Бөрікті басқа бақ қонар

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 70

Жалғана, ақ пен қараға

Жалғасы қара көзді қаралана.

Жарықты жарық, түнекті түнек еткен

Жаратқан бір Алла тағалаға.

Түнегінен шыға алмай,

Талайлының теңселе тербете де

Болмайды пенде сыналмай,

Өткенді, теңселте де тербелте.

Ұшқын ұшар жарық бола,

Шаңырақ тозаңынан арыла.

Ақталған тағдыр тазарып,

Бағынған ақирет заңына.

Заманына бақ қона,

Бақтан пенде озған ба,

Байсалдылық керек етпек пе,

Қосар қуат бойына.

Бас- бас ғұмыр өмір бар.         

Байқастықпен өмір сүр

Жеңілдіктің де иесі бар,

Шешім шешер кезі бар.

Тербеліс өтер сарпыла,

Теңселтіп елді қозғауға.

Ластықтан аластан,

Жүктерін ақтап тағдырда.

Жұмыр жер беті

Теңселе де тербелтті.

 Құндызды бойдан таба да,

Жұлдызды жарық етті.

    

Ақшай аққан жұлдыз бар.

Биік ұстар, жалғас жарық бар.

Сергелдеңдік қалып артыңда,

Туралыққа жоба алар.

 Бас-бас дақты, басты бақ еткен.

Бақ қонады бас баққа.

Жоқтан Құдай бар еткен,

Жаманнан жақсы шықпақ та.

Алақанға шоқ жұлдыз

Жалғас таба жарқырар.

Әлемге келген бағы да

Бір алқан төңірегіндей.

Бас бақты жалғас таптырар.

Бөрікті бас салмақты,

Санаға қуат алмақты.

Үш теңгесін жұмсаған,

Құдаймен сауда болмақты.

Бір теңге суға тастапты,

Біреуін борышқа арнапты.

Қарызын өтеп қолма-қол,

Бөрікті –арлы боп апты.

Тастадым сауал жұмбақты,

Ғылыммен жауап алмақты.

Қазақтың тегін ал көрсет,

Ойын тап сөзден салмақты.

(Шілде 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *