Тектілік иманмен(208)

Бөлім: Зікір өлеңдер 62

Жапырағы иман сарғайып,

Жаңадан шықса жосыла.

Бүршік атар негіз болып,

Тек ағашы жайқалса.

Бәйтеректей терең салып,

Түп-тамырың боп қазық

Ұрланбас еді жан жарығы.

Болмаса егер қиянат.

Тұрықтайтын сезім емес,

Өзі іздеп тілге келмес

Иман деген бір ақша,

Сендім деумен қолға бермес.

Тер төгесің, талап етіп,

Жинақтайсың бір қапқа.

Ана сүті қанға сіңіп,

Тіліңмен ана қуатқа.

Тәнің тозып және әлсірер,

Бар қайратты сарқып боп.

Құлшылықпен көктен тілер

Аманат, мирас қазық боп.

Несібесін түп-түгел алар,

Тағдырын өзі тазартқан.

Жеті жанын түгел қылар,

Ағашын тектің суарған.

Талаппенен рахым егіз,

Талаптыға нұр жауар.

Талапқа ноқта болып сегіз.

Сабырмен сыншы бақылар.

Қараңғы соқыр жүрегі.

Көңілі артқа кеткенді.

Құлағы бар кеңіреу,

Көрмес, сезбес мұндай сәулені?

Келмес шындық дерегі,

Құпия білім иман сөздері.

Келтірдім деп иманды,

Тексіздік болар сенгені!

(Желтоқсан 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *