Сормаңдайлық(85)

Бөлім: Зікір өлеңдер 47

Жалғыз қалма тірлікте,

Санадалысқа бос ілікпе.

Іздеп тауып жұбыңды,

Көбейтіп ұрпақ өрбіте.

Жалғыздық болмасын жолдасың,

Тағдырың тұралап қалмасын.

Өмірлік тап жарыңды,

Ата-бабаң қуансын.

Жұп қылып Құдай жаратқан,

Жұпсыз болмас ешбір жан.

Талайдың сөніп жұлдызы,

Жаны қалып адасқан.

Құдайға ет тәуекел,

Жұбымды тауып бере гөр.

Дұғамен тілек тілесең,

Амалың болсын оны етер.

Құтқарар Құдай бұл дерттен,

Жұп пен парға серт деген.

Мүмінге мүмінді қосатын,

Шариғат дінді үлгі етсең.

Арамнан етті тазартсаң,

Аяқ қолды ағартсаң.

Бөрікті мен ақ жаулық,

Маңдаймен тағдыр жарасқан.

Жақсымен жақсы достасар,

Жаманға жаман қосылар.

Тартылған әлем қуаты,

Үйлесім тауып жұптасар.

Сормаңдайлық жазылған,

Дертің болар жастан жабысқан.

Тәрбие, тәлім, дәстүрімен,

Түзете алмаған көп жасынан.

Дінді түсірген сондықтан,

Несібең тең деп Раббыңнан.

Тәубе, шүкір, құлшылық,

Жақсылықпен жарыссаң.

Алланың сыйы жасырған,

Құс жолынан жіпке жабыссаң.

Тарихын тағдыр тарқатпай,

Тазартып жүкті болыссаң.

Алладан артық кім жомарт,

Маңдай көзді аштырсаң!

Тағдырың қайта жазылар,

Шындығына Құдай жалғансаң!

 (Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *