Тағдыр үні жүректе (202)

Бөлім: Зікір өлеңдер 86

Шыр көбелек айналған,

Дүние өтер түрленіп.

Бір орында тұрмаған,

Тірлік өтер тербеліп.

Тағдыр кітап ашылған,

Өмір болар жазылған.

Адамдықтан қалмасты,

Ар мен мансап сыр болған.

Саусақ қолды қозғалтсаң,

Жүрекке қуат қосылған.

Таза ақылға жалғантып,

Жүректен сана ашылған.

Жүрдек уақыт ұзарған,

Бақыт күйі қысқарған.

Өткінші де тұрақсыз,

Алдамшы сезім жоғалған.

Елес емес алдамшы,

Нағыз досың болмақшы.

Ортақ дүние тыныштық,

Адалдық қадірін кім тапты?

Өткен өмір жолдасың,

Дүние қызық сырласың.

Көлеңке етер күнәң бар,

Ескерусіз жын боп қалмасын!

Адасып қаңғып оралар,

Жүрекке себер уы бар.

Өкініп, тәубе қылмасаң,

Тағдыр боп қайта жазылар.

Көрген, алған бейнетің,

Талаппен жүрек сүйгенін.

Адамдықпен өлшеніп,

Дос болар жарық зейнетің.

Түсінген мәнін өмірдің,

Түзетер пенде сенімін.

Жалғандыққа төзе алмас,

Естіумен жүрек күй, үнін.

(Желтоқсан 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *