Егеменді енді қазақ елің бар,
Ну орманмен, кең байтақ жерің бар.
Асқар тауың, талай қырат белің бар
Кемдігі жоқ бірлігі бар елің бар.
Жамандаймыз, ел билікті даттаймыз,
Бере берсе, әулие атап мақтаймыз.
Ғалымдар жүр ел санасын көтермек,
Дейді қазақ ұлтын мәңгіліке сақтаймыз.
Ана тілің арың, деген халықпыз,
Айта-айта бұл сөзді де жалықтық.
Неге?- деген сұрауы көп сауалмен
Сын айтуға бүгін міне жарыстық.
Өзге елге қарғанда сұлуы көп халықпыз?
Сөзден сұлу, туарын білмейміз анық біз.
Әйел деген сұлулықтың өнегісі Хау анадан
Адамнан туған еді, оған мүлде қанықпыз.
Әрбір нәрселерге ат қойғасын сұлулап,
Сұлу сөзді сақтай білсең, ол шырақ.
Көркем сөзден қабырғадан жаралған,
Қисық жерін түзей алмас еш адам.
Баста көркем бола алмаған адамзатта,
Білім аз боп, шаруа –өнер дамыматта.
Сұлулығы адамзатың кем болып,
Қара нәсілден көп таралғанды адамзатта.
Адам ата алғашқыда қызы ақ, ұлы қара,
Ойласаңшы неге бұлай болған шара.
Хау анамыз ділін таза сақтаған соң,
Қан тектен таралғанды біздей пара.
Осылай қисық қабырға болған таңба,
Сақ таңбасы исламда болған жаңа.
Жарты ай қисық қабырға ділі қазақ,
Мұны енді түсіндірген ғалым бар ма?
Түзетуге бұл кем- қисықты дінді берген,
Біздердей ұрпақ даналықтан жөнделген.
Жер бетінде қарсаңшы түрлі түстерге,
Және аңғаршы айтқан көркем сөздерге.
Сұлу сөздің, білімін қазынасын кім білген?
Оны жұмсақ көркем мінез діл деген.
Ар ұяттан, қалыптасар, қырық үйдің ағашы,
Байтал шауып, бәйге алмасың тіліңменен.
Әйел болар елдің қазынасы байлығы,
Мықты болса басқа тартқан жаулығы.
Ұрпақтары қаны таза сұлу-текті боп,
Нағышыдан болар деннің де саулығы.
Текті қыз ғашық болған қазағымда,
Сөзі күміс жыршы мен ақынына,
Биді туған текті ана ғашық болар
Сөзі майын тамызған ердің асылына.
Әке сөзі көркем болса, қыз сұлу,
Ана ділі таза болса нұрың біл.
Екі жақсы қосылумен осындай,
Қазақ ұлты жоғалмай жерде жүр.
Мағжан атаң аманаты біліп жүрсең,
Ақыл тапсын, сөзді қиядан іздеумен.
Нақыл білсең, бой балқытар сөздермен,
Айтқан сөзім нәсіл болмай босқа кетсе,
Бастарын бағаламай, тәні ашық күн көрген
Ақ жаулықсыз қатындардан көрші деген.
Абай атаң қазақ ұлты ұзын сөзді, деп,
Сөз түзелді енді қазақ түзелші, деп.
Сырты күміс, ішін алтын сөзді жазды
Текті сұлу ұрпақтар қазақта туылсын деп.
Еркек сұлу болмақшы, білімді сөзімнен,
Әйел сұлу болады, жұмсақ діліменен.
Екі мінез ғашық болып табысса некеменен
Ұрпақ текті туылар, ұлтының тілін сүйген.
**** **** ****
Ақ тегің Адам ата тегіңнен біл,
Нағашы атаңнан да белінен дүр.
Адамдық сыртқы бейнең, нәсіл тегің
Шал емшегін емізген көгіңнен түр.
Сыртың сұлу, аппақсың ішің қандай?
Ішкі дүниең ар-ұяттан үнің бар ма ай?
Шешеңнің қаны арам, ділі толмай,
Тіліңе құштарлығың болған сондай.
Ұлтыңның тілін білмей, мәңгүт болсаң,
Тірілей жетім қалған сен бір жынсың,
Шешеңді шырылдатып тозаққа атып,
Қарғысына аруағының қалып жүрсің.
Күнәдан жаралғанды бүкіл адам,
Саған себеп болды емес пе ата-анаң?
Күнадан тазартып, ақ сүтін ақтамасаң,
Ұлтың қазақ, тілің шолақ — болдың хайуан!
**** ****