Сауда-саттықтағы жол-жоралғылар.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 71

Шариғат заңы бойынша алты жағдайда саудалық келісім жасауға тыйым салынады. Бұлар:

1) «арам» нәрселерді сату және сатып алуға («арам» нәрсеге шошқа, алкоголь ішімдіктер, т.б. жатады.);

2) тартып, тонап алынған нәрселерді сату және сатып алуға;

3) сатушының өз мал-мүлкі болып табылмаса;

4) құмармен байланысты сауда-саттық істер;

5) пайдақорлық (риба) жете келісім жасауға;

6) бір-бірінен ажыратуға болмайтын, араластырылған товарларды сатуға (мысалы, майға басқа бір майды араластыру, су араластыру т.б.) тыйым салынады. Сондай-ақ мұсылман емес елдерден алынған май, ет, шұжық, т.б. егер сойылған мал шариғат заңдарына сәйкес сойылса ғана сатуға рұқсат етіледі.

Егер түлкіні ұстап өлтірсе, ол сойылмаған болса, сол секілді түлкі өздігінен өлген болса, терісін шариғат бойынша пайдалануға болмайды. Жоғарғы айтылып өткен, тыйым салынған нәрселерді арабша батил деп атайды. Мұсылман елдерінде тағам заттарының қалбырына тірі хайуандар суреттерін салуды қолдамайды.

Мынандай істермен айналысу жеккөрінішті, ұят саналады: делдалдық, қасапшылық, кебін сату, жексұрын, жаман адамдармен сауда-саттық келісімін жасау, таң ертеңгі азан айтылуы мен күннің шығуы арасындағы сауда-саттық жасау, бидай, арпа секілді дәнді астықтарды шектен тыс құныға соңынан түсіп сатумен айналысу, басқа бір сатып алушыдан бұрын затты өзі сатып алуға тырысу. Пайдақорлықпен өсім алуға шариғат өте қарсы. Ол жайлы хадистер де көп. Онда зіна қылудан 70 есе қылмысы ауыр екені айтылған.

«Қасиетті» жерлерге басқа діндегілердің кіруіне тыйым салу. Шариғат заңы бойынша мұсылман еместердің мешітке кіруіне болмайды. Олардың жалғыз құдайға табынғанына «қасиетті жазу түскен адамдары» (яғни түскен төрт кітап жайлы, оларды мұсылмандар құрметтейтіні айтылып отыр) екеніне қарамастан, христиандар мен иудейлер басқа мұсылман еместер секілді мешітке кірулеріне болмайды, өйткені олар арақ-шарап ішіп шошқа етін (иудейлерден басқа, иудейлер жемейді) жейді, пайдақорлықпен айналысады, т.б. себептермен «қасиетті орындарды» былғайды дейді.

Мекке мен Мәдинаға, Кербаладағы (Иран) Хусейін мовзолейіне, Мешхадтағы (Иран) имам Разы, Нежтегі (Ирак) имам Әли, Кушадағы (Иран) қасиетті Масум т.б. қабірлерге мұсылман еместер жіберілмейді. Әсіресе Мекке мен Мәдинаға мұсылман еместердің кіруіне қатаң тыйым салынған. Егерде Қағбаға кіремін деуші мұсылман еместерді біліп қойса, ашуға булыққан тобыр аш қасқырдай бас салып, ислам діні бойынша қасиетті орындарда кісі қанын төгуге тыйым салынғанына қарамастан, дода-додасын шығарып, майдалап тастайды.

Ораза кезіндегі тыйым салынған жол-жоралар.

Ислам діні міндеттеген Ораза тұту мұсылмандарға оңайға түспейді. Қаңсыған ыстық күнде тамақ, су ішпей шыдап көр. ХІ ғасырда жасаған ірі діндар әрі философ имам Ғазали: «Ораза мұсылмандардың Алла алдында өз ерік-күшін, сабырлығын сынайтын, әрі құмарлығын жүгендейтін нәрсе» деген. Ораза күндерінде көзіне дәрі құюға, қасына осма (сүрме) жағуға да болмайды. Денені әлсіздендіретін, құмарландыратын нәрсенің бәріне де, мысалы қан беру (донор), моншаға бару, насыбай иіскеу, гүл иіскеу, судың ішінде жату, тіс жұлдыру т.б. тыйым салынған, бұлардың бірі қан шығуына жол берсе, екіншісі құмарландырады. Шариғат бойынша егер адам ауру болып, денсаулығы дәрі қабылдауды талап етсе, онда дәріні қабылдауға рұқсат етеді. Бірақ шыдаған жақсы дейді. Дәрігер ораза тұту денсаулығыңа зиян келтіреді десе, ал өзің ораза тұтудан зияндық келмейді деп тапсаң, дәрігерді тыңдама делінген шариғат заңында. Өздері әлсіз, қарт, ауру адамдарға ораза ұстауға болмайды.

Көркем өнердегі иманның тыйымдары.

Мұсылман діндарлары Алланы материалдық тұрғыдан мүлдем бейнелеп болмайды, сол үшін Алланың суретін салу ақылға ешқандай сыймайды, содан барып тірі нәрселерді бейнелеуді шектейді. Мұсылмандық ілім бойынша Алла мүлдем жалғыз, оны көруге, сезуге, иіскеуге болмайды. «Ол Алла-жалғыз, Алла мәңгілік, тумаған, туылмаған және оған лайықты ешкім де болмаған («Құл Һууа аллаһу ахад, алаһус самад, лям ялид, уә ләм ялид, уә ләм якун лаһу куфуан ахад»)». Әрине, мұндай шектеулер қазіргі кезде тек қана көпшілік орындарда, ашығын айтқанда ғибадатханаларда, Құран т.б. қасиетті кітаптарда адам бейнесін түсірмейді. Суреті салынған адам, жан-жануар, тірі жәндіктерге табынады, жалғыз Алланы ұмытып, есінен шығарады деген оймен шариғат заңы бойынша тірі нәрселердің суретін салуға тыйым салынған.

Тірі нәрселерді салуға тыйым салудың тағы бір себебі, адам тірі нәрселерді бейнелеп Алламен таласпауы тиіс. Тірі нәрсені жарату тек қана Алланың ісі, оның өзі ғана жаратушы, жан беруші. Ал адам өзі бейнеленген затқа жан бере алмайды, қозғалысқа түсіре алмайды. Алайда Құранды тікелей тірі нәрсені бейнелеме, суретін салма деген нұсқау аят жоқ. Жанды нәрселердің суретін салуға тыйым салу жайлы хадистер мен суннелер кейін пайда болған. Өсімдік, зат және геометриялық фигураларды жасауға шариғат заңы рұқсат береді.

Шындығында да, тірі нәрселердің бейнесін жасау шығыс халықтарында мүлдем тоқырап қалған жоқ. Оған Гренадағы әл-Ғамбр арыстан бейнесі, т.б. ескерткіштер куә, әрі ондай мүсіндер кез-келген адамдардың көзінің жауын алатын заттар.

Ислам діні сол үшін құлшылық етушілердің алдында адам бейнелері тұрса, соған табынушылық болып шығады деген идеяны басым ұстанғандықтан деп түсіну керек. Қазіргі кезде мұсылман елдерінде мұндай шектеулерге жол тауып, бейнелеу өнерінің өркендеп өсуіне көңіл бөлуде. Мыңдаған жылдар бойы күнә саналған бейнелеу өнері өз тамырын тереңдетіп, өркендей түсуде.

Неке және отбасы мәселесіндегі тыйымдар.

Шариғат заңы бойынша ер адамдар анасына, туған апа-қарындастарына, қайын енесіне үйленуге тыйым салынған. Егер қайын енесімен ойнап-күліп қойса, онда оның қызын алуға хұқы жоқ. Мұсылман әйелдің кәпірге тұрмысқа шығуына құқығы жоқ. Бірақ мұсылмандарға иудей мен христиан дініндегі әйелдерге үйленуіне рұқсат етіледі. Шариғат бұл әйелдерді зорлап мұсылман дініне енгізуге қарсы.

Шариғат заңы бойынша әкесі үстінен әйелі, бала-шағасы, құл мен күңдері шағым айтуға құқығы жоқ. Олардың арыздануына тыйым салынған.

Алтын бұйымдарды пайдаланудағы тыйымдар.

Шариғат заңы бойынша мұсылмандардың әлеуметтік-тіршілік тұрмысында алтын-күмісті, алтындағы жібек киімдерді пайдалануға тыйым салды. Хадисте: «Кімде кім алтын не күміс ыдыстан су ішсе, ол өзінің ішін тозақ отымен толтырады»- делінген. Әрине алтын, күміс заттарды пайдалану жалған өмірде байлыққа құмарлықты арттыратындықтан, ислам діні адамдарды ол заттардан бас тартуға уағыздайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *