Тәпсірмен серік қосып, аяттарды арзан ақшаға бағалау көріністері.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 79

       «Тәпсірші деген атақ бар, Тура айтсаң молда қақақтар, Ой-жотамен адасқан тәпсірде талай шатақ бар.» «Білмеймн» деген иман ба? Ол ақылға сыйған ба? Айтудан ақыл тыйған ба? Жасырады иманын. Философ сөзін оқыдым, Талайын ойға тоқыдым. Кітабын да көргенмін, Әулиеменен сопының. Бәрін де сынға салғанмын Керектісін алғанмын. Ашып, алып тастадым Тал басының қотырын. Саяз ақыл бас ұрған, Мақтауын көктен асырған Жаба тоқып жасырған Талайдың жардым шиқанын. Ақылдан адас қалмаймын, Дәлелсіз сөзді алмаймын. Бос жетекке бармаймын Көтермеймін қиқаңын!» (Шәкәрім ғалым-сопы)     Енді кезінде ғұлама аталарымыз сөздің іріңдеген шиқандарын жарып, сөз қотырын тазартып кейінгі ұрпақтары біздерге табаққа салып тарту қылып осымен жүрсеңдер адаспайсыңдар деп аманаттап кетіпті. Бірақ есекжем түскендей қайта сөздеріміз қотыр, шиқанға айналып, ана тілімізден, асыл сөздерімізден жиреніп, жанымызға жат сөздерді қалай төрімізге шығарып, төбемізді тазға айналдырып қиқаңдағандар кімдер? Алдыңғы басылымдарда философ, психолог ағайындарымыздың шатпақтарынан аталар аманатымен салыстырып аз ғана хабар бергенмін. Енді дін философиясына бір көз жүгіртіп көрейік; жоғарғы мәртебелі арап танушы хазірет-шейхтан діни сауаттымын, құранды арапшадан төте оқудан артық білемін деушілер саны қазақта аз болар деген оймен атын атамай-ақ, кім екенін өздеріңіз іштеріңіздегі Алланы еске алудан жібіген «сілелеріңіз» ғана білсін, сол кісінің құранда бір ғана аятты аударған жерінен бір ғана мысал келтіре кетейін. Мысалға; «Сендер біртұтас Алланың жібіне жабысыңдар» деген аятты «Алланың арқанына жабысыңдар» деп аударғанын оқыдым. Алланың жібі дегеніміз біздер өлшеп көре алмайтын ақылы толық әрбір пендесіне ұйқы кезінде жұлдызымен және жер есіктерімен жалғанатын ақыл сәулесін айтады. Яғни әрбір пенде көктегі өз кітабына жалғану керек. Және бұл жіптің ұшын тауып, оны Мұхаммед пайғамбарымыздан уахи-батамен алу керек. Өйткені Раббымыз; «Сен тура жолды бастайсың» деп ескерткен пайғамбарымызға. Ал «арқан»-деп ол қанға, жынға байланысты бұлт пен арадағы жер жүзіндегі ұлттық, рулық шектерді белгілейді де және бұл ұғым ана тіліне, анамыздың арқасына нағашымызға байланысты. Сондықтан ондай туысқандық арқанды; «Үйдің жақсы болуы ағашынан (арқанынан), ұлдың жақсы болуы нағашысынан (ар және қанынан)» Ар мен қанда 9 «тін» болу керек. Мән бермей оқыған кісіге арқаны не жібі не бәрі бір. Ал аят санымен мүлде ғылыми негізі өзгеріске түседі.

     Осындай әр сөздің үндік ерекшелігімен аят ішінде өз орнын таба білген ғылыми аударма ретінде Халифа Алтай аудармасы алдағы бір 50 жылдықта құны жоқ аударма Құран болып табылады. Ақиқат бастауы атты кітабымның бірінші бөлімінде үш түрлі қазақшаға аударылған құранды салыстыра отырып аят мағыналарының құран сөздерінің өз орнын сөзбе-сөз аудармағандықтан мағынасының мүлде өзгеріске түсіп бұрмаланатынын көрсеткенмін. Болашақта мүфтият хазірет, ғалымдарының діни пәтуаларымен құран аяттарын мүлде теріске бұрмалағандарын, намаз оқу қағидаларының да құранмен көптеген қателіктерімен, мешіттерде Алламен қосып тәңір шақырып, сонымен дінді тарылтып, елдің де пейілінің тарылуын қалыптастырғанын, дінді аздырушы зұлымдыққа түскенін дәлелдейтін де кез келер. Енді оған тоқталмай-ақ атақты дін танушы арап танушы ғалым ретіндегі Қайрат Жолдыбай ұлының аудармашылық қабілетін, яғни діни сауаттылығын салыстырып көрейік. «Ол (Алла) саған Құранды түсірді. Онда мағынасы айқын мұқам(??) аяттар бар. Олар Құранның негізі һәм тірегі. Ал басқа аяттар болса, мағынасы ұғынықты емес мүтәшабиб(??) аяттар. Жүректерінде қыңырлық бар жандар(??) «қалай бүлік шығарып (адамдарды адастырамыз Һәм қалай нәпсі қалауымызға қарай) олардың жорамалын жасаймыз» деп мүшабиһ(??) аяттардың соңына түседі. Шын мәнінде, оның нақты жорамалын(??) тек Алла біледі және ғылымда тереңдегендер(??) де, «Біз бұл кітапқа (мұхкамі мен мүтәшабиһына???) толықтай иман келтірдік. Барлығы Алланың құзырынан(??)» дейді» (Әли Ғымыран сүресі-7 аят) Бұндай аударманың тіл сауаттылығына Пайғамбарымыздан; «Дүниеде екі тілді болған, екі түрде сөйлеген адам кісіге қиямет күнінде Алла тағала оттан екі тіл береді» деген» (9-өсиет) «Жалған сөйлемеңіздер, жалған сөз иманға жат.» (305-өсиет.) Тіл ғылымының заңдылығына бағынбай арап сөзін сол қалпында тықпалау, арап тілін де, қазақ тілінде сол тілде жазатын, сөйлейтін ғалымдармен де санаспаудан: «Көпшіліктің назарын аударатын абыройға еге болу-жақсылық емес. Дегенмен ол адамды Алла тәкаппарлықтан сақтаса зияны жоқ.» (326-өсиет) Ал тілге тәкаппарлық жасаудан; «Жамандыққа ұшырамаймын десең, тіліңді тый, бәле тілден.» (336-өсиет).

     Енді бұл өзін-өзі арап тілін меңгерген, дін танытушы ғалым етіп көтерген және мүфтияттың ғана емес соңынан ерген көпшіліктің де алдында осы қабілеті арқылы абыройға ие болған дін қандасымыздың білімін Халифа Алтай атамыздың аударуымен өлшеп ақылға тартып көрейік; «Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы. Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алла ғана біледі». Сондай-ақ ғылымда озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді.» (Әли Ғымыран-7) Бір ғана аятты бөліп алып серік қосушы деп жазғыра салу негізінен қазақ иманына жат қылық болғандықтан тағы бір аятты салыстыра кетейік; «Алланың қолы байлаулы дейді яһудилер. Өздерінің қолы байлансын! Осы сөздері үшін Алланың рақымынан қағылып, лағнеттелсін! Жоқ, тіптен олай емес. Керісінше, Алланың екі қолы (??) да ашық. Қалағанына қалағанынша (ризығын) береді» (Мәида сүресі, 64-аят) (Дін мен діл 145-бет) Халифа Алтай атамыз; «Және Яһудилер: «Алланың қолы байланған (сараң) деді. Бұл сөздері себепті олардың қолдары байланып, лағнеттелді. Керісінше, Алланың құдірет қолдары ашық, қалағанынша береді. Әрине Раббың тарапынан саған түсірілген (Құран-хадис) олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сондай-ақ олардың арасына қияметке дейін дұшпандық, өштік салдық. Сондықтан әрқашан олар соғыс үшін от тамызса, Алла оны өшіреді. Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады. Алла бұзақыларды жақсы көрмейді.» (Мәида-5). Қазақ тіліне жаны ашитын, сөз мағынасынан, астарынан хабары бар пенденің аяттың сандық мәндерімен және құран ішіндегі басқалай жасырын аяттардың ұғымымен салыстырып көрмей-ақ, жоғарғы аударманың мүлде сауатсыз екеніне күмән келтірмеуі сөзсіз. Осындай қазақ еліндегі мәлім болған үш құран аудармасының аяттарын салыстырып, талқылып қатесін жазып қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін дәріптеген «Ақиқат бастауы» атты кітапты Қызылорда облысында кезінде; дінге қайшы деп мемлекеттік жоғарғы құқық қорғау қызметшілері муфтият имамамдарымен, тілші жазушылармен бірігіп тексеріп тыйым салған. Сонан бері діни сауаттылықтың тіл, сөз сауаттылығына қатысы жоқ, «мазһаб» ғылымына ғана бағынатын ереже ме деген пікірге келдім. Менің арап тілінен сауатым болмағандықтан тек есеп ғылымынан хабарым бар екенін және қазақ сөзінің салмағын түсінуім бойынша Мүфтият ғалымдарының Алланың құдірет қолдарын қысқартып тастап, екі-ақ қолы бар екенін қайдан көргеніне, қалай есептеп шығарғанына таң қалып және тәнті болумен қатар, осы аяттарға күдіксіз серік қосып, ортақ қосушы зұлымдыққа ұшырап қалған жоқ па деп қазақ бауырыма жан ашығандық сезімімді де жасырмаймын.

      Мысалға мынандай пікірлермен өздерін сөз сатқан, аяттарды арзанға бағалап, ертегіге айналдырған тәпсірші екенін дін ғылымынан сауатсыздықтарын өздері дәлелдейді; «Алла еш нәрсеге мұқтаж емес дене ұғымынан(??) пәк. Ол еш нәрсеге ұқсамайды» (Д.Д.159-бет) Інжілдегі Ғиса пайғамбарымыздың рухани дененің қалыптасуы ғылымын жоққа шығарғанымен қоймай жоғарыдағы «Алланың екі қолы да ашық» деген өзінің аудармасын және «Алла Тағаланың көркем есімдерін себепкер етіп, мысалы «Рахман есімінің құрметіне деп тәуәссил(??) жасау. Бұл жайды Құранда: «Ең көркем есімдер Алла Тағалаға тән. Ендеше, Оның есімдерімен дұға етіңдер» (әл-Ағраф сүресі, 64-аят) делінеді.» (190-бет) Тән, дене дегендер тек тәуәссил (себеп) түрінде пайдаланылған сөз деген ой-жорумен, жаратушының ұлық сипаттарының құрандағы «тән» яғни үннен пайда болған жарық, яғни біртұтас рухани дененің белгілі бір денелік бейнесі бар мүшесі деген ұғымды береді. Демек муфтият ғалымдары көркем есімдердің белгілі бір сандық мәні бар ортақ денеден тұратын Аллаға тән болып есептелетін рухани денелік сипаттарын жалғанға шығарады. Және інжілдік жан ғылымына ашықтай жала жауып және оқып зерттемегенін білдіреді. Ал Құранда; «Негізінен Алла сендерді баураған» яғни сыртқы өріс (аура) бақшаларың, «денелерің», «ұрық қабы!» деп ескертудің астарында адам баласын қоршап тұратын көрінбейтін өрістік сипаттағы дененің қабтық (бақ!) құдірет сипатының болатынын ескертеді. «Дін мен Діл», «Ислам ғалымхалы», «Отбасы ғалымхалы», «Имани гүл» кітаптарының басылым иелері негізінен Қайрат Жолдыбайұлы мен Мұхидин Исаұлы, Ата әс-Сынбати, т.б. және қалған бүкіл муфтият және Нұр Мүбәрәк университетінің ғалымдар ұжымы пікір жазып, қолдау беріп бір жерден пәтуа алғанымен біріне-бірі қарсы пікірлер, тұжырымдар және басылым бойында бірін-бірі және өз сөзін де өздері қайта терістеп отырумен, сөз астарын зерттеу түгіл тілмен ойлары бөлек-бөлек, ал негізгі мақсаттары халықты тек намаз оқу арқылы «тура жолға шақырып» Ханафи масхабын ислам әлемінде теңдесі жоқ әрі жол, әрі бағыт, әрі көзқарас, әрі күнәдан ақталу жобасы етіп дәріптеп, өздерін тақуа, ғалым, тура жолдағы данышпандар етіп, абыройларын мағынасы ұғымсыз атауларды пайдалану арқылы көтеріп, өздерінің өте-мөте діни сауатты екендігіне дәлелдер келтіреді. Ал құран философиясы бойынша тура жолға түсу намаз оқудан басталмайды, ақылды жетілдірумен, ізгі қайырлы істермен және сұхбатты көркем сөйлеуді меңгергеннен кейін ғана намаз оқып жалбарынуға болады. Намаз оқу әрбір ғибадатты амалдардың және шүкірлік істерінің байланыстырушысы, үнемі ортасында болу керек және ақылдың тазалығымен ғана атқарылатын құлшылық болып табылады. Сондықтан дұрыс сөйлей білмей, есті меңгермей, есалаңдықпен намазға мүлде жақындамаңдар, «болмаса массыңдар!». Әуелі жастық-мастықтарыңнан айығып, ақылға келіп, жындылықтарыңды ауыздықтаңдар да сосын жаратқаннан сұраңдар деп ескертеді. Сондықтан пайғамбарымыз: «Жастық-есуастықтың бір бөлігі. Әйелдер сайтанның тұзағы.» (512-өсиет) жастар мен әйелдердің сезімге беріліп жын мен шайтанның қақпанына тез түсіп кететінін қатаң ескерткен.

     Осындай мазһабшыл ғалымдардың жазған еңбектерінен бір ғана кітапты құран және жан ғылымының аталарымызға белгілі болған хикметті істерімен, мақал-мәтелдермен, әулиелер еңбектерімен салыстырып талқылап шығу үшін бірнеше кітап жазу керек екен. Әрине барлық пікірлері дұрыс емес деп күнәлі бола алмаймыз, бірақ дұрыс сөздерін қайта өздері түрлі пәтуалармен оқырманның жүрегін жібітіп, ұлтшыл, дәстүрді сақтаушы, жан ашушы қамқор болып көңілін аулай отыра, байқатпай аю тұзақ құрып, оқушының иманын, ақылын ұрлап өздері де екі жүздіге айналғанын білмейді. Сан ғылымынан, жан сырынан бұл ғалымдарымыз мүлде сауаты жоқ және жаратылыс сипаттарын да, себептік байланысын да мүлде білмейді деп толық кепілдік беруге болады. Бұл мәселеге бұл басылымнан кейін де қайта-қайта оралып тек қана әулие бабаларымыз білген ақпаратты, жан сырынан аз ғана мағлұмат беру үшін ата-жолының дін мақсұтын түсіндіру үшін ғана әлі алда таратуға ыңғайлы, оқуға жеңілдеу қылып 3 кітап шығару керек. Әзірге жан ғылымынан бір ғана мысалға тоқтала кетейік; «Аллаһ кімді тура жолға салғысы келсе, оның көкірегін Исламға ашады. Ал кімді адастырғысы келсе, оның көкірегін бейне көкке көтеріліп бара жатқандай қысады.» (6-125) «Пайғамбарымыздың ұшақ жасап, биікте көтеріліп ұшпағанын және өмір сүрген Мекке, Мәдинаның төңірегіне төбесіне шыққан адамның кеудесі қысылғандай биік таудың жоқтығын ескерсек, бұл ақиқатты жеткізген Мұхаммедтің (с.а.у) (яғни жынды емес) шынайы пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының қалайша бас имеске?!» (И.Ғ. 213-бет) Енді бұл аятты Халифа Алтай аудармасымен салыстырсақ: «Сонда Алла, кімді тура жолға салуын қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңітеді. Және біреуді адастырғысы келсе, оның көңілін көкке шығып бара жатқандай өте тарайтады. Өстіп Алла, иман келтірмегендерді қорлайды.» (6-125) Бұл бірдей аяттардың аудармасынан атақты ғалымдарымыз көкірек деп, кеуденің ауа жетпей тұншығуы туралы, тәндік пенделік ой жорумен сауатсыз аударудан және тура жолды мәзһабтық философиялық тәндік сипатта түсіндірмек болып, сондықтан не жазғанын нені меңзегенін өздері де білмейді. Ал екінші аудармадан көңіл деп адам баласының жанының тазарып, кеңуінен, дін пейілі ниеті дұрысталып, арам ойлаудан, дүниеқоңыздықтан арылып және садақа, зекет беруші Алла жолында мал жұмсап, артық хайыр жасауға ынталы, мейірімділіктің, игілікке деген құштарлықтың иман қуатының артуын ескертеді. Ал, «тура жолға салғысы келсе» деген сөздің өзі «келе ме, келмей ме?» деген жаратушы ғылымына күдіктенген бос күмәнді және күнәні туындататын Аллаға серік қосып, ортақ қосу болып табылады. Оған себеп Адам атамыздан бастап жаратушымыз тура жолға қалай келуді үкім және адамзаттың парызы етіп алдын-ала білімін белгілеген сондықтан; «Салғысы келе ме, келмей ме?» деп жаратушыға күмән келтіруге мүлде болмайды, демек дін имамдардың муфтияттық тілімен «ширк» яғни сасық сөз. Ал тура жолға салуды кімді қалай қалайтынын пайғамбарлар арқылы нұсқаулармен үнемі ескертіп отырып, ал адамзаттың ғылым-білімінің жетілгеніне қарай рух заңдылығының білімін түсіндіру үшін арнаулы інжіл кітабын түсіріп Ғиса пайғамбарымызды соған басшылыққа тағайындаған. Абай атамыз бұл аятқа, «Көңіл» ұғымына; «Көңілдің күйі тағы да Өмірсіз жанның алды ішін. Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын. Жат жерде елге қосылмай, Сенімді доссыз жалтақтап, Көк қанат бейіш құсындай, Қу ағашқа қонақтап. Ол бұтақтан қозғалмас, Өкіріп дауыл соқса жел. Өзгеге бола жырламас, Ыстық күнді жоқтар ол. Жанымның жарық жұлдызы, Жамандық күнде жарымсың. Сөз болсын ескі ер сөзі, Кейінгіге қалынсын.».

      Атамыз тура жолға белгіні келтіретін хикметті «көңіл құсы» яғни ақыл жеткізуші жанның жұлдызын ескіден қалған пайғамбар, әулиелер сөзі «жарық» деп және оның белгісін аталардан қалған аманат асыл сөздер мен өлеңдерден шабыт арқылы тура жолын іздеуді және өмір мәнін жырлаудан іздеуді ескертеді. Ал ғалымдарымыздың көрсеткен «көкірегі қысылушылардың» шариғатын; «Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпен (тәпсір білімін қуып) көңілін алсам екен (өзге жұрттың) деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жаурынан бір қаққанға сатады. Тек майордың күлгені керек деп, к..ні ашылса да, қам жемейді…»(25-сөз) Шәкәрім атамыз көңілдің жан сырына көптеген астарлы өлеңмен сипаттап ашып көрсетіпті де және «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен ел көгерер» деген мақалдың сырын ашып беріпті; «…Жер жүзіне нұр жауып, Күн жылынды, шөп өсті. Бие байлап, қой сауып, Буаз малдан төл өсті. Жанған оттай жалындап, Жайлауға қарай ел көшті. Жанбақ түгіл жабырқап, Жаралы жүрек қайта өшті… Жаралы біздің көңілге Бір тамбайды сіркіреп. Таянды ғой өлімге-Қақырық басты кіркіреп… Көңілі жұмсақ адамның Күрмеуін тағдыр шешеді. Рахымсыз, пейілі жаманның Орны дайын деседі…Мен жау болсам, кім досың, Байқадың ба оны өзің? Өзгелерден сен шошын, Жау десең де, мен-көзің…».

      Атамыз көңіл дегенді жүрек көзі және адамзаттың ниет-пейілі деп түсіндіреді және «Мен»-ге тәуелді дейді. Оны біздің халқымыз сенген дін ғалымдары таудың басындағы қысым немесе өкпенің шаруасымен байланыстырғаны дінге, аятқа, жан сырынан арнаулы ұйымдасқан тікелей қастандық, болмаса надандықтың ең шайтан-біліміне айналған түрі. Аталарымыз: «Наданның кешірсе де мың қатесін, ғалымның халық кешірмейді бір қатесін» деп ескертіпті. Егерде жазатайым, мысалға орыстың бір құрмет тұтқан жазушысының шығармасын осылай сөз мағыналарын бұзып түсіндірмей-ақ тек философиялық қателіктермен аударып көр не болар екенсің? Орыстардың білімділері түгіл, өз қазағыңның жазушы, айтқыштарынан ғана сотталмай, кітабыңмен қоса күл төккенге айдалып кетпей немесе айып төлемей құтылсаң қуана бер. Ал құранды осындай екі жүзді ойшылдық пайымдаулармен хан-талапайға салып қойып үнсіз қарап отырған заңгерлер мен ғалымдар, сопылар, теолог, философтар құдайға да болашақта халық алдында да, өскелең ұрпақтар алдында «ар» сотына түсетін «уақ»-та түсер, ғалымдарымыздың осындай елдің дін көңілін тарылтып кеудеге — көкірекке айналдырып алған ұлтына, тіліне рахымсыз пейілдеріне деген үміт қана бар біздердей «діни сауатсыз» аталған қауымда. Оған дейін сабыр сақтап біздің шаруамыз өз қойымызды (ой-малымызды) бағу ғана. Сондықтан кітап авторының мына сөзіне; «Тіпті реті келсе де, келмесе де, арнайы кітап, аудио, видео өнімдерін халыққа таратып, мұны өзекті мәселеге айналдырғандарды Имам Мәлік көрсе не дер еді? Жауабын сіз беріңіз!» (154-бет) деп біздердей қара қазақ «діни сауатсыздарды» тексермекші. Бұндай тұжырымға; «Әсілінде, жалаң ақылдың бүгін тура дегені ертең қате болып жатады. Бұған кеше ақиқат саналғанмен бүгін шикілігі әшкереленіп жатқан түрлі «измдер» мен кейбір ғылыми болжамдардың өзі дәлел емес пе? Белгілі бір дәуірдің қол жеткізген мүмкіншіліктерінің аясында дұрыс пен бұрысты анықтау әрине қате. (тек арап елінің діннің өркендеген дәуірінен ғана үлгіні алуды ескертеді) Сондықтан бір қарағанда, қисынға қайшы секілді көрінген кейбір сахих хадистерді асығыстық жасап, бірден жоққа шығару өзімізді ертең ұятқа қалдыратын үлкен қателік. Міне, сондықтан Абай жалаң ақылды емес, «Нұрлы ақылды» үнемі насихаттайды.» (Дін мен Діл 265-бет).

      Дін ғалымдарымыз Абай атамызды қазақ еліне келген елші сақтың ұрпағы атамыз Имам Мәліктен кем қадірлемейтінін, ақыл аманаттарын оқып насихатына иман келтіріп және әулиелердің көріп тұратынан да хабары бар екенін жасырмай, хадистерді арзан жалаң ақылға айырбастаудан болашақ алдында ұят болатынын біледі екен, онда алда дәлелденетін ақиқаттың ащы шындығы; құран аяттарына бүкіл қазіргі мейлі масһабтық, мейлі толып жатқан «измдердің» дінге жасаған қиянатын әлем алдына жариялайтын кезге дейін «айтылған сөз, атылған оқ», болмаса «мұнафықтық», екі сөзді ал ісінде басқа, нұрлы ақылды-аяттарды арзан ақшаға айырбастай салған нағыз суайт шайтан адамы болумен қатар, соңына ерген бүкіл муфтияттық, масһабшыл «намаздың» жетілген, «тақуа» барлық «хандары да» шайтанның жамағаты аталмас үшін мүмкін иманға қайта келер деген үмітпенен; «Нұрлы ақылдан» хабарды аталар аманатын жеткізуді оқырмандардың ар-ұятына тапсырып, Абай атамыз; «..Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай болып сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр, Бүркіттен кем бе жем жесі? Жүректе айна жоқ болса, Сөз болмайды өңгесі. Тыңдағыш қанша көп болса, Сөз ұғарлық кем кісі…» «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын, Бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін… Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін, Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін… Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін. Адасып алаңдама, жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық, қамалмай.» «Өзіңе сенбе, жас ойшыл, Тіл өнері дертпен тең. Көңілдің жүгін қиял қыл, Ызаға тұтқын бой мең-зең… Өз бойыңа болып сақ, Жан-жағыңа қараңдар! Күн көріп жүр күліп-ақ сенен басқа жарандар… Күлкі болмай, қой жаным, Сен бүйтесің, ол қайтті?» десе Шәкәрім атамыз; «Ас бергенін дейді той, Ол-қасапшы, бұлар қой, Көп мисызда болмайды ой, Бұл не қылған ел еді!» «Алдағанға кеттің азып, Әпсін оқып үйреніп. Берді сайтан дұға жазып, Соны қылдың бой тұмар.» «Құлшылық қылдым деме құр Қобызға жаққан шайырды. Жазалы жаның сезіп тұр Жасырғанмен зайырды.» Сондықтан болашақ жетіліп келе жатқан көңілдері туғаннан зайырлы жастарымыздың араларынан шығатын даналарының алдында күлкіге қалмас үшін келіңдер, келісіп бір кітапқа жүгінейік! Тіл өнерінің дертінің емі де, тіл ғылымына мойын ұсынып бір сөзге көндірілмейінше қазақ дін танушылары ішінде алауыздық тоқтауы мүмкін де емес екенін ұғынайық. «Дін тазасын дін ішінен ізде!» деп ескерткен Шәкәрім атамыз. Құранның түсіндірмесі (тәпсірі) насихаты жоғарғы лауазым алу үшін есеп беру негізінде емес, көркем әдеби тілде өлең және шешендік сөздермен түсіндіруі керек. Әдеби және ғылымы санмен белгіленіп, әрі көркем шығарма түріндегі толық негізді құран түсіндірмесі Ясауи бабамыздың «Сәни дәптері». Бірақ оны түсініп оқу үшін құранның ғылымдық негізді аудармасын жылдар бойы қайталап оқумен бірге Абай-Шәкәрім еңбектерін сәйкестендіріп оқи білсеңіз өзінен-өзі құраның жан-жақты ашылып, сәни дәптердің де түсінігі қарапайымданып сананың жетілуін қалыптастырады. Бұндай философиялық, психологиялық, ғылыми маңызды еңбектер әлемде жоқ, тек қазақтың несібесіне берілген деп біліңіз. Құран құдайдың сөзі, көркемдеп майын шығарған ата сөзімен, бал тамған ана тілімен ғана жүректерге зейнеттеледі, сондықтан көп шаршамай ауылға оралыңдар дінші ағайындар, Абайымыз бен Шәкәрім және жүздеген әулие ақын еңбектерінен-ақ іздеген қойларыңды, жоғалтқан малдарыңды тауып аласыңдар! Бұл менің ойым емес аруақтар аманаты, бабалар батасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *