Ақыл толар келіп қырықтың қырқасында,
Ал, елуде келдің деген қазақ ер жасына.
Мен келіп елуге түстім бабам жүрген ізге,
Япырмау сақал мұртым аппақ болмасы ма?
Аппақ сақал, мұртым, ал шашым неге қара,
Қараймын мен қызықтап бұл тамашаға.
Шал болған осы екен деп қуат қайтып,
Бабалар жолынмен меңгеріп сөздің парасын да.
Елуді еңсердім ақсақалды шалдай болып,
Өңім жас, сақал-мұртым аппақ қудай болып.
Өзімнен үлкендер де құрмет қылып,
Ақсақал деп атайды, төрден орын беріп.
Астарына сөздің қазақ үңіліп көрсең,
Шал деген кәрілік емес шалушы екен.
Қой дейтін қожалықты меңгеретін,
Пәтуалы сөзбен жамандықтан тыюшы екен.
Көп надандар, жастарда бар тәкаппарлық,
Дәстүріне шақырғанға сөзі бар қиқарлық.
Шал деген мұндай кезде шалушы екен,
Көнбегенді аруақпен тізені батырарлық.
Хикметіне құдайдың болдым айран-асыр,
Тәубесіне келтірген талайларды болған тасыр.
Сөзбен шалып талайларды тәубеге шақырғанмын,
Бір құлап, бір қашып, көбі келді ақылға ақыр.
Тәкаппар замандас білімді құрбылар бар,
Құдайдың сөзін айтсаң қарсы болар.
Шалға айналып, шалып едім ондайларды,
Бірі бұғып, бірі тығылып қалғаны бар.
Шалдықтың дәстүрін сырын көрдім,
Талайға ақ ниет, ақ батаны берік көрдім.
Орындаумен аманатын мен Раббымның,
Асыл сөздің қуатын дәстүрін жалғап жүрмін.
Қара қатын, арсыз қызды сөзбен шалдым,
Себепші болып талайға кітабын аштым.
Жалғанып аруағына қиындық-қыспақ келіп,
Тәубеге келгендер бар, құдайым бағын ашсын!
Жастар да көп өсіріп сақал түспеген ақ,
Шалдықтың нақылынан болса да ұзақ.
Қара сақал жын қуатың тазармаған,
Соғысқа шығып, жау үркітуге жарасар нақ.
Өңім жас, сақалым ақ мен бір шалмын,
Ата-баба салт-дәстүірін қолға алдым.
Тоқал алып, шайтанға соғыс ашып,
Тазартып қанын, тегін ұлттың асырамын.
Алпысбай, жетпісбай туады тоқсанбай да,
Шалдықтың дәстүрі белге де бұл бір пайда.
Қаны қызу, жас әйелдің жеріне еккен егін,
Бидайдай бір сабаққа жүз дән байланбай ма?
Үлкендер қазақта бар шалдыққа жасы келген,
Ұстанбай дәстүрін шалдықтан кері кеткен.
Өзі үлкен болса, қылығы жас балаша,
Ақтамаған бабалардың аманатын, естері кем.
Құрбы бар, замандастар келген ерге жасы,
Қапы қалмай шалдыққа кел, қадам басшы.
Көбейсе шалатындар есі кем надандарды,
Өліп ескі күнәлі болмысы, ұлттың рухы оянады.
Шалдықтан бас тарта көрме, құрбы-құрдас,
Бұл бір сый құдайдан меңгерсе көрмек ғажап.
Есің кіріп, кім жынды ақылын көрмек барлап,
Кіресің кеңшілігіне құдайдың да жаннат, ұжмақ.
(қаңтар 2014 жыл)
*** ***