Қос қолдан шыққан қуатың,
Өндірген өнім суатың.
Екі қол ісіне қарсылық,
Күнәға дауа болатын.
Басыңа қиын іс түссе,
Кінәліні басқа іздеме.
Екі қол ісің тағдырмен,
Бірі себеп, бірің көлеңке.
Болмаса ғылым қуаты,
Жаныңның жарық шуағы.
Байланып ақыл қазыққа,
Түрлі себеп қорқыныш туады.
Білектің күші еркекте.
Жығатын бірді күрессе.
Қайраты болар тәндегі,
Жын қуат күші еңбекке.
Ақ білек қасиет жұпарлы,
Жанынан нәзік шықпағы.
Ақ бақсылық қасиет Мұсадан,
Құранда ғибрат болғаны.
Сегіз жыл жүрген жалданып,
Ет малды күнәдан тазартып.
Ақ білекті жар алып,
Бүтіндікпен білекті ағартып.
Әр мүмінде жүз қойы,
Жан пен рұқы қосылса.
Ақша иман табысы,
Айналған ақ қуатқа.
Қатынға таза саусаққа,
Мойын боп бұрар қуатқа.
Жалғасқан жұмыр ер басқа,
Жазылар рұқтан мойынға.
Ақылдан туар талабың,
Ғылымнан белгі сананың.
Ноқтадан сегіз тағынған,
Қосылған қуат жан атың.
Әке, ата атын дәріпте,
Жалғанған есімдер ділдікке.
Қос атты мінген Сүлеймен,
Айналған тірі өлікке!
Жаныңмен мініп тұлпарды,
Тылсымнан жанға шуақты.
Кеңшілігін Алла аралап,
Иманнан қуат қоспағы.
Селкілдек кетіп сүйектен,
Самайға кірер ақ текпен.
Қайназар атаң белгісі,
Ыбырайым жол меңгерген.
Тепе-теңдік дұрыстық,
Ғылымнан суат жұғыстық.
Жан мен рұқты теңдеген,
Екі жарты бір бүтіндік!
Құдайым деген бала бер,
Бала берсең сана бер.
Ақ білек, жатыры тазадан,
Әлемге жарық өндірер.
Ұрпақта сана жоғалса,
Діл тозып, қан азса.
Өнер, білім, күш қайрат,
Болмайды ғылым жалғанда!
(Желтоқсан 2018 жыл)