Сөз айтуға  кереметпіз?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 37

Кереметпіз бүгінде кереметпіз,

Сөзіміз бар ақылды елемектік.

Таңдай қығып бабалар өсиетіне,

Түсінгендей иманға себеп еттік.

Шариғатын ұстанбаған ебелектік,

Ақ жаулықтан қуат жоқ не демексіз?

Етегіңді жеңді жабуды ойламасаң,

Қыз, қатынға болады бұл керексіз.

Керемет көп, ерлерде кереметік,

Бөріксіз бас жынды көбеймектік.

Бас тазармай жетесі жетілмеген,

Әулиелік қасиет тұрама  теберектік!

Біліммен сөз айтуға кереметпіз,

Білімді ақыл қылған бұл есектік.

Арқалап кітаптарын ел билеген,

Саясаттың арамнан жиркенбестік.

Ар, ұяттан сұрайтын елден кеттік,

Мәңгілік ел болмақты желеу еттік.

Құдайдың атау сөзін ой ұрлаған,

Нұрлы жол, нұр отаның құр елестік.

Мақтануға дүние ісімен кереметпіз,

Әлемнен қарыз алып неге жеттік?

Отыз елдей боламыз деп жүргенде,

Қияметтің мезгіліне тездеп жеттік!

(Қараша 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *