Шәкәрім Мұрасы

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 62

«Абай» журналының екінші нөмірінде жарияланған ардақты Мәнен бауырымыздың «ұлтшылдық» деген мақаласына бір ауыз сөз айтқымыз келеді,– дейді Шәкәрім қажы.– Менің ұғуымша ол кісі: «ұлтшылдықтан мәдениет, мәдениеттен адамшылық туады»– дейді. Бұған дәлел керек қой?! Көріп отырмыз, ұлтшылдық пен мәдениеттің ең жоғарғы басқышындағы Европа, олар адамшылық қылып отыр ма? Менің ойымша әлі күнге шейін, асса ұлт, қалса өзімшілдіктен аса алған жоқ».

Жоғарыдағы сөзін қажы былай сабақтайды. «Себеп не? Ұлтшылдық мәдениетті туғызса да, ақ жүрек туғыза алмайды; ақ жүрек дегеніміз «ұждан» (әммә жанға махаббат, шапағат, ғаділет), қазақша тәмәм адам баласын бауырындай көріп, жаны ашып, әділет қуу. Осы айтылғандай, ақ жүрек көбеймей тұрып, адамшылық жеңе алмайды. Ұлтының кемшілігін толтыру, артықты өзгелерге зиянсыз жолмен табу ақ жүрек (ұждан) ісі. Оны істеп отырған кім бар?».

Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Ұлтшылдық туралы».– «Абай» журналы, №3, 1918 жыл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *