсылманның бес парызын орындау арқылы өзін тақуа, сопы санағандар қашанда қазақта болған сондықтан; «Айдағаның бес ешкі ысқырығың жер жарады.» ,«Есің кетсе ешкі ғана бағып, сопымын деп суға тыш.» деген мақал қалған аталарымыздан. Намаз оқу ғибадаттың тәубесі және рухани негіздегі, тіршілік барысындағы бір жұма мен келесі жұма арасындағы біліп, білмей істеген жамандық, қателіктерді тазартып отыруға ғана пайдалы болып, ал негізгі тәубені, ахиретті еске түсіріп, Алланы еске алып, мадақ айтып, сүйген құлдарына сәлем беріп, намаздарын орындамай және шүкірлік істерімен Рахманға сәжде жасамай, әрбір жеке-жеке пенделеріне көрсеткен намаздарын, аяндарын, түстерін амалға айналдырып, тақуалық қалыптасу мүмкін бе? Және ізгілік істермен жұмыс жасап, одан еліне, жеріне, үкіметке салық зекетін төлемейтін және көркем сөйлеуді мақсұт тұтпай, ана тілін шүлдірлеп, шұбарлап аманат, уәделерін менсінбейтін, діннің дарындылығы – сұхбатты теріске шығаратын, қандай үлгілі, өнегелі ғибадат?

        Қандай да болсын намаздық амалды тұрақты үзбей орындау ғана нәтижесін беріп, аманатты орындау болса, намаз оқу арқылы әрбір ғибадаттың, құлшылық амалдарының ортасын тауып, діннің заманға сай түсетін нұсқаулардан пайда болатын діннің жаңа ұғымдары мен адам баласының ақыл-ойының, ұлттық философиялық даму ерекшеліктерін жетілдіру арқылы әлемдік ақыл-ой өркениетіне өз үлестерін қосып отыру шарт. Енді заман белгілі дәуірлік уақыт кезеңіндегі уақыттың қозғалыстық білімі болып, ал намаз енді осы заманның ішкі қозғалыстық білімін, даналықтарын меңгеру болып саналады. Яғни, заманның қозғалыс себебінің қол қабысы, себепшісі намаз болып, ал оның ортасы намаз оқумен білінеді. Сондықтан бұл намаз оқудың да үш түрлі оқылу жағдайы болып және ішкі сырының екі белгісі болу керек. Бірінші негізгі адамзатқа ортақ намаз оқу, яғни заман білімін меңгеру оқу болса, екіншісі; заман құпия сыры ілімін меңгеру, яғни бес уақыт сәжде және құран мен киелі кітаптарды да оқу. Ал үшінші жағдайдағы намаз оқу түрі де, бүкіл әлем діндері және адамзатқа да ортақ ақирет білімін меңгеру, яғни аян, түс көру, жору ілімін меңгерумен осыған байланысты амалы, яғни төртіншіні түгелдеу, намаздардың амалдарын орындау сипаты пайда болады. Және осы намаз оқудың негізінен ғана пайғамбарлық қасиеттердің, елшілік істердің ақ бастауы болып, барлық заман өркениетін алға қарай өрістететін білім, ғылым негізі болып саналады. Сонымен бірге адамзат ақыл-ойының заманға қарай даму ерекшелігі де осындай намаздарды орындаумен ғана айқын болатыны да хақ. Және осындай жағдайлармен ғана заманына қарай намазына айналатын философиялық, әлеуметтік (логика, діл) ақыл-ойдың жетістігіне байланысты, құран және киелі кітаптардың, ата-баба өмір тәжірибесінен қалған аманаттармен өлшеу арқылы заман біліміне сай ата заңның, мемлекеттің ішкі саясатының, адамгершілік борыштар мен біртұтастығын қалыптастыру, құран ғылымын, заңдылығын қорғау, ұлттық құндылықтарды сақтау, жас ұрпаққа білім беру, мәдениет орындары арқылы зейнеттелуін, халқымыздың діл бақшасының дұрыс өнім беруін қамтамасыз етуді қадағалау және осы тұрғыда рухани кеңес жәрдем беру де дін ғалымдарының, тақуалардың, жалпы дінді меңгерген қауымның әсіресе ер азаматтарының борышы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *