Семіздік деген індеті,
Ел өлтірмек жендеті.
Семіздікті ауру деп,
Түсіндірген сөз ерсі.
Арқалап жүген білімін,
Таба алмай сырын ілімнің.
Арасына халық тараған,
Қасіреті бұл әлем елінің.
Семірткен тәнін аялап,
Нәпсіге ақылын байлап ап.
Тамаққа тойдырып әлпештеп,
Ауырдан қашар тән аяп.
Өнермен білім табысы,
Құл темір атқарып бар істі.
Қозғалыс, қимыл шектеумін,
Семіздікке әлем жарысты.
Қуатпен тағдыр жазуы,
Мал-ақша тапқан жан ісі.
Еңбек аз, пайда көп болса,
Арамданар тапқан табысы.
Көрсе қызар, сараңдық,
Семіздікке жол барарлық.
Мала, дүниесін арамнан,
Тазартпай жұғар қаралық.
Қызықпен думан тыныштық,
Семірудің жолы ойсыздық.
Ар, ұят, ұждан жоғалтып,
Салтымен арсыз ел жұғысып.
Семірсе еркек өзгерер,
Қатындық қылық жүктелер.
Жіңішке жолды әйелше,
Сезімге ойы түрленер.
Семірсе қатын сезімді,
Ұмытар ұят-өлімді.
Семіздік індет еліңе,
Азындық жайлар жеріңді.
Семізден туған ұрпақтар,
Сезбестің күйіне мас болар.
Жәндіктік қылық әдетпен,
Жүктермен батпан салмақ бар.
Ұйқымен тыныштық жөн көрер,
Зауқы жоқ өнер меңгерер.
Арам тер шығармай еңбексіз,
Ауыр асты, жеңіл үсті күн көрер.
Нәсілмен қара жалғанған,
Әдет көп текті аздырған.
Белгісі бүгін таңдағы,
Хабарына Алла нанбаған.
Мойындар мұны аз пенде,
Дүниеге қызық мас кезде.
Ауруың астан, дау қарындастан,
Індеті бұл қиямет келгенде.
Қолында уы жыланнан,
Жалаңаш қыз қатыннан.
Тамағы берген құрттайды,
Ішіңе еніп, шерік қосылған.
Жалаңбас бастан булары,
Сасық тұман иіс күмәні.
Өкпенін улап қан азар,
Киесі жаулық ұрғаны.
Ібілістің қарсы ұрпағы,
Ел билеп заңдар жазғаны.
Жамағатын шайтан артырып,
Індетін бар әлемнің жинады!
Қондырмай басқа ел бағын,
Қыз, қатын арамдап аяғын.
Жын болып қолы еркектің,
Қатының отыны тозақтың.
Тамақтан індет тарады,
Мәңгүттік дертпен уланды.
Өз ұлтын тиып, дәстүрден,
Ұрпағынан ібіліс бұл лаңы!
Ақ білек қазақ қыздары,
Етекпен жең, мол болмағы.
Күмістен білезік тағып ап,
Алқанында алтын нұрлары.
Қияметтің сағат соққаны,
Құдайдың түсіп хабары.
Аз ғана нәзік жандылар,
Жолында ата, қолға алды.
Обалды ұғып, сауапты көп жинасаң,
Рахым мейрім, әділдік болса бағаң.
Қара суға семіретін ойсыз болма,
Ғылымды біл, жындылықпен болма хайуан.
Семіздікті қой ғана көтереді,
Қазақта жан ғылымнан бұл дерегі.
Бәрінен де қой бағып озар деген,
Адал еңбекпен шығарса арам терді
Құйырықтан бұл індетті өшіреді.
(Шілде 2018 жыл)