Бүгінгі жастың жағдайы,
Қандарын ұлттың жалғайды.
Арсыздыққа құмарлық,
Келген жоқ сырттан арнайы.
Кеңестік заман жан жайы,
Ар әлсіз болдық жабайы.
Біздерден туған ұрпақтар,
Бүгінде арды алмайды.
Әке мен шеше нанбайды,
Дәстүрсіз тегің болмайды.
Ата-ана жолын ақтаған,
Әулетте арсыз болмайды.
Үлкендік жоғы сол қайғы,
Етекпен жаулық алмайды.
Жалаңабас шалды тегінен,
Жын өніп, рұқың жанбайды.
Әжелер жоқ бұл қайғы,
Қылығы шайтан оңбайды.
Елдігің азса ұлтыңның,
Ұрпақта болашақ болмайды.
Жынды елміз салтпен анайы,
Шайтанға жынды жалғайды.
Ұл қызың бүгін жалаңаш,
Айналдық ұлтқа жабайы.
Ел билікке бұл ұнайды,
Көп болсын деген тұрпайы.
Заңмен малша бағатын,
Басқаруға болмақ оңайы.
Ғылым деп жұртты алдайды,
Біліммен жасты байлайды.
Діліңді көктей солдыртып,
Семіздік дерті жайлайды.
Қазақтың болды құдайы,
Масһабпен дінің арнайы.
Тәпсірге ақыл байлатып,
Жете мен сана алмайды.
Құдайды жеңіп болмайды,
Жазасыз ешкім қалмайды.
Сақтансаң сақтар өзі де,
Болмаса ажал жалмайды!
(Қыркүйек 2016 жыл)
*** ***