«(Мұхаммед) шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңде ғана оңайластырдық.»(44-58) Құран үгіті тек жақсы мен жаман істерді ажыратып өмір сүру қағидалары болса, құлшылық негіздерінің есебі, құпиясы насихат арқылы түсіндіріледі. Сондықтан Құран арап тілінде атаулар ғана болып әрбір атаулардың аятқа байланысты үндестігінен мағынасы өзгеріп ат қою тек өзге тілдерде ғана мүмкін болмақ. Сондықтан қай халық өмір сүру барысында атауларға (негізге) көп аттар пайдаланса сол халық Құран құпиясын шешуге мүмкіндік алады. Мысалға шыныны орыста «Стекло» деп атайды да қайда пайдаланса да сол атаумен қалады, керісінше қазақта; терезеде- әйнек, көз-әйнек, ыдысты-шыны т.б. екі атпен кейде үш атпен атаймыз. Содан барып «Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді» дегенді «Болшой верблюд на мосту палку кушает» деген аударма сияқтының араптан аударылған ұғымдарды орыс тіліне аударсаң онан да сорақысы жетерлік. Қосу сөзінің негізі жанның сызықтық бейнесін беріп христиан халықтарының шіркеу үстінде тұрады. Демек қосу-жан деген ұғым. Жан негізінен «У»-дың екі атомынан пайда болады деп ұғынсақ, жан судан пайда болса СУ- «С+У», У х 2=жан=қосу. Жанның тағы екі ұғымы бар. Қосу жоқтан бар болу деген ұғымды да білдіреді. Сондықтан аятта жоқ нәрсені, Алла бұйырмаған сөзді бұйырды деп айту да қосу амалы. Ал «Шерік» сөзінің түбірі шер болып, ой қабілетінің қалыптан шығуын білдіреді. Жалпы шерік қосу (іс-қимылға байланысты) өлшемнің 4-тен бір ширегі болып (тақ сан) тәнге, жанға келетін қуатты кеміту, жанды бүлдіру болып; арам жеу, шариғат бұйырған істерді, парыздарды орындамай ой жорумен нәпсінің қалауына еріп, ауру, ақылдың азуына апаратын тіршілік іс-әрекеттер болып табылады. (Жалаңаш жүру, арақ, нашақор құмар).
Шерік қату деген ұғым да Құранда жиі кездеседі. Ол — Алла тағала құдірет қолын әлсіретіп көрсету болып; тіршілік тек күн арқылы немесе жұлдыздар арқылы т.б. жүреді дегендей түсіндіру, сол сияқты аруақты айтсаң дінің бұзылады, бейітке қол тигізсең күнә болады деп жаратушы жіберген дінді сондай әлсіз бейшара етіп көрсетулер жатады. Әлем халқы ашықтан-ашық қарсы болса да Алла тағаланың құдіреті әлсіремек емес. Дін танытушылардың басты қателігі Аллаға жалбарыну орны тек мешітте, қалған жерлерде әулие бастарында, қасиетті белгілерде, зират бастарында Алланың бұйырған сөзін айтып ата-бабаңның күнәсін кешіп сол арқылы жақсылығыңды бер деп сұрау шерік қосу деп санайды. Бұл таза надандық және берік дінге қастандық жасаған мүшіріктер ісі. Тәубе келтіру хаж амалымен (ғұмыра, зираттау, тәуап ету) бой ұсынумен ерекшеленеді. Яғни ата-бабасынан қалған аманат істерді орындау. Ал оны қалай анықтаймыз? «Раббымыз, екеумізді де өзіңе бой ұсынушы қыл, ұрпақтарымыздан да өзіңе бой ұсынушы бір үммет қыла көр, әрі бізге хаж амалдарымызды көрсетіп, (түс, аян) тәубелерімізді қабыл айла, әлбетте Сен өзің тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімдісің!» (Бақара-128). Әкелерінің амалын ұрпақтары жалғаса онда бір үммет аталады екен. Хаж амалдарының тұрақты кітапта көрсетілгені жалпы дін ішіндегі міндетті парыз болса, әрбір үмметтің өз ерекшеліктеріне, жеріне байланысты Алла тағала тарапынан заманға байланысты беріліп отыратын хаж амалдары да бар. Себебі адамзат үнемі дамуда, өзгерісте болса төбеден, аяқ астынан жейтін нұрдың да шамасы, жиілігі, сапасы өзгеріске түсіп отырады. Олай болса аян арқылы аманаттарды орындап әулие бастарынан, қасиетті жерлерден, ата-анасына зиярат етуден тыю немесе шерік қосу арқылы шерік қатып, Інжілді бір кітапты мүлдем жоққа шығарып иманнан безу болып табылады! Қарапайым түсінікпен білімсіз, ғылымсыз ой жорумен жанға жамандықты шақыру, тақ сөздерді қосу.