Сөз сарасы- Ар мен ақыл сапасы. Таза ойдың қазынасы-даналық негіздері.

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 68

 Аталарымыз; «Адамның басы Алланың добы» деп басты ерекше күтумен, әрбір ауа-райына, мезгіліне және жас ерекшелігі мен дәрежесіне, руына қарай киінуді және  басты қадірлеу, ойды жетілдіру үшін сөз бағушы, тылсым үнін, жан-жануарлар әлемінің сырын түсінуші «ойдың — қойшысы» болу әрбір ер азаматтың кәсібі деп түсінген. Сондықтан; «Бәрінен де қой бағып құйрық жеген озар» деп ой бағудың ғылымын адам тәнінің артық маймен арамданбауын ескерткен. Қойшы (ойшы) адамның семіз болуы да мүмкін болмай, сондықтан «құйрық жеуші» деген сөздің астарында  үлкен жан сыры бар. Қазақтың әйел затында қазіргі таңдағыдай көшеде ар-ұяттан айырылған түрлі жалпақ, қайқы құйрық нәзік жандылар болмаған. Ислам дінінен бұрын да «91-ді жеуден тыйым, 85-ті теуден (терістеуден, тебуден) тыйым» деген құранның көптеген ғылыми сырын қамтыған тамақ жеудің шариғаты «халал» заңдылығы болған.  Ұлы сөзде ұят болмас деген аталарымыздың өсиетін ескеріп, осы уақытқа дейін жазылғанмен жариялауға тыйым болған кейбір жан сырларынан мағлұмат келтіре кетсем. Және бұл жан сырын мағлұматтарды Абай-Шәкәрім аталарымыз да астарлап жазып кетіпті. Шыңғысқан бабамыз қайқы құйрық әйел, еркек пендесін «Бұлардан тек құл-құтан туады» деп арнаулы таңба басып, құлдардың қатарына қосып, ұмыт болған құйрық жеу заңдылығын қайта қалпына келтірген екен. «Әйелдің ақылы қысқа, шашы ұзын» деп аталарымыз осы заңдылықты ескерткен. Әйел затының шапшаң ойланып тез шешім қабылдап, болашаққа ұзақ мерзімге шешім қабылдауға әлсіз бірақ қылық-жыны, есте сақтау қабілеті, кекшілдігі және тіл қуаты ұзын екенін ескерткен. Сондықтан жаман  ақпаратты, күнәні әйел заты да, еркектер де құйрыққа маймен қоса жинайды. Оны ғылымда қоңыр яғни аю майы деп атайды. Құйрығы үлкейген сайын қара қуаты да өсіп керісінше тектілігі, ар—ұжданы, таза ойлау қабілеті кеми береді. Сондықтан сөзі қысқа, ана тілін толық меңгермеген және өзге қысқа тілді әдетке айналдырған қыздарымыздың күйеуге тимей-ақ тәнін май басып арамдану себебі осыдан. Бұл құбылыс аяғы қысқа, табаны жалпақтардың шалбар киіп, етегін жаппай және шашын қысқартып тастаса тез аяғының арамдануына, ана сүтінің бұзылып жоғалуына әкеліп соғады. Ал еркектер мінезінің құйрыққа қатыстылығының 6 сипатын Шәкәрім атамыз «Ер қоспақ пен сөз қоспақ» деген өлеңімен бүкіл жан сырының мінезде, яғни құйрық жаратылысында екенін тәптіштеп түсіндірген.

Абай атамыз әйел затының мінезін жылқымен салыстырып астарлап жан сырын, психологиялық қалыптасуын дәл көрсете білген. Данагөй аталарымыз да  ана сүтінің әйел затының аяқ, жамбас құрылысына, ұзын, қысқа тұрқына байланысты және текті ұрпақ әкелуін болжай біліп; «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деп ескерткен. Қойшы ер бала болса, таяғы еркек мүшесі мен құйрық арасын жалғап тұратын «ерін» белдеуін «ағаш» деп атаған. Сондықтан «Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашысынан» деп керісінше еркек мінезінен, қылығынан, сөз білімінен қыздың қасиетті болып, ал шешесінің әкесінен ұлдың қасиеті жаратылатынын діл заңдылығын, жан сырын, рухани тазалықты қалыптастыруды ислам бекімей тұрып-ақ, бағзы замандардан меңгерген. Ойшылдықтың, сананың жетілуі, тектіліктің сақталуы еркек, әйелдің екі жақты тән, жан тазалығына толық қатысты болатынын және неке арқылы бұл қабілет, қасиеттерді өзара алмасымын қалыптастыру, киелі ұрпақтарды қалыптастыру заңдылығын аталарымыз терең меңгерген. Әйел затының алдыңғы жамбас, мүше сызығымен кіндік арасынмен аралық орынды; арайжап-«стан» деп атайды. Стан белгілі бір текті нәрселердің жиналатын қоймасы, орны. Ғылым тілімен «матрица» деп аталады. Әйел заты генді сақтап өңдеп өсіруші болса, еркек текті қалыптастырып сақтаушы. Геннің үйі әйел мүшесімен екі аяқпен жердің аралығын толтырып тұратын өрістік қуатына тәуелді. Өмір жасының ұзақтығы, әйелдік жыныстық тазалығы да осы «бойына» байланысты. Еркек пендесінде ол өріс балтырмен шектеледі де қараңғылық сипатта болады. Сондықтан қыз баланың жыныстық толысуы бой жеткен, ұл бала бойында «дақ» болып аталады. Яғни шалы «уы» бар. Неке арқылы әйел затының бойы еркекке көйлек, ал жыныстық уыз қуаты желке мишығына білім азығы, шабыт болып және етін тазартуға қуат енеді. Адамзаттың білімі әйел затында «станда»-«төреде» сақталады. Білімді, жетілген еркекті төре атайды. Ал қожа текпен байланысты болып ол да еркектің ерімен, яғни мінезімен беріледі бәрібір әйел қаны арқылы бейнеленеді. Сондықтан пайғамбарымыз; «Пайғамбарлардың бәрінің әкесі бір бұтақтан, ал шешелері бөлек деп ескерткен.» Демек пайғамбарлардың төрелігі, білімі сан алуан, ал тектілігі, қожалығы бір негізден. Төле би атамыз; «Батырды екі қатынның бір туады, ал биді мыңның бірі туады» деп осы жан ғылымын ескерткен. Құранда; «Адамға білім бердік ол қабылдамай, бас тартты» деп ескерткен аятты тәпсіршілер түрлі жорамалдап бұрмалаған. Шешімі қазақтың салт-дәстүрінде тұр. Еркекте ілім қалыптасып, әйел затында білім қазынасы болатынын ескерткен жаратушымыз. Сондықтан қазақ салтында қыз баланы оң жақта төрге шығарып төрелік тәрбие берсе, ұл баланы барлық мал-жанның, сөзінің, уәдесінің, нәпсісінің қожасы болуға тәрбиелеген. Әйел затының «станында» төре «гені» алтын бесік жатса, еркектің ер ағашында тектілік қалыптасу керек. Бұл біздің оқымысты, философ, әкім қараларымыздың гендерлік саясат деп, тек жан сырының генін қалыптастырып білімді жетілдіруге бұйырылған елдердің айтқанына еріп, айтағына ергеннен өзіміздің «Ілім мен білім, ортасын ұстамасаң бүлін» деген даналарды, әрі Хазіреті Сұлтан Құл Қожа Ахметтерді қалыптастыратын жан ғылымын, дінімізді терістегеннен зұлымдыққа ұшырап жатқан жайымыз бар. Төренің әйел арқылы қалыптасатынын Төле би мен Қазбек би атамыздың Жиренше шешен атамыздың немере қызын астыртын текті азаматқа күйеуге беріп Абылайхан атамыздың өмірге патша, сұлтан болып келуі «Түп қияннан өзіме дейін» деген Тауасар ұлы Қазбек атамыздың кітап шежіресінде келтірілген. Енді тегіміз «Сақ»-тан келген қожамыз деп ал төрені білімді, шешен, басқарушы, ұстаздар «АБА» деп сақабалардың тарихы да, шығу тегі де осыны білдіреді.

Інжілден; «Бауырластарым менің, бәрің бірдей ұстаз болуға ұмтылмаңдар! Иеміздің бізге тәлім беретін ұстаздарға, басқалардан гөрі қатаңырақ төрелік айтатынын білесіңдер. Бәріміз де көп қате жібереміз. Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам.» (Жақыптан; 3-тарау) Төре — жетілген адам. Қожа – кемелденген адам. Ал Мұхаммед пайғамбарымыз адамзатқа жаңадан үлгі – толық адам-қожа. Үш жүзді меңгерген, яғни Бақара сүресі 286+2=288 және Таһа сүресін де толық алған. Бұндай қожалық ол замандарда тек болып ұрпақтарға ауысу мүмкін емес еді. Жандағы білім яғни арап әйелдеріндегі геннің сипаты, ділдік қуаты оны сіңіру тіптен мүмкін де емес. Сондықтан бұл ақпараттардың қаны таза әйелдер арқылы болашақта өнім беретінін жан сырының құпиясы, яғни пайғамбарымызға неге көп әйел алуға жүктелгенін тек біздің асыл аналарымыз бен дана аталарымыз ғана әлемдегі ең таза гендерлік саястты біліп, текті тазартып, ген бақшасын болашақ ұрпақтарға өсіріп беруді білген. Сондықтан  Пайғамбарымыздың қыздарынан, аналарымыздан қожалар емес, ұстаздық етіп билік беріп, пәтуа шығарушы төрелер тарап, ал олардың ішінен қаншасы үкімделіп, қожалыққа кемелденгені бір Құдайға мәлім. Қожалық пайғамбарымыздың жұбайлары арқылы ғана «стандар» қайта «төреленіп»- өнім беріп, қаны таза, қырық үйі түгел аналарымызға төрелікке қайта қосылып отырады. Төрелік ана қанымен, сүтімен, жанмен беріліп, қожалық кісілік болып, арнаулы көктен келетінін қазіргі ислам ғалымдары мүлде білмейді. Қазақтың көптеген білімді, ілімділері де жаңылысып оны түзеген ғұлама даналарымыз санаулы ғана. Төреліктің төріне шығып төбе би, хан болып әлемді де таң қалдырған төрелеріміз қазақ шежіресінде жеткілікті болған. Сол сияқты ғайыптан хабар берген, мұғжиза кереметтер көрсеткен қожаларымыз да жеткілікті және бар ислам әлемінің қожаларынан биікте тұрмыз. Бергі тарихымыздың өзінде 300-ге пір болған; Пір Бекет, Қорқыт, Марал ишан, Мүсірәлі сопы, Түктібай, Қойлыбай, Қари молда Баянбай, Мәді қожа, Мәнсұр ата, Ысқақ баб, Тектұрмас әулие, Қорасан ата,  т.б. жүздеген кітап алған ілімді қожаларымыз жеткілікті.  Ал Қарашаш анамыздың асыл қанымен төре болып өмірге келген Ибрагим атамыздан тектілігін сіңіріп көктен де, жерден де сый алып, Мұхаммед пайғамбарымызбен қожалығын толықтырған Ясауи бабамыздан төрелік пен қожалықтың арнасы кітап болып тоғысады. Қазақта білімді меңгерген төрелер де, ілімнің кітаби білімін меңгерген хазіретті төрелер де  жеткілікті, бірақ олардың бұл даналық, кемеңгерліктері ескі дәуірдегі бөлек-бөлек қасиет, қабілеттер болғандықтан қазіргі заманның ақпараттық жетістігін қамти алмай, құпия кітаптарын оқи білмегесін қожалықтары сіңбей шала төре, шала қожалық сипаттары ғана бар. Онда да шала қожалықтың сипаттары тек емшілік істерден ғана көрінуде. Тектілігімізді өсіретін нәзік жандыларымыздың «станы» кез—келген арам, жын-перілердің отын жинаған үйіне айналғасын «геніміз» өспей, керісінше итке айналып, «қар»-ын ертіп отынын жағатын еркектеріміздің от беретін ағашы арамданып, «ит» ауруының тымауына ұшарап, ана тілі мен сөздің нәрінен айырылғасын, жалаңаш басымыз — күміс шелегіміз түбі тесік бақырға, жұбайларымыздың алтын етегі, ыдыс тостағаны-«аяқтары» итаяққа айналғасын геннің бақшасының қалай гүлденетінін және оны қалай күтіп, баптап суаратынымызды, текті қалай тазартып жүрегімізге сіңіруді ұмытып бір—бірімізді жаулау, құлдану, ойдан заң шығарып соттап жіберу, болмаса атып тастау салтымызға, яғни қазақи төрелігімізге айналды. Оны түзеп 300-ді түгелдейтін абыздарымыз, ойшылдарымыз, хазіреттеріміз, ғалымдарымыздың сиқын Абай атамыз; «Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бір-бірімізді аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қылып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетер күн болар ма екен? Әй, не болсын! Жүз қараға (қатынға, төреге, станға) екі жүз кісі (тек, шерік қосылу) сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?»

Қазақта әзірге құдайға мың да бір шүкір арамыздан бір төрені таңдап, жаратқанның нығметімен төбелік дәрежеге жеткізіп, әлем алдында шаруамыз, асығымыз алшысынан түсіп, сыртымыз, кейпіміз оңды болғанмен, бірақ сол елімізді басқарған төреге ерген төбе билердің де күнде жиын, күл төбеге жорғалап шыққан жыландардың да,  дін төбесіндегі әділ қазы құландардың да қожалықтары оянбай ішкі дүниеміздің, асыл қазынамыздың, рухымыздың есігінің құлпы ашылмай халықтың рухани шөлдеп, ұлдарымыздың, тегіміздің жұтқа ұшырауына, гендік бәйшешек бақшамыздың гүлденбеуіне ғана себеп болып жатырмыз. Төреліктің шарты сөзге қожалықтан жұрдай болуға айналдық.

 Жан сырын меңгеру-шопандық яғни жанға, сөзге толық қожалық.

Бұл қазына әлем әзір білмеген және ғылымда да зерттелмеген әзірге белгісіз тек қазақтың ежелгі философиясына, психологиясына, дана аталарымызға ғана белгілі жан білімі. Енді 40-қа жасы келіп, қойын (мал-жанын) дұрыс баққан қойшы, сөз өнерін шешендік, сөз астарын, жан сырын жетік меңгерген билер мен дін кемеңгерлерін «шопан», яғни сөздің отарын жинаған қой бағушы деп атаған. Хазіреттік-төрелік айтуды қабілетті аналарымыз да меңгерген. Ал кітапқа қожалыққа жетіп хазіреттік сатыдан өткен Абай атамыз осы шопандық қасиетті, яғни  сұлтандық қасиетті меңгерген. Сұлтан дегеніміз көркем сөздің майын тамызып, сөз астарын жіліктеуді жетік білген қазіргі ұғыммен философ, психолог – жан емшісі, пайғамбарлық қасиетті меңгергендерді атайды. Сондықтан; «Ақыры ойладым; осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.» (1-ші сөз)  Сөзді тыңдап ұғушылардың естілігі болып оның да жан сырының «Төртеу түгел болса ғана төбеден!» ми қабығында ес болып қалай қалыптасатынын көрсете білген; «Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар; әуелі-көкірегі байлаулы берік (бой киімі толық, аура) керек; екіншісі-сол нәрсені естігенде я көргенде  ғибраттану (өнеге алып, сезіну) керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек; Үшіншісі-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші-ой кеселі нәрселерден қашық болу керек.» (31-сөз).

 Бұл сөзбен атамыз тайға таңба басқандай жан, сөз ғылымын, даналықты яғни құранның «Лұқман» 31-сүресін ата-анаға шүкірлік, аманатқа қиянат жасамаудың намаздарын түсіндіреді. Бұл енді бүкіл киелі кітаптардың, пайғамбарларымыздың бәріне ортақ жаратушы үкімі шүкірліктің негізгі ірге тасы болып саналады. Құдайдан қорқу дегеніміздің өзі сөзді қадірлеу, көркем сөйлей білу. Бұған енді; «Ой кеселдері; уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе-күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер.»  Бұл жерде Абай атамыз қазіргі таңдағы қазақтың басына келген ой-кеселдерін бұл сөзге қоспай жеке өлеңдермен белгілеп кетіпті. «..Салқын, қуыс өмірі я қараңғы. Білім жоқ, білімге сенім де жоқ, Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды.. Қуаты қызық қызмет тойларының Қос қыртысын кетірмес ойларының. Лап бергі, к..ті айналғыш, қайта ойланғыш Тиянақ оты сөнген бойларының… Жанында суықтық бар бір жасырын, Қаны отты жас күнінде шықпас өнер.» «Ән салар жатқа алар түбінде құр қалар..» деп  құйрықтағы қос қыртысты ой, мінез тазалығымен байланыстырып, қалай кетірудің амалдарын да көрсетіп, семіздіктен адам баласының жанында суықтықтың пайда болып осыдан мейірімділік, ұлтшылдық, адамгершілік қасиеттің әлсірейтінін ескертеді және адам баласының өмір жасының қысқа болуын, тез қартайуын осы сөз өнерінің жетілмеуінен және сенімнің әлсіздігінен деп түсіндіреді.

Өтейбойдақ атамыз да жыныс қуатының суықтық болатынын ескертіп кеткен. Олай болса әйел, еркектің де құйрығына артық май жинауының өзі нәпсісінің тежеусіздігін, суықтығының артып керісінше жыныс құмарлығын көрсетеді. Еркек пендесіндегі қыртыс тек құйрығынан немесе қарын майынан көрінсе, жаратылыстан әйел затында төсімен де белгілі болады. Төс қыртысының үлкендігі, ұзындығы ойсыздықтықтың, арам ойдан хабар береді. Ондай пенделердің тек өсек, дау, жанжалдарды қуып біреуді немесе зайыбын аңдумен, қызғаншақтыққа жиі берілетіні  өмірде жиі кездеседі. Сондықтан ондай әйелдеріміз төсін көрсетіп мақтануға, сөз аңдуға және сондай мамандықтарды меңгеруге, басшылыққа құмар болып келеді. «Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің, Өзіңді-өзің күзет, кел, шырағым!» деп бәрінен де сөздің қойын бағуға, қазаққа тән ойшыл болуға шақырады. Бірақ ойшылдықтың да; Тіл мен ойдың арасын бөлмейтін арамызда кемеңгерлері болып солардан үлгі алуды ғана тағы ескертеді.  «Ой кіргелі тимеді ерік өзіме, Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме»!  Саналы болу үшін белгілі бір сынақтардан өтіп, кемелдену жасы болатынын да ескертіп, ойшылдықты жас кезіңнен бастап қалыптастыр деп; «Қызба бастық жасыңда. Қызылшыл семіз.. Бір үлкен борыш басыңда. Жуасты мін де..Жоқ жемеге шатылма. Ұры, залым, қуларға.. Жылқыны аңдып ұры жүр Әр төбенің басында. Ой көзімен қарасаң, Қойдан жылқы асыл ма? .. Мақтан қума керек қу, Ойсыздарға қосылма. Қойыңда ақша, қолда қой Күзетке оңай шошыма!» Жылқы мінезді болма, бос жайылып, тек өмірге ұрпақ жарату үшін ғана айғыр болма, өнер ізде, халықпен бірге сөзінді, ана тіліңді бақ, ата-ана борышын өтеуді ұмытпа, аруағыңды қолыңа өнермен жина деп ескертіп, қазақ шариғатының дінінің үлгісін сананы қалай сақтауды және қазақ философиясының жетістігін көрсете білген. «Аруақ қолда!» деп жауға да шапқан аталарымыз құдайдың құдіреті қолмен анықталатынын айтып және жаратушының хикметін үнемі дәріптеген діннің дұғасы болып есептеледі. Есептік жүйесін бұрынғы басылымдарда жазғанмын, болашақта әлде де ғылымын көрсетерміз. Сондықтан құдайының құдіретін қолынан іздеген, өнерін, салтын, дәстүрін құрметтеген қазақ  бауырларым; «Мал—жаның аман ба ағайын!», Жылқы бағасың ба, әлде қой бағасың ба?

Жалпы енді қазағымызда шопандығымыз қалай, ойшыл шопандарымыз кімдер? Аз ғана тоқтала кеткеніміз де жөн болар. Жалпы әлемге келген дүниенің ғана қайғысы қазақты айналып өткен жоқ. Оған енді айғырлық қылып, тек өз үйірін, ымыраластарын көбейтуді ғана мақсат еткен жылқышы партия құмарлар мен қаптап кеткен жазғыш, білгіш саясаткерлер  өз үлестерін аянбай қосуда. Халық аштан қырылып жатыр, ел басы өз адамдарын қасына жинап, алып жеп  жатыр, шет жұртқа тығып, асырып жатыр, мені қойсаң түк еңбек етпей бөліп беріп шошқа сияқты жатып жейсің,  әділеттілікті орнатам деп халықты сары уайымға салып, одан қуат алған елдің басым бөлігі арандары, нәпсісі онан сайын ашылып ондай уайымын ауыздықтау үшін қанға айналдыруға тамақты қайта-қайта жеуден ауыз босамайтын түрлі әдеттерді үйреніп, өзіміздің қанға сіңген той тойлау мен «тойшылдық, күлкішілдік» қылықтармен асымызды сіңіруге бағытталған салттарды қалыптастырып оны дәстүрлік, яғни ем-шипа деп атап алдық. Бұл біздің елдің шопандарының жаңадан қалыптастырып жатқан салттары. «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа, Аларында шара жоқ алдамасқа. Табысына табынып, қалтаң қағып, Тойғанымен қалғанын берсе алашқа..Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар Сорпа-сумен сүйекпен сүйдірмекке...». Малмен болған ағайындықтың, партияшылдықтың дінге де, қазақ ғұрпына да жат қылық екенін ескерткен. Енді бұндай шеттен келген дертімізге «Қотыр атқа соқыр ат үйір болады» дегендей бұдан біздердің ойшыл ғалымдарымыз да, дін имамдарымызда өз үлестерін қосуға жан сала кірісіп әйтеуір қазақтың ойы мен тілінің арасына сына қаға білгенін басшылыққа тағайындайтынын жақсы біліп алған.

Мысалы, «Ақ жол» деген партиямыз бар. Ақ жол Құдай патшалығы деген ұғымды береді. Яғни, құдай ісін жүргізуші періштелердің жолы мен құдай сөзінің жолы болып танылады. Сол ақ жолдың «құдай өкілінің» қазақтың таңбасын өзгертуге, яғни Ыбырай атамыздың арамыздан елші болып тіл ғылымын дамытқанын, құдай үкімін жалғанға шығаруға тырысқан жиналыс пен өзі сияқты кітаптан үйренген ғалымдарының пікірінен ел басымыз орнын аустырып бір құтылдық «Кер-атадан» келе жатқан ежелгі таңбамыз орында қалатын болды дегенбіз. Сөйтсек бәрібір ондай қазақ даналығына қастандықты төрге шығып та жасауға болатынын дәлелдеп кетті. «Бастық» деген жаман сөз, адам баласын қорлау деген ән пайда болды. Яғни біздің аталарымыз да, оны түсірген құдайымыз да қателескен екен. Олай болса; «ас-тық»- ұры, залым, егеу құйрық, «қа-тық»- еркектің ұрығын ұрлаушы, «айт-тық» -сөз ұрлаушы, «қайт-тық»-кім тығылған?, «ар-тық»-арсыздық, «ақ-тық»-шайтан, қу, «сақ-тық»-текті ұрлаушы, тығушы бір жеріне, т.б. қазақтың бүкіл «тықтарын» тығып өзгертуге тура келетін болды. Қайтеміз, шыдаймыз да  «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса!». «Бастық»- сөзі негізінен бас қадірін біліп, телпектің астына жасырған, ойшылдық дәрежесіне жеткен, сөзіне еге құрметке лайық еркек деген мағынаны білдіреді. Қазаққа бөріктің қадірін білген бір тілмен ойды бұзбайтын сөзге кемеңгерлер басшылыққа келіп «Ақ жолды» құдайдың өз еркіне қайтаруды ойламаса, болашақта соны басқарған, ақ жолдық партияшыл шопандарының бәріне жаратқанның лағнеті түсуі сөзсіз. «Барымта мен партия-Бәрі мастық, жұрт құмар. Сыпыра елірме, сұрқия, Көп пияншік нені ұғар? Татулықты, тыныштықты Қоңыр көрер, кем көрер. Ұрлық пенен қулықты Қызық көрер, өңі енер.» Енді «зайырлықты» немесе «светское государство» дегендерді сөзден ұялмайтындардың, құдайдан қорықпағандардың өздері білсін деп ақырын тосамыз да. Әйтеуір бір уақытта ар-ұждандарынан хабар жібер деп жаратқаннан тілейміз ондай пенделеріне. Ал негізгі діншілердің шопандығы енді болашақта жылдар бойы жырлауға қашан тіл, ой мүкістерінің қайта қалыпқа келуіне ақын, жазушы, малшы, қойшы, егінші, ұсталарымыз түгелдей жабылмасақ жуық арада төрелеріміз бой бермейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *