«Оқуың, дінің, дағдың көп, Не бір білгіш айтқан деп, Кетпесін сол жетелеп, Жарамас өйтіп ой көму. Ақылыңа ұстат қол, Тура апарар сені сол. Жардың жолы қиын жол: Шытырман тоғай, қалың ну!» ( Хазіреті Шәкәрім сопы)
«Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген аталар аманатының астары адам баласының тал бесіктен жер бесікке кіргенше өмірінің барлық саласын қамтиды. Ғылымда да бесінші нүктені табу сол арқылы қандай да жаратылыс нәрселерінің ақпаратты басқарылуын қамтамасыз етуге болатынын дәлелдейді. Бесінші сан Әл-Фараби атамызға дейінгі уақыттарда қауіпті, теріс «магиялық» әсері бар деп көп ғалымдар бұл саннан айналып өтуге тырысқан. Әл-Фараби атамыз осы бесінші санды музыкаға да, ғылымға да толық енгізіп дәлелдеп шыққан. Оған болашақта арнаулы тақырып арнауымыз сөзсіз. Енді жер бетіндегі 4 пен 5-тің қатынасына арналған Мысыр мұнаралары дәлел бола алады. Төрт мұнараның 4 қабырғаларының бесінші нүктелерінің аспан сайрандарымен байланысып және салынып жатқан 5-ші мұнараның құлатылып тек 27 метрлік адам бейнесіндегі арыстанның қалдырылуы осы бесінші күш-қуат және патшалықтың, биліктің, жер бетінің халифалығын, бейнесін көрсетеді. Сондықтан құрандағы әрбір сүрелердің аттарына, сандардың мәндеріне байланысты жасырын құпия сырлары бар. Адам баласының бүкіл жаратылыс басы да тіршіліктік несібе азығы 24-сүре «Нұр»-ға тәуеді. Барлық іс-әрекеттеріміз, құлшылық намазымыз, өліміміз, ақиретте сұралуымыз осы нұр сүресімен нәтижеленіп өлшенеді. Сондықтан адам баласының тағдырына жазылған 4 сөз 24 санымен беріліп, осы 24 санын қалай толықтырып отыруына байланысты тіршілік тағдырының себептері белгіленіп отырады. 24 санының 20х4=80 періштенің адам баласына қызметке берілгендігін көрсетеді. Бұл белгі сол қол алақанында 80+1 болып, жер бетіндегі түсірілген бар пайғамбарлар санын береді. Енді құранда; «Лат пен Ғұззаны көрдіңдер ме? (19) Үшінші басқа Менатты? (20) Еркек сендердікі де ұрғашы Алланыкі ме? (21) Онда бұл, орынсыз бөліс.» (53-22) деп ескертуінде адам баласының рухы мен жанында қыз және еркек періштенің бірдей болатынын ескерткен. Ал, 22 санымен енді осы 4 періште тағдыр жазуының белгісін көрсетеді. « Патша: — Көп пе үй ішіндегі адамдарың? — Екі ұлым, екі қызым бар. –Олай болса, артық көп емес екен. Сен тапқан ақшаңды не орынға жұмсайсың? –Мен тапқанымды үшке бөлемін. Бір бөлімін борышыма беремін. Бір бөлімін қарызға беремін. Бір бөлімін суға тастаймын. Патша ойлайды-ойлайды, таба алмайды да: -Бұл не деген сөз; борышыма беремін, қарызға беремін, суға тастаймын деген? Мұжық: -Борышыма беремін дегенім-әке-шешемді асыраймын. (құрбан шалу, құран бағыштау) Қарызға беремін дегенім-ұлдарымды тәрбиелеймін.(рухты меңгеру) Суға тастаймын дегенім-қыздарымды өсіремін (жанды жетілдіру) Патша айтады:-Нендей ақылды бас.».
Құранда ескерткен «адам баласы» деген ұғым неке арқылы еркек, әйелдің ортақ өнімі емес әрбір пенденің өнімі періштесі екі ұл, екі қыз болатынын және ата-ана періштелерінен беретін борышын «бодау төлеу» деп атаған. Адам баласының мейлі еркек мейлі әйел болсын екі көзі — екі қыз, екі құлақ — ұл болып табылады. Және адам тәніндегі «гормон» яғни үндік, әуездік қабілеттері де осы мүшелерге тәуелді. Қыз құлақты еркектер ойсыз, мінезі» де қыз сияқты болса, керісінше еркек құлақты әйелдер еркек мінезді болып келеді. Көздің жаратылуына қарай бадырақ көз еркектердің де қыз сияқты үркек болып келетіні де, еркек көзді қыздардың да керісінше еркек мінезді болуы да көп кездеседі. Бірақ осы жаратылыс ерекшеліктерін өз жыныстық қабілетімен сәйкестендіріп тәрбиелеу ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтауға тікелей тәуелді және төбеден келетін, бейнеленетін бесінші періштенің сипатына естіліктің нәтижесі де тәуелді болады. Сондықтан аталарымыз; «Ой анасы — құлақ, су анасы — бұлақ, жол анасы — тұяқ» деп мақалдаған. Ұл бала естуші, қыз бала көруші. «Қатын қағыс естіп, еркек түйені де көрмей» өтетініміз сондықтан. Абай атамыз; «Күшік асырап, ит еттім, Ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, Ол мерген болды, мені атты.» Ұл періштеңді ит қылып, қыз періштеге еркектің ісін үйретсең артынан жаның жаралы болар деп ескертеді. «Қара қатын дегенге, қара қатын, Үзіп-жұлып алып жүр қанағатын. Ала жаздай байың кеп бір жатпайды, Қазақтың не қыласың шариғатын.» Нәпсіні «қара қатынды» тәрбиелеу некелі адам жар, ерлі-зайыпты өмірдің мәні шариғаттың басты талабы екенін, 62 санымен, ортақ өнім ұрпақ сабақтастықтың, қанды тазартудың маңыздылығын ескертеді. Сондықтан әрбір жер бетіне келген пенде енді құранның 20-шы сүресіне дейінгі аяттармен белгіленіп, туған күніне, жылына, айына және қойылған атының, ныспысының таңбалық сан мәндеріне қатысты 4 аятты періштесін еншілеп, нұр сүресінен өз белгісін алып, бесінші ата-анаға бодау төлеу арқылы төбеден келетін кітабын «бірін» түгелдеп отыру шариғат талабы болу шарт. Әрбір ұлттың өздерінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрі осы 24-ші сүренің кітабы болып, тәрбиемен оқылып ер жетіп, бой жетіп өз жүзін толықтыруды шариғат тағаты деп атаймыз. Және бұл әрекеттердің бәрі 11 санымен басқарылып нәтижеленіп отырады.
Енді алдағы басылымдағы патшаның орман ішінде адасып ағаш шауып жүрген мұжықтан жол сұрап; «әуелі тура жүресің, сосын оңға, тағы оңға, сосын солға» деген нұсқауы осы шариғаттан қалай жол тауып масһабыңды алып орманнан яғни тура жолыңа, көктегі еліңе халқыңа қосылуды астарлы түрде көрсеткен. Әрбір адам баласы өз ұлтына сай әуелі тура жүріп төртеуін төрт парызын түгелдеп, шариғатын ұлттық кітабын, нұрын қалыптастыру керек. Солдан оңға қарай оң бағыт болып, 24-сүре 42 санын беріп әрбір адам өз 42-сін меңгерумен 23-ші сүре 32-ге яғни сәждеге айналып, Алла үкімдерін орындаумен, 22-сүрені хажды меңгерумен, зираттаумен тарихыңа жалғанып; 42+32+22=96-ға толтырып қалған төртеу некемен жұбайыңмен тату-тәтті өмір сүріп, өмірге ұрпақ әкеліп мұсылмандық қарыздарды өтеумен 100-ге толтырып барып қалған екі жүзді меңгеруге жол ашылады. Осы ерекшелікті Абай атамыз; «Әй қайдам, 100 қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой» деп қазақтың шариғатын да қалай орындауын білмей адасатынын уайым қылған. Бұл мұсылмандықтың 4 парызы және бесінші қарызымен 25-сүрені яғни солға қарай бағытты аламыз. Пайғамбарымыздың «Адам денесінде 100 бұлшық ет бар, соның біреуі басқарушы» деп ескерткен өсиетіндегі тәндегі 100 бұлшық ет пен жүректі меңгеру, сананы қалыптастыруды тәннің сүнеттелуін айтамыз. «Үш күн арқаң босаса, Бола қалдың бас асау… Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау… Жетілсең де, жетсең де, Керек күні бір бар-ау.» Абай атамыз осы 100 меңгергендердің өздерін «намазхан, сопы, тақуа» атап бесеуіңмен алтыңды қалай түгендейсің, бәрібір ақиретте де, тіршілікте де алдыңнан шығады деп ескертеді. Шәкәрім атамыз шариғатты меңгеруді; «Бойың жалдап қор болма, ойың жалда, Түк өнбес алты ай жүріп алған қойдан. Онан да өнер үйрен тек жүрсең де, Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсең де. Өнер білсең-он күнде жүзді аласың, Басында пайда алмай-ақ көп жүрсең де…Аз ойна да, көп ойла, осынымды ұқ, Өкінбе жастық бойдан серілгенде.» Адам тәніндегі басты қозғалыс негізі 100 бұлшық еттің басқарушысы жүректің тазаруы, қалған 99-ның тазалығына тәуелді болып, сондықтан өзіңдегі 5 күнге, сырттан 5 қуатты бой жалдап, намаз оқып, сопылық қуып емес тек өнерді меңгеру арқылы нәтиже беретінін ескертеді. Сондықтан осы өнерді меңгерудің нәтижесі, насихаты; 25-ші сүре қанның тазалығымен құлшылық істерінің яғни намаздарды толық орындаумен, бойды меңгеріп қалыптасуымен бастың тазарумен төбемен толық жалғануымен байланысты болып; «Қартайып тозған Бой денең, -Айырылман өлмей сенен. Мида жоқ бұзық қан. Ақылың таза, Не себептен боласың Ойды бұзып. Күдер үзіп наза?.. Толғанып, Сынға алып, Танығын тастап, Анықталған хақиқат Тура жолға салушы еді-ау бастап.» «Ғылымға қанағатсыз болу керек, Бес түгіл разы болмай алтыға да.» деп атамыз шариғаттың базарынан төртеуіңді түгелдеп, бесіңді үлесіңді алып тарихыңнан, тарихаттан хақиқатты анықтап тура жолға түсуді ескертеді. Бестің базары 25-сүренің жұбы 52-ші сүре болып «Тұр» сүресін қалай алуды Шәкәрім атамыз; «Қырық жылдан өтіп жасым, Ақылым болды сырласым. Отыз жылдық замандасым, Иманым-басшы жолдасым. Оқи алмай ғылым тілін, Тұман болып жарық күнім, Қасықпен аршыдым жылым, Не көрмеді ғарып басым. Әлемді ойлап кездім, Перевод малтасын ездім. Жарымның сәулесін сездім. Моланың ақтарып тасын. Қабірден шықты көп нұрлар, Нұры өлшеусіз сұлу бір жар: «Деме-деді-ғылымым тар,-Ерінбесең, мені аласың…».