Жалпы қандай адамның санасы сол өзі өмір сүрген ортаға, ұлттық ерекшелік тілге, ұстанған дәстүрге және тәрбиеге тәуелді. Халықтың сана сезімін ашу керек, жетілдіру керек, сол үшін қаражат керек деп сайрап жүрген ақылдылар жеткілікті қазақ елінде. Теледидардан көріп те жүрсіз, айтылып та жатыр. Сол сананың қайда болатынын сезімге, түйсік, ойға қалай немен әсер беріп, қалай ашады толық түсіндіретін ғалымды естіген жоқпыз. Неге бай мемлекеттер ақша бөліп сатып алып саналы мемлекетке айналып бақытты өмір сүре алмай жатыр? Әлде болғысы келмейтін шығар? Жоқ оны сананың сапасын біз біле алмаймыз және ақылмен де ойлап та табу мүмкін емес. Көре алмаймыз. Екі ортада перде бар. Сананың да жұптық және тақтық екі белгісі бар. Жұптық сана таза сана болып, тек қана тылсымнан келетін құпия хабар аянға ғана тәуелді. Жаратушымыз ниетіне қарай өлшеп пішіп қойған. Дінде зейнеттелген иман деп атайды. Иман тек жанға аянмен беріледі, түспен тазарады. Сол иманның өзіндік дәрежесі бар. Сондықтан аятта: «Ол дәрежелерді көтеруші, ғаршының иесі. Жолығатын күнді ескерту үшін құлдарынан кімді қаласа, өз бұйрығымен уахи түсіреді.» (Ғафыр-15) Мұсылманмын деп топтарға бөлініп, әр түрлі құлшылық рәсімдерімен жарысып жүргеніміз Алла тағаланың қалаулысы болу, яғни уахи (аян) алу болса, оны қарапайым ғана Құранда түс деп түсіндіріп, мысал ретінде толық бір сүрені түсірген болса, ал дін танушылардың «түс шайтаннан» немесе елемеуге тырысып бағуы Ібілістің иманға құрған қақпаны деп біліңіз. Бүкіл тарих болсын ғылыми жаңалықтар тек тазартылған түс, аян арқылы берілсе оған қазақ дін танытушыларының қарсыласуын қалай түсіндірер екен? Қанша сәждеге жығылып күні-түні намаз оқып пайғамбар сүнеттерін орындағандай бола бер, бірақ Алла тағаладан келген дәлелдерге көңіл бөліп, мойын ұсынбасаң намаздарды да, пайғамбар сүнеттерін де орнымен орындау мүмкін болмайды, демек иман өспейді, дамымайды.
Адамзат үшін көкпен байланыс, Алла тағаламен тілдесу белгісі, Алланың әрбір құлына түсіріп қойған «Жібі» түс көру ерекшелігі көп қазақ үшін үзілгені қашан. Оның нәтижесін қазақ дін танушылары да көре бастады. Бұл ауру бүкіл ислам елдерін қамтып, иман әлсірегесін дін қуаты да әлсіреді. Құлшылықты түбегейлі намаз оқу деп түсініп, намаздың тек сәждесін алып, зікірдің есебін білмей, аят ескертуін қаперге де алмай, айқайлап зікір салып, тек арапша пікір айтып, шүкірге тыйым салып, халықты пышақ үстінен қалаған жағына бұрып, шариғатты шексіз жол қылып, сырттан келген кезбелерге үлестіріп жатырмыз. Меккелік араптарға ғана жаратушымыз жеңілдік беріп, намазын жеңілдетіп Құранға пайғамбарға куә етіп, діннің ортасы етіп «орта топ» деп ат қойған да, тек 13-тен кейінгі амалдарды орындауға жеңілдік берілген. Қалған елдерге есту, көру, ойлау қасиеттеріңді дамыт деп, өмірді түсініп ғылыммен жұмбақтарды шешіңдер деп, арап халқына бермеген бүкіл табиғат және аңдардың түр-түрін жаратып, зерттеуге білімін меңгеріп, жақсылыққа жарысыңдар деп бұйырған. Жалпы түрік мемлекеттері су апатынан теңізден қашық, биік жерге орналасқанбыз. Негізінен судың жағасында орналасқан елдермен қандық туысқандық белгілеріміз бар, сол ғылымға құмар елдер арқылы жандарымызды өсіріп отырады. (Алдағы басылымдарда жан ғылымында талқылаймыз.) Енді түрік елдеріне ескерту аят түсірген Құранда; «Қашан оларды таулардай толқын орап алса, дінге деген нағыз ықыласпен Алладан тілейді. Ал қашан Алла, оларды құтқарып, қырға шығарса, олардың кейбіреуі орташа (арапша) болады. Негізінде аяттарымызға біртұтас опасыз қасарысқандар қарсы келеді.» (Лұқман-32). Сол берген уәдемізден қырға шыққан орнымызды ұмытып кейі орта топқа қарай шегінген опасыздар қатарынан қазақ діндар қауымы алғашқы орынды аламыз. Құранды толық меңгеріп артында теңдессіз мұра кітап қалдырған түркі ғұламалары тәнті болып мойындап «Көк тонды» атанған Хазіреті Сұлтан бабамызға да тас лақтырып жатырмыз. Құранда пайғамбарымыздан кейін кітапқа ие болатын кісілерді ескерткен, «Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйрығы бойынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады» (Фатыр-32).
Ислам елдерінің өз іштерінен дінді толық меңгерушілер, кітап алушы хикмет көрсетуші қожа, сұлтандар шығып олардан тек орта жолды арапша ұстанатындар отырушылар шығатынын ескертеді аятта. Сондықтан негізінен кітап берілген, тура жолын тапқан ел болсақ та құран аяттарын әркім өзі арапшадан аударып оқу керек деген надандық ұғым бүкіл дін танушы зерттеушілерге кесірін тигізіп, оның әсері нақты ғалымдарды мойындамауға апарып, арап тіліне кесірін тигізіп қана қоймай, тек арап арқылы жаратушысын тануға құмарлық қасиетті діннің беделін аяқ асты етіп, жер жүзіне жек көрінішті етіп жатырмыз. Бірақ жуырда оларға да жаза бар екен. Аятта; «Сондай-ақ аяттарымызды күшінен қалдыруға тырысқандарға келсек, міне солар; азапқа душар болатындар» (Сәбә-38). Аяттарды толық түсінбеу күшін жою болып, онда болашақта қай мемлекеттің тура жолда екендігі белгілі болатын заман келе жатыр, үнемі апат, соғыс азапқа душар болған елдің дін ұстанымынан да, әдет ғұрпынан да қашу керек. Негізінен жер бетінде төрт түрлі халық тегі бар. Бесінші ешқайсысына ұқсамайтын түрді дамыту керек. Ғылым дамыса, тіл қатар даму керек, себебі әрбір танымал қасиетке ат қоя білу керек. Сондықтан қосымша сөздік қорды дамыту қажеттілігі туындайды. Және әрбір нәрсеге берілген атаулар үндестікпен сәйкес келу керек. Демек сөзбен бірге тіл үндестігін де дамыту қажет. Үндестік ұлттық ерекшелік тілмен бірге шығармашылық, ақындық және ән-күй, саз арқылы дамып отырады. (Көп қазақтың тілдік белгісі қысқарған сайын қысқа тілді шеттің ән күйіне құмарлық пайда болды.) Ал үндестік дамыса, онда таңбаны да көбейту керек. Тілдің негізі де төртеу болып, бесінші тілді дамыту керек. Тек арап тілінің ғана өз үндестігін сақтап, (аксиома) ортасын сақтап, басқа халықтар сол үндестікке өз тілінде таңба ойлап дамуы шарт. Арап тілінде 56 үндестік болса сондай сан үндестік таңбасын тауып, арап үндестігінің шегімен сәйкестендірсе, сол ел ғана әлемдік сананың биігінен көрінбек. Сандық белгілерді, аяттар есеп жүйесін жаратушымыз бір адамның ғана тұлғасына әсемдеп белгілеп берген. Әуелі өзіңді таны деп. Барлық іс-қимыл құлшылық амалдардың соңғы нәтижесі сөзге сонан соң тілге келіп тіреледі. Сол есептің де көрінісін екі қолға есептеп, алақанға жазып берген. Ислам еліне және әлем халқына екі жол сілтегенде екі ерінмен белгілеген. Өткен өмірден келген сөз ғылымы екі ерніңізде түр. Сондай-ақ жазу үлгісін де солай белгілеп, екі жұп құлшылық үлгісіне топтастырылған. Жазу үлгісі де бесеу. Жұп тақ туысқандық белгімен 10 жазу негізгі үлгісі болу керек әлемде. Құранда 10 санымен сүре білімінің ескертуі бар. Құран білімі 10 бөлімнен тұрып, әрбір бөлімде 11 жұлдыздық белгі болып 4 амал дәрежесі күн мен айға қатысты. Барлық құлшылық амалдар саны 13 болар. Құран кәрімнің 23 жылда түсуі сол белгіні ескертеді.
Енді жер жүзінде және де жазу тәсіліне қарай ислам елдерінде оңнан солға немесе солдан оңға қарай болып белгіленген. Иман табу мен көктегі санаға шығар екі жолдың бағыты, бірақ екеуі тоғысу, түйісу керек. Құлшылық жаратушыны тану болып негіздесек анықтан ғайыпқа немесе ғайыпты болжап, аныққа қарай дәлелдеп, іс жүзіне айналдыру шарт. Ғылым жолы ғайып, жоқ нәрсенің белгісізден шартын (гипотезасын) жасап алып, (теорияға айналдырып (анықтау болса, (солдан оңға) ілім жолы анықтан ғайыпты анықтау (оңнан солға) болып табылады. Сандық мәні 10 және 13. Яғни ғылым саны 10 болса көтерілер баспалдақ 13. Әлемдік сананың даму жүйесін әр пендесіне жаратушымыз қолына көрсетіп қойған. Бірінсіз-бірі өмір сүру қажеттілігін өтей алмайды. Алладан жарылқау тілегенде екі алақанды қосып ұстайтынымыз да сондықтан. Ислам мемлекеттерінің жартысына (түркі халқына) солдан оңға қарай жазуды берген, ол ғылыммен анықтап намазыңмен тоғыстыр деген белгі. Сәжденің ғана қағидасы өзгеріссіз араптармен теңестіріп, ал қалған намаздар орындалу айырмашылығы бар. Бүкіл тәпсірлерді жинастырып пайғамбарымыздың ізгі істерімен және өсиеттерімен салыстырып електен өткізсе, көкке шығар баспалдақ 13 сатының белгісі шығу керек, бірақ оған ондаған жылдар уақыт және құран түсінігін толық меңгеру шарт. Ал қазақ халқына дайын «Сәни дәптер» бар. Сол дәптерде әр намаз амалдарының шарттары міндеттері бар; сәжде — тәуліктік, ракуғ — апталық, ғибадат — айлық, тәуап ету — жылдық міндеттік сипаттары бар. Төрт кітаптың маусымдық мезгілдік белгісі қарастырылған. Ал қажылық негізінен ғұмырында бір рет шамасына қарай өтеу қажет. Бірақ намаздың 4 амалын толық орындап және белгілі мерзімге кем дегенде 7 жылға толтыру керек. Кезінде аталарымыз солай жасаған да, бірақ қазіргі жағдайды өзің де білерсіз оқушым. Білмей істеген кінәлі ме әлде түсіндіруге міндеттелгендер кінәлі ме? «Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады» (Ісра-36) Дұрыс ақылмен, ғылыммен өлше деп ескерткен аяттың екінші жұбында. Өлшеп көру үшін не нәрсенің санын білу керек және өлшеу құралын табу керек. Ал аяттар таразысы — Ғылым болса, тегі — есеп! Санай білген саналы аталып, көктің жібін ұстай білсең, ұжмақтың иісін сезіп шабыт келсе, өмірді босқа өткізіп жатпағаныңыз деп біліңіз.
Жылан (жыл) жеті жылда терісін ауыстырып жаңарып отырады, сол сияқты адам да жеті жыл сайын ой санасы жетіліп дамып отырады. негізі табиғаттан біраз нәрсені үйрену керек сияқты,
Әрине табиғаттан біз нәрде, қуатта аламыз. Бірақ ой-санның рухани түрленудің адамзатқа берген сыйы ерікті. Сондықтан өмір бойы надан болып өтуге немесе жасыңа жетпей дарынды да болуға болады.