Талап пен ақыл  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 318

Талап деген жүйрік тұлпар сынды,

Бабын таппай мінгенді қылар жынды.

Тауға ұра ма басыңды, тасқа ұра ма,

Ал енді оған кісі қайтып мінді.

Талап шапса ақылға мініп алып,

Жақсы жаман бәріне бірдей салып.

Анық ақыл адымын аштырмайды,

Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып.

Талап деген ындынмен ентелемек,

Ойға алып, қызыққанын қылсам демек.

Ол ісі орайлы ма, орайсыз ба,

Ойланып оны ақылға салса керек.

(Б.Т.К)

***  ***

Жанның бар төрт қуаты түгелденбек,

Төрт ақылдан іштен, тыстан хабар білмек.

Талаптыға нұр жауар деген нақыл,

Адамзатқа түрлі әрекет, өнер іздеттірмек.

Талапты қаракетпен жыннан десек,

Сегіз жын тәндегі бар бірлей білсек.

Сегіз түр малдық қуат — күш қайратың

Ақылмен барлық істе бірге жүрмек.

Төртеуді түгелді бір ақылды есті демек,

Ой қуаты жетілcе, асыл сөзді іздемек.

Тіл мен ойдың арасын жалғап тұрса,

Бір ақылды есті жан, адам демек.

Көріп, естіп, ойлаумен сөз сөйлемек,

Баста бар төрт қуатың жын боп өнбек.

Жыныс қуат- ындының талапты айдап,

Ойлағанын орындауға құштар бермек.

Талапты жыныстық сипат қуат демек,

Әр жынысқа ындынымен іс білдірмек.

Ұлтының дәстүр-салтын тастап қойса,

Тексіздік шайтаннан жын бейнеленбек.

(Б.Т.К)

****  ****

Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы,

Түбі-жүрек, болады мида басы.

Орынсызға ұмтылмай тоқтатуға

Талаптың алты түрлі бар ноқтасы.

Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық-

Талапқа алты түрлі ноқта тақпақ.

Алтауының ішінде ынсап әділ,

Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық.

Ынсап деген аспайды кем қалмайды,

Орнын таппай ол, сірә, қозғалмайды.

Рахым жақсы көреді аяғанды,

Адамға қаттылықты ойға алмайды.

Ар деген-адамшылық, намыс деген,

Арың кетпес жағыңа қарыс деген.

Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,

Сөз емес күншіл болып, алыс деген.

Намыс сол-өзің қорлан кемдігіңе,

Құрбыңмен ұмтылып бақ теңдігіңе.

Алмай өс алдыңғының аяғынан,

Соқтықпай өзің іздеп еңбегіңе.

(Шәкәрім әулие)

***   ****

Алты ақыл, талапқа ноқта кигізерлік,

Талапқа бағыт сілтеп  жүргізерлік.

Күншіл, надан,  білімсіз, еріншектік,

Артық қылмақ, мақтанмен өзгешелік.

Алтауының ішінде ынсап санар,

Есебін бар істің болжап тұрар.

Ынсап-сана көңілмен бейнеленіп,

Көңілге тыныштық беріп талап қонар.

Ер көңілі алтымен жүкті болар,

Әйелден бес қуатпен ұждан шығар.

Бесті беріп алтыны алмақ керек,

Ер көңілі жүктелсе текті туар.

Ар-намыс көңілден ынсап, талаптыдан,

Сақтығың жат пен жады тоқып алған.

Сабыр — иман жемісі, дәрежесі,

Ішкі дүние байлығың болжап тұрған.

Рахымың жан аярлық мінезің де,

Тән қамын ойлап жүрмек керегіне.

Аманат жаның басыңмен бірге келген,

Төрт ақылмен «мен» болады жемісі де.

(Б.Т.К)

****  ****

Ұят сол-аулақта ұял көргендей-ақ

Ұрланған малың шығып, бергендей-ақ.

Орынсызды істеуге өлгенше ұял,

«Ұят күшті өлімнен»-дегендей-ақ.

Сақтық деген-әр қашан байқап жүрмек,

Пайда ма, не залал ма, ескерілмек.

Көргенін, естігенін еспекке алса,

Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

Оймен, талаппен болды сегіз,

Айтылмай енді қалды неменеміз?

Өзге жақсы мінездің бәрі-дағы

Шығады осылардан түгел деңіз.

Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан

Анық төмен болмай ма хайуаннан.

Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан.

(Шәкәрім әулие)

****  ****

Ұяттылық- қызыл қуат, беттің жүзі,

Махаббаттың жанға берген ақыл тегі.

Байқасаңыз ақыл барды ұятпенен,

Аңғарымпаз ақылдан сезім күші.

Қан тазарса, таза болмақ беттің жүзі,

Бойжеткен қызға тән қуат ұлттың ділі.

Махаббаттан нәр болған ана ақ сүті,

Төменгі сана-етек, ақ жаулық қуат күші.

Адамзаттың 8 түрлі болар жынмен ісі,

Сабыр, сақтық, ой, талаппен болар кісі.

Ынсап, рахым, ар, ұят жанға қуат,

Адамдықтың бұл бір қуат күші.

Нақылда ер жігіт сегіз қыр, бір сырлы,

Мәңгі өлмес аманат жан Мен бүтіндігі,

Екі төртпен сегіз қуат түгел болмақ,

Ар сауытың Алла тағала сегіз түрі.

Жете, жады, жат, зейін, зерде,

Зерек болып, санамен ынсап білсе.

Талапқа алты ақылдан ноқта болып,

Адамдық ар, ұятпен іс меңгертсе.

Ғылымменен жарық шам болар менің.

Ұят жетек ақылға бермек сырын.

Сана толмай, ар сауытта болса мінің,

Ынсап пен жан, талап, көңіл болмас тегің.

(Б.Т.К)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *