Сөз өнерін меңгерген,
Қадірін, үнін түсінген.
Уәдеге берген берік боп,
Ісі мен сөзі тең келген
Тектіліктің бұл белгісі.
Жаманды жат деп сыртсынбай,
Тірлігін теріс жатсынбай.
Түзетуге қатесін қам көріп,
Құдайдан тағдыр жазғандай
Тектілігі қазақ белгісі.
Көрші елді тең көрген,
Жақсысын алып меңгерген.
Артық деп ұлтым керілмей,
Заманға қарай жөндеген,
Тектіліктің асыл белгісі.
Жөн сілтеп тура жолына,
Ар-ұятты ұжданды болуға.
Көрсетіп үлгі өзінен,
Сақтауға таза қанында
Тектілігі болған жанында.
Ауырдан қашпай тер төгіп,
Ақылдасап шешіп жөн біліп.
Қаңқу сөзден қорықпас,
Обал, сауапты жөн көріп.
Тек меңгерген тарықпас.
Құдайсыз қурай сындырмас,
Жол-жоба алмай тұра алмас.
Бабалар ісін жалғайтын,
Құл болудан жалықпас.
Тектілігі құдай қалайтын.
Құдайдың берген хабарын,
Заманға түскен жобасын.
Құранның жеті үнімен,
Түсінер шындық салмағын
Тектілік салты қазақтың.
Аруақтың алып белгісін,
Аңғарып білер өз ісін.
Жамандықтан тиылып,
Қадірлей білген өлісін,
Тегінің көрер жемісін!
Арсыздықтан жиренсен,
Ар білімін меңгерсең.
Құдайдан жол-жоба алып,
Ақ батасымен әулие-әмбиден
Тағдырын қауым түзесең,
Тегің нәсіл номад меңгерсең.
Ортасынан ілім, білімнің,
Қан тегі қуатын ділінің.
Қатесіз сөйлеу өнері,
Алғаның кілтін ғылымының
Тектілігің Мен мәңгі өмірдің.
Үш байлық түгел болмаса,
Діліңе қуат толмаса.
Атадан қалған асыл сөз,
Нақылын ұрпақ алмаса.
Тексізсің күйлер заманға!
(Тамыз-2018 жыл)