Қажырлық, қажылық-Назареттік ант!

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 41

Жалқаулық пен селқостық.

Сенделмеден келген сын.

Болса бойда қажырлық,

Көп нәрсені жеңерсің.

Жалғанып қайта тағдырға,

Жамандықты ұмыттырып,

Жақсы ой енер бойыңа.

Сыйлап көзге нұр сәуле,

Кеңдік салар арқаға.

Соққы берер тапжылтпай,

Содыр менен сойқанға.

Келтірер иесін,

Шаш-етектен пайдаға.

Еңбек, сүйгіш зорлылық,

Пайда болар бойыңда.

Қозғау салып жүрекке,

Айналдырар ояуға.

Мейрім, ынсап жалғанып,

Айналасың адамға.

Астамшылық көздерін,

Қарсылықпен жойарға.

Ыждағатылықты өсіріп,

Қуат қосып өн бойға.

Көппен ермен әдетің,

Күйлеген дүние жалғанға.

Шауып түсіп түбінен,

Болашақты ойларға.

Қажырлық жинап қайратты,

Бас идірер ырысқа.

Ынсап өлшеп талапты,

Тау астырар мойынға.

Жұмбақтап айтқан асыл сөз,

Шер тарқатар ішіңнен.

Сұлу мінез қалыпты,

Алып шығар ізімен.

Менмендікпен көк беттік,

Шудай тартып жібіңді.

Жер қаптырар өкпені

Үлкен қылып өсірер,

Мен-мендікпен кектерді.

Қыз қылықты болса егер.

Мінді нәрсе жуымас,

Артынан қорған ергізер.

Қамал болып қалқаяр,

Тағдырдан хабар білгізер.

Шешендік пен ділмарлық

Егін болып егілер.

Бәйшешек толы бақшаны,

Ар-ұяттан өсірер.

Құпия білім, иманды,

Жанына сый еткізер!

(Маусым 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *