Ізгі амалдар (102)

Бөлім: Зікір өлеңдер 60

Тағдырына жалғанып,

Құдайдан ұлықсат жоба алып.

Ізгілікпен іс қылсаң,

Құранды оқып қолға алып.

Арамнан ішті тазартып,

Ет малың түгел ақталып.

Жалғанып кітап тылсымнан,

Жеті үнін құран ішке алып.

Сегізбен басып қадамды,

Бір сырмен бірлеп намазды.

Аянмен, түсті жорытып,

Бекітіп отыр тағдырды.

Құдай берер нығметін,

Тани біл тылсым хикметін.

Жіберіп қойма солыңнан,

Көлеңке күнә өсіретін.

Тезірек арыл мастықтан,

Жеңілтек мінез, бостықтан.

Бойыңды жарық таза ұстасаң,

Алладан нәсіп нұр қосқан.

Киелі рұққа жалғанып,

Жан өсер нұрмен таралып.

Жеті жанын көбейткен,

Алланың құлы аталып.

Садақа, зекет, қайырмен,

Жақсылық қылып жаныңмен.

Махаббатың болсын баршаға,

Ізгі амал қылып екі қолыңмен!

Шықпасын жаман сөз тіліңнен,

Араласып өзге ұлт сөзімен.

Ділің кетер қатайып,

Ұғымсыз теріс ой үнінен.

Бал тамсын айтқан сөзіңнен,

Жетіммен жесірге мейірлен.

Жамандық көрсең ар азар,

Ұят деп біл артық өлімнен.

Жетеден сана өсірген,

Ана тілі ардан біліммен.

Сақтансаң сақтар Құдай да,

Арсыздықтың барлық түрінен.

(Тамыз 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *