Жұмсақтық пен мейірімді қызың бар да,
Тақуалық дәстүрін алған бойға.
Қазақтың ұлты өлмес мәңгі жайда,
Номадтық нәсілің өнер қайта.
Мейірімді нәзік жанды әйелдері,
Тастамай бірін–бірі жесірлерді.
Дәстүрін ата-баба жалғайтұғын,
Номадтық нәсілден белгі еді.
Бар әлі мұндай қыздар қазағымда,
Абырой, ар-ұятын сақтаған да.
Жаманның қойнында жатқаныша,
Арнайтын болса текті жақсыларға.
Домалақ ана болар қыздарың бар,
Қазақтың тегін мықты жалғайтындар.
Елу жылда елімді жаңартатын
Ар ұятты қадірлеп жүрген қыздар
Аманатын дәстүрдің құнын білген,
Тегің өлшенер арлы ұятты қызыңменен
Құдайдан кейін шебер қызың деген,
Жеті әулиенің екеуі қыз және тұзы екен