Сын айтып дәстүрінен қазақтықтан,
Қыздардан сөз естідім мазақ қылған.
Шал дегенді кәрілік, мүсәпір деп,
Тән жасын нәзіктер көп мақтан қылған.
Шал деген киелі ұғым бұрын болған,
Қырыққа келіп ақыл толып кісі аталған.
Шалдығы кісілігі қасиет болып,
Пәтуалы сөзі бар кісі билік құрған.
Шал деген белінде нұры толған,
Тек нәсілі тазарып төртеу болған.
Қарттық пен қариялық жөні бөлек,
Ер жасында шал атану мақтан болған.
Еркектің ар намысты жігерлігін,
Кидің бе шалбарды бекер деген.
Шал болып төртеуін бірлей білген,
Алтауын араз қылмай тез меңгерген.
Шал деген кісіліктен тегі барды,
Шалбары ар сауыты тазаланды.
Ал әйелдің ары етекпен қорғалады,
Қазығы жерге енсе жан қуатты.
Қазақта шал болумен тоқал алған.
Қаны таза нәзікпен тек жалғаған.
Қуатты ақылдан таза ұрпақ туып,
Билердің тегін осылай жалғастырған.
Ендігі үлкендерде шалдық болмай,
Болғанында тоқал қанында қуат толмай.
Талай тек жер бетіне келмей жатыр,
Дәстүрдің құпиясын меңгере алмай.
Жалаңаш тері тозып, қаны азған,
Шайтаны өсіп іздеген теке, азбан.
Айғырға түсіп жүрген байталдар көп,
Тектіліктің жүлдесінен босқа қалған.
Тәні жас, жан жетіліп өспей қалған,
Жаннан-жан туылып қуат алған.
Ұятсыз, ары әлсіз нәзіктер азғандықтан,
Ұлтыңның тегі жатыр өнбей қалған.
Тегің қазақ ер жасында шал атанған,
Даналықпен ақыл, қайрат жоғалмаған.
Бесеу түгіл алтауы да түгел болып,
Дуалы ауыз батасы қабыл болған.
Жастарда малдық қуат қайраты зор,
Жарына бермек азық рухынан мол.
Батыр туар қатын қаны таза болса,
Би тудырмақ кісілікке болады қол.
Жаманның мыңы тұрмас сөз ұғуға,
Сөз қадірін білетін қыздар болса.
Аманатын ата-баба ақтаймын деп,
Домалақтай текті анаға ұқсап тұрса.
Тектілігін қазақ ұлттың көбейтейік,
Арлы, ұятты қыз тәрбиелеп өсірейік.
Тақуа боп шалдығы бар ерге ұзатып,
Би болар ұрпақ тусын ерте есейіп.
(Шілде 20014 жыл)
*** ***