Таразы мизан тартылды  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 35

Бергенді құдай оң тілек,

Ақ батамен ел жүрмек.

Аруағы сөйлеп әулиенің,

Ата жол болды ел білед.

Шайтаннан жын көбейтпек,

Арсыздық салтқа күйлемек.

Ақ жолын соттап құдайдың,

Құдайдың ісі болды өзгертпек.

Алланың жібін болды үзбек,

Масһабпен тура жол білмек.

Ел басшы өзі Нұрсұлтан,

Алла нұрын жолға төсемек.

Аруақтардан болды көп тілек,

Құдайдан сұрап түземек.

Білімді жынды бүгінде,

Аянын алып кім көрмек.

.

Қиямет мезгіл келді ерек,

Азаппен, апат сын демек.

Түсінер бірақ билік жоқ,

Дүниемен елді  жөндемек.

Арпалыс таңы басталды,

Кім қара кім ақталды.

Бағасын беріп құдайым,

Періштелер түсіп шақ салды.

Қиында қыстау күн туды,

Талайдың тағдыр үзілді.

Күн туды билік басына,

Қиямет сыны бүгінгі.

Ал енді байқа қазағым,

Ата жол болған мазағың.

Аруақтар тұрды сабына,

Талайлар тартар азабын.

Жинағандар  сауабын,

Жапа мен тартып азабын.

Қапшығы көктің ашылды,

Алады сыймен қалауын!

Жау болсақ кім достарың,

Қылығы жын, шайтаның.

Бармақты тістеп ойланар,

Түсінер ісін жалғаның!

Басшысын елдің сынадым,

Раббыдан алып жауабын.

Кімде шын кімде өтірік,

Хақиқаттың көрер салғанын!

Қараша, желтоқсан сол екі ай,

Таразы мизан тартылды ай.

Қаңтарып елді тарқатқан,

Есебің бар көрер қам қылғай!

(Қараша 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *