Сөз тағдыры, дін тағдыры және діннің саудасы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 59

     Аллаға құлшылық немесе Бір Аллаға құлшылық, Құдайға құлшылық деген сөздердің түп мағынасы адам баласының нанымынан яғни жаратылыстың сырын, өлімнің хақтығын және сол өлімді құдайдан болатындығын, өлім себептерін түсініп; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп білуіміз қазақтың бұрынғы аталарымыз білген наным-біліміміз болып табылады. Енді ақылымыз ғылым-білімді меңгеру арқылы өлім себептерімен күресуді,

емдеуді үйреніп сонымен бірге нанымымызға да өзгеріс енгендігі сонша енді өлімді тек қартайып өлу керек, ал өлімнің ажал болып Қырық жыл қырғын болса да ажалды өлер» деген тағдыр жазуына тәуелді 4 сөздің онмен дәрежеленетін 40 санымен өлшенетін себептік ұстанымызды құран түскенге дейінгі де шариғатымызды мүлде ұмытып егер жазатайым ауырып өлсек дәрігерден, емшіден, басқалай мезгілсіз ажалдың құрығына түссек соған себеп болғандардан, ауа-райы мен ықылым өзгерістерінен немесе үкімет пен басшылардан көретін наным қазақтың білімді ортасының діни нанымына айналды. Сонда да болса өзімізді-өзіміз алдап құдайға сенемін деп намаз оқып өлімді алдамақ болып әрекет ету діншілердің де кәсібіне айналғаны даусыз. Адам баласының нанымын бұрын пайғамбарлар, әулиелер, керемет иелері, елші, әмби, абыздар қалыптастырып жасынан тәрбиемен санасына құйып отырса, қазіргі таңдағы наным біздің ғалымдарымыз бен философ ойшыл, психолог, дін абыздарымен қалыптасып қай жағына сену әркімнің ерік қалауы болып табылады. Ал сенім нанымның ірге тасы мықты болғанда ғана оған қаланатын қабырғасы болып оның шатырын діни рәсімдермен үмметтік ерекшеліктерге қарай жабамыз. Егер түпкі ұлттық нанымымыз дұрыс қаланбаса құр сендім дегенмен иман келмейді, санада бекімейді де. Енді қазақтың дін-жанының да жалпы пайғамбарымыздың өсиет етіп кеткен аманаты да ол құдаймен өлім туралы саудаласу. «Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннатпен айырбастап алды. Олар, Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тәуратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне, осы ірі қол жетушілік.» (9-111).

      Бұл аяттан тура жолын тапқан адам баласының рухы мен жанының мәңгілік өлмейтінін және жаннаттық болып мәңгі тіршілік ететінін сүйіншілейді. Сондықтан тағдырдың сынағынан өз нәпсімен күресіп ауыздықтау арқылы рухани дарындылықтарды меңгеріп, өзіңе қалағанды өзгеге де жасап, хайырлы, ізгілікті, парасатты тіршілік етуді Алла жолында соғыс деп атайды. Адам баласы Алламен саудаға өз жанымен, тәндік мал қуатын қойып, рухани кемелдену тазару барысында түрлі бейнеттерді, сынақтарды сабырлықпен жеңе білуі тиісті. Сондықтан бұл аят туралы пайғамбарымыз; «Адам баласына Алла Тағала 100 себеп өлімді жазған, соның 99-нан өтсең 100-ші ақ өлімің болады» деп ескерткен. Ал жаратқанмен арадағы себептерге байланысты сауданың да 3 түрін меңгеруміз керек екен. Оны қалай білеміз? Әрине жаратқанмен, періштелерімен тілдесу арқылы әрбір пенде өзіне лайық тапсырмаларын алып отыру керек. Бірақ қазіргі біздің дін ұстанымызда ол мүлде мүмкін де емес, себебі масһабшыл діншілеріміз адам баласының жаратушымен сөйлесуі мүмкін емес деп халықты нандырып, енді біздер соған сеніп иланумен, дініміз ата-баба дәстүрінен бас тартып әлемдегі «масһабшылдардың» біріне айналып алдық та ақирет саудасын дүниемен есептеп дін-пейілімізді надандық дәуірлерше тарылтып алдық. Осындай дін саудасын тарылтқан надандықты Абай атамыз; «Екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «ой, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?» деп ескертуінің өзі екі кітаптың басын қосуды, яғни екі тілді терең қатар меңгере білмегендіктен, аудармашылық сауатсыздықтан пайда болатын жалған ғалымдықты, тәпсіршілдікті ескерткен. Олай болса аятта: «Әй мүміндер! Сендерге жан түршігерлік азаптан (тозақтық, ауру, сынақ т.б.) құтқаратын бір сауда көрсетейін бе?» (10) «Аллаға, Елшісіне иман келтірсеңдер; малдарыңмен Алла жолында күресіңдер. Егер білетін болсаңдар, осыларың сендер үшін хайырлы.» (61-11) Аяттағы 11 саны осы құранның 11 түрлі насихатымен 61-ші кітап негізінен Мұса пайғамбарымызға оқылған көрсетілген нұсқаулар болып табылады. Ал 61+11=72-ші кітап Дәуіт және Сүлеймен пайғамбарларымыз меңгерген істердің нұсқауы яғни жын сүресі деп біліңіз. Енді аятта; «Түсініңдер, түсіндірейін бе, ақыл жұмсаңдар» деп емес; «Көрсетейін бе?» деген сөздің мағынасына ақыл жүгірткен әрбір саналы адам баласынан жаратушымыз сендермен аяндарды көрсету арқылы уахимен сөйлесемін, нұсқаулар беремін деп ескертеді. Бұл қазақтың Адам ата Хау анамыздан бері ұстанып келе жатқан діни наным жоралғымыз және дәстүріміздің негізгі ірге тасы болып табылады. Бұл мәселеде біздің муфтият дін ғалымдарымыз Масһаб, шариғат аясынан шығып, тарихатпен пайымдаған пікірлері де бар. Мысалға: «Ұлы жаратушының қойған үкімін өзгерту мәселесі бар. Құдай сақтасын, бейне бір «Ол білмейді, мен білемін» дегендей… күнә жасау мен Аллаһ Тағаламен сөз таластыру арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бірі- күнә, бірі- күпір.» (И. Ғ. 41-бет) Енді діншілердің қай сөзіне сенейік деген сұрақ туады бұл пікірден. Дін ғалымдары жаратқанмен сөз таластыруға яғни саудаласуға болатынын біледі екен де, ал көп дінші имамдарымыз Алламен сөйлесемін деген «жынмен, шайтанмен сөйлесемін» деген яғни жынданған адам сөзі деп түсіндіреді де оларға солай нанамыз да, ал жастарымыз түс, аянды шайтаннан деп иман келтіреді. Ал дін ғалымдарының, теологтарымыздың пікірінше; аруақтан бата тыңдап, тылсым үніне құлақ салу мүлде адасқандық яғни қудалап соттауға лайық. Онда олардың «АҺ» -деп өкініп, «аһ» деп күрсініп азанмен Алла Тағаланы шақырып алып мешіттерде өздері ғана сөз таластырғандарды білетін болғаны ғой шамасы? Енді заманына қарай құран аяттарының насихатының мүлде басқа қырынан көрініп өзгеретінін; «Себебі, Құранда араптардың қолданған қара сөздерінде де, өлеңдеріне де ұқсамайтын, жалпы барлық адами сөйлеу тәсілдерден мүлдем өзгеше өзіне ғана тән илаһи (құдайлық) тәсіл бар…Иә, заман ескірген (?? білім) сайын Құран жаңара түсуде. Өткен ғасырларда тәпсірленіп, сол ғасырлардағы аса көкейкесті мәселерге дауа (шипа??) болған Құран аяттары бүгінде басқа қырынан тәпсірленіп, құдды жаңа ғана түскендей адамзаттың шешімін күткен небір заманауи күрделі күрмеулері мен сансыз сауалдарына жауап беруде және қияметке дейін бере бермек. Сөйтіп, өзінің сарқылмас қазынаға толы мәңгілік мұғжиза, ескірмес иләһи кітап екенін дәлелдей бермек.» (И.Ғ.199-бет).

      Осындай пікірлерді оқығанда қалай таң қалмассыз? Сонда қалай, құран арап тілінде қияметке дейін өзгермейтін болса оның үгітін де өздері тек бұрынғы сахабалар, табиғындар, масһабшылар түсінігімен ғана шектеп тәпсірлеуді ғана ұсынып отырса, онда заман өзгерісі, сөздердің жетілуімен жаңа ұғымдардың қалыптасуына қарай, сансыз сауалдарымызға сонда кімдер арқылы қалай жауап береді? Демек аруақ бар екенін және құдаймен екі арада елшіліктің хабаршының болатынын ашық жазып, ал бұл сөздеріне, пікірлеріне іс жүзінде ашық қарсы шыққандарды кім деп атауға лайық? Екі жүзділік пе, әлде өз жазғанын өздері де ұғымын түсініп, аңғармайтын надандық па? Қазақ халқының әдет-ғұрпын, асыл дінін жасанды қылықтарға, тозған білім-нанымына айналып тұқымымыз тұздай құрып бара жатқан кезде қарапайым халық арасынан елшісін тағайындап, дін ниетінің саудасын көрсеткен құдайдың түсірген ашық мұғжизасын және тылсымнан әлі де оқылып жатқан сананы қалыптастырып, талай өлімнің тұзағына түскен пенделерін ұйқысынан оятуға себепші және үлкен қозғалыстың басшысы болған және осы жаратқанның түскен жаңадан үкіміне, аяттарды ауыстыруына сәйкес мұғжиза көрсетіп жүректердің көзінің ашылуына серпін беріп жол көрсеткен «Ақ ұлымызды» және жүз мыңдаған халықты ислам дінінің құндылығына, ата-баба салт-дәстүріне, өзге ұлттарды да тізе бүктіріп, мыңдаған шәкірт ертіп Ясауи ілімін жалғаған азаматымызды «боқ дүниенің» есебімен өлшеп, неге қаралап ақыреттік сапарға өтуіне себепкер болдық? Және әлі кезге дейін осы ғалымдарымыздың аузынан «Ата жолының бухалтериясын 15 жыл бұрын тексеру керек еді» деген көгілдір терезеден берген сұхбаттарын тыңдай отырып, тіліңді тістеп, дінді дүниемен, ақылды арқанмен, шүкірлікті намаз оқумен өлшеген, есі кемістерді де анасы құрсағын жарып, ұлтын қорғайтын ұл тудым деп қалжа жеді-ау деп, ең болмаса ата-баба аруағын тыныш жатқызса екен дейсің. Халық болып руына, туысына қарамай қиналғанда жылу жинап, бір қазаннан ас іштіріп, туысқандық қатынасты үнемі бекітіп отырумен және қонағын құдайындай сыйлап, аштан өлем деп дүниенің бетіне қарамай жалғыз сауын сиырын, болмаса астына мінген атын, жалғыз тайын сойып қонағының батасын алатын қазақты дүниенің тірлігімен алдап, дінін тарылтып, естің бірлігін емес, қулыққа естілерді қалыптастыратын, дүние туысқандық, шық бермес шығайбайлар мен ақылы азған қарынбай болуға шақырып; «Өлі риза болмай, тірі байымайтын» ата заңымызбен туысқандық, дін ағайындық бірлікті жалғайтын, Алланың досы әулиелерінің ризашылығын алуға тышқақ лағын да қимайтын «жапарқұл» мырзалардың дін-жанын қолдайтын ата заңымыздың, несібелік нанымымыздың адамның емес атасының балаларының дорбасының күзетшісі, қызметшісіне айналғанын қай ойлы қазақ білмейді дерсің?

      Бұндай елдің пейілін тарылтуға бағытталған, ағайынның арасына от салатын қазақтың мұндай кеселін Абай атамыз; «Жоқ бірлік-ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалынып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі бір-біріне пәле іздейді.» Жоғарыдағыдай сөзі мен ісі қайшылықта болатын пенделерін жаратушымыз «Мұнафықтардың сөзіне таң қаласың, олар қуыс дөңбек сияқты» деп ескерткен. Ал ғылымда екіжүзділік болған елде және дін ниеті тек малды, дүниені көбейту мақсаты тұрған жерде ешқандай бірлік те, тыныштық өмір де, тағдырдың сындарынан да шығынсыз өту де, бақытты шуақты тіршілік те болу мүмкін емес. Сондықтан: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла (Т) оны толық біледі.» (3-92) Және әрбір дінді, ғылымды меңгерген және тура жолын таптым деген адам баласы кітап егелері болып саналып міндетті түрде Ғиса пайғамбардан уахи бағдар алу тиісті. Сондықтан аятта: «Кітап иелері, Ғисаға өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға (иман келтіргеніне, уахиды тыңдағанына) куә болады.» (4-159) Қазақ елінде өліктердің аққу, сұңқарлар сөйлеу мұғжизасы Ғиса пайғамбар рухы (аруағымен) тікелей байланысты екенін білгеніміз абзал. Інжілден: «Ал басқаша тәлім беріп, Иеміздің (Раббымыздың), Иса Мәсіхтің шынайы сөздерімен (рухтан хабар-бата) және Құдайға ұнамды өмір салтына (ұлттық салт-дәстүрге) жетелейтін іліммен келіспейтіндер-кеуделерін көтеріп, ешқандай шындықты білмей, тек сөздер туралы (жеке аяттар, хадистер мен сөздің ұғымдары) айтыс-тартысқа деген зиянды құмарлықпен ауыратындар. Бұл қызғаныш, дау-жанжал, жамандау мен арам күдік тудырып, ақыл-естері уланған, шындықты білуден ада болған адамдардың арасында үздіксіз ұрыс-керіске себепші болады. Ондайлар Құдайға ұнамдылық-байлыққа қол жеткізудің жолы деп санайды. Расында да Құдайға ұнамды өмір сүріп, барға қанағат ету зор рухани байлыққа жеткізеді. Бұл дүниеге ештеңе де әкелген жоқпыз, ештеңе де алып кетпейтініміз де айдан анық. Сондықтан ішер ас пен киер киім болса, соған қанағат етейік. Ал басқаға ұмтылғандар азғыруға ұшырап, өздерін апатқа, құруға алып келетін көптеген ақымақ та зиянды құмарлықтардың торына түседі. Өйткені ақшақұмарлық әр түрлі жамандықтың түп тамыры, кейбіреулер осыған бола сенімдерінен адасып, өздерін көптеген қайғы-қасірет пен өкінішке душар етті. Осы дүниелік мал-мүлікке байларға ескерт: олар менмен болмасын; сенімдерін өткінші байлыққа емес, Құдайға артсын! Ол рақатын көру үшін игіліктердің бәрін сыйлайды. Байлар жақсылық жасай беріп, игі істерге бай, әрі жомарт болып, басқалармен бөліссін. Осылай өздеріне келешек заман үшін игілікті негіз болатын рухани қазына жинап, мәңгілік, шынайы өмірді берік ұстанбақ. Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір кешуге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан иені көре алмайды».

Таудағы саудадан ғибратты әңгіме және ата-жолының негізгі қағидасы.

Мұса пайғамбардың заманында бір патша перзентке зар болып, Аллаға жылда жалбарынады екен. Бірақ оған Алла перзент жазбапты.
..Аяңдай Тор тауына келді Мұса, Құдайым пайғамбарға берді жауап,
Тоқсан ауыз сөз айтты енді Мұса. «Мені ойласа, тапқаны оның сауап.
«Бұл құлың сізге зарлық етер тілеп, Бір ұл бердім енді оған, Мұса,
Бір ұл берсең нетеді?»-дейді Мұса. Өмірі үш күн болар оның бірақ».
* * * * * * * * * * *
1. Мұса қайтты тәңірмен сөйлесіп сөз,        2.  «Шын ба екен естігенім осы сөзің,
Алдынан тағы патша жолықты кез.            Перзент деп сарғайды менің жүзім.
«Бір бала берді,-дейді,-сізге Алла                Бергені маған бала рас болса,
Өмірі қысқа-үш күнде алады тез»                Бермеспін оны қайтып құдайға өзім.»
* * * * * * * * * * *
3. Падиша бұл сөзімен келді үйіне,               4. Той қылып қазынаның кілтін ашты,
Бір қиял түсіп оның және ойына.                    Ғаріпке, мүсәпірмен қайыр шашты.
Халқын жинап падиша той қылады,            Бір кезде ханымы да буаз болды,
Келеді көп халайық бұл тойына.                   Падишаның мұны көріп көңілі тасты.
* * * * * * * * * *
5. Күнде есіктен кетпейді көп халайық,      6. Әкеліп Мұсаға да тағам қойды,
Жатады ғаріп-мүскін алтын алып.                Бір бала қызмет етіп алдында жүр
Тоғыз ай, он күн тамам болған шақта,         Пайғамбар мұны көріп ойлайды енді,
Ханымнан туды айдай боп бала ғаріп.         Баланың падишаның енді білді.
* * * * * * * * *
7. Аяңдап Тор тауына келеді енді,                8. Пенде өтірік айтса егер, Алла тағалам,
«Не себепті бұл жеті жасқа келді?»              Айтасың орның дозақ, қатты ғазап.
Деп сауал бір аллаға береді енді.                  Келіпті патша ұлы жеті жасқа,
«Айтады мұнше неге жасы ұзақ,                    Деп едің үш күн өмір әуел баста.
Айтып едің өмірі үш-ақ күн-ақ.                        Я, раббым өтірік сөз сіз айтсаңыз,
* * * * * * * *
9. Жалған сөз неғып айтпас сізден басқа?!»    10. Зияда үлкен сауап тапқан деді.
Құдайым пайғамбарға жауап берді,                 Естігеннен ол патша той қылып жүр,
«Ей Мұса, жауабым тұр тыңдап деді.              Шығарды садақамен патша көп пұл.
Садақа қайырымен ол падиша,                           Әр адам ұлының өмірін тілеуші еді,

                                                                                   Көп тілеумен өмірі ұзарған сол!.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *