Жазымыштан озымыш жоқ демек,
Көтердің деген сөз, бос емес
Тағдырдың салған тәлкегін,
Қарсылықтан текті меңгермек.
Тағдырың тағы не салар,
Басқа деп, көңіл күп болар.
Түзе деген, қолмен күнәңді,
Жақтырмас пенде жындылар.
Өзіне әркім көз салар,
Лайықпын, деп ойлар.
Жақсылығын бар дүниенің,
Алсам деп, тағы қол созар.
Мал дүниесін тот басар,
Ақталмай артық жүк алар.
Күнә үстіне күнәні,
Жабыстырып қостырар.
Надандыққа жол салар,
Тәкпарлықпен көңіл қатайар.
Құдайдан тілемей кеңшілік,
Ризық, несібе байланар.
Тағдырың жібі жалғанар,
Жеті атамен жүрек бір болар .
Күпір сөзбен күмәнмен,
Ауырлап тағдыр жүк қосар.
Жақсылыққа жете алмай,
Күніңді бұлт жапқандай.
Жәутеңдеген қара көз,
Тағдырлар тұр жалғанбай.
Игілікке созып қарманбай,
Түйсікпен сөзді ұға алмай.
Езілген босқа жүректер,
Құр сөзбен жүктен босамай.
Тағдырын іздеп таба алмай,
Жоғалған уақыт сағымдай.
Бақыттын іздер байлықтан,
Жібіне Алла жалғанбай.
Намаздар ғапыл ақталмай,
Құдайдың ісін қолға алмай.
Игілікпен сауапсыз,
Иманды іздеп жалғанбай.
Тағдырдан тағлым сөз болмай,
Аянмен көріп жоба алмай.
Жазымыштан озбассың,
Ақиретке көпір сала алмай.
Тағдырға қуат қоса алмай,
Жібіне Алла жалғанбай.
Өмірің зая өткені,
Тегіңді танып суғармай.
(Маусым 2018 жыл)