Шүкірлік  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 67

Шүкір деген сөз болды тілге оңай,

Әйтеуір бар жүрміз ғой өліп қалмай.

Егесіне әрбір кие ісін біліп,

Рахметіңді іспен білдір жауап солай.

Шүкір дейді арсыз қызын адам санап,

Шашын жайған, болмаса қиып тастап,

Шүкір, шүкір дертті бала туып жатыр,

Саның бар, сапаң өлі болып қазақ.

Етегің жоқ, киіз қазық байланатын,

Шүкірлігің санаң еді бай қылатын.

Қатындардан өлі сөз сасық иіс болып,

Жәндікке айналған көп, жүрек солып.

Шүкір, шүкір ділің бұрын бар болатын,

Ендігі қандай шүкір сөз қылатын.

Шіріген бұтақтары ұлттық тектің,

Шүкір, шүкір тамырың жоқ өсіретін.

Дініңді қызылбасқа сатып кеттің,

Шүкір, шүкір нәсілің жоқ көбейетін.

Ата заңың мазақ болды масқаралық,

Шүкір дейсің дәстүріңді тойлап алып,

Үйге жетпей киіміңді шешіп тастап,

Шүкір, шүкір адамбыз ба біз ойланайық?

Шүкірліктен тумай ма ғибадаттар,

Әділет пен ізгілік шапағаттар.

Ниетің, намаздарың, қарыздарың,

Шүкірлікпен іс қылсаң орнын табар.

Дәстүріңді ұстанбай шүкір деме,

Құр тіліңмен сөз қылмай ісін көзде.

Имандылық әділетін ісін меңгерген,

Ынсап, ұят, ар білімін тастай көрме!

(Қаңтар 2015)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шүкiрлiк.

Бөлім: Ғибратты әңгімелер 67

Бiр кiсiнiң тұрмысы ауыр боп, тапқан азын-
аулақ тиын-тебенi iшер асына жетпей, қысқа
жiп күрмеуге келмей қатты қысылады.
Сонда әйелi оған үйдегi сатуға болатын

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *