Қырық жамау жүректер(201)

Бөлім: Зікір өлеңдер 61

Селкілдеген секемшіл,

Жағалаған мешітті.

Лә илаһа дұға оқыр,

Делқұлының белгісі.

Артық көрген Құдайдан

Бар Құдаймен жоқ ісі,

Растығы тәпсір білімі.

Әлмисақтан хабар жоқ,

Қарсылықта нәсілі.

Көкейге жинап тозғанды,

Жүрекке жинар жамауды.

Пәншілік бар ілім жоқ,

Құдайдан алған аяны.

Шорт кетеді ылдилап,

Пәлсапаға ұрады.

Абайын оқып түсінбей,

Білгіш болып шатады.

Күреспек Алла жолында,

Кімге қарсы шығады?

Алланың жиған әскерін,

Адасқан жын, деп қорқады.

Әруағын көзге ілмейді,

Алладан басқа атады.

Шым-шытырық жасанды,

Түс көрсе оған нанады.

Құдайдан хабар алдым деп,

Жаманды жақсы қылады.

Жақсыны көзге ілдірмей,

Бүтінді бөлшек қылады.

Қампитып керіп кеудесін,

Ығысады сәуледен.

Нұрдан тарап шағылған,

Жалғанып алып теріспен.

Қияң кескі ұрысқа,

Салынады өзара.

Бірлік пенен береке,

Табыстық жоқ арада.

Қазақ қайдан оңады,

Қу тірлікке алданып,

Айналып тағдыр соғады.

Жиһан кезген білімді,

Мақтан тұтып асады.

Қыз, қатындар қытықсыз,

Ар, ұяттан аз амалы.

Қырық жамау жүрегі,

Елдігі қайдан болады?

Елдігі жоқ ұлтының,

Тектілігі азады.

Діл бірлігі қазақта,

Қанында бар жұлдызы

Қай ғылым мұны санады.

Белгісі оның көгінде,

Ойпаттымен әулие мазары

Тоғысады нұр сәуле

Жер бетіне сияды.

Жалықпайды ұғынған,

Жүректе болып санасы.

Басты шұлғып иеді,

Тілінде болып тобасы.

Иген басы Аллаға,

Аянның болар кітабы.

Домалайды өріне

Тасы дария асады

Шомылады суына

Ой асылы маржаны

Нұрын төккен сәниге.

Номадтық тек нәсілге,

Жүрекке іңкәр қосады.

(Желтоқсан 2018 жыл)

**** *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *