Тектіліктен жан өсірмек  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 103

Еркек рухқа телінген, әйел жанға,

Етке жын, қанға шайтан тазаруға.

Шайтаннан жан, жыннан мінез,

Адам- тегің ақылмен  болмақ тұлға.

Жүрекке бар қуаттар қызмет қылып,

Ақыл, қайрат, жүрекпен ғылым біліп.

Екі теңге байлығын және іздейді,

Бес қуаттан өнерге күшін беріп.

Адамның ақша болар қаны, тері,

Ақшаға айналады істің жөні.

Терімен қанға жазып еңбегіңді,

Екі теңге жалақың сыйың еді.

Бес торғайды аласың теңге беріп,

Жанға қуат, сезімнен өңге көрік.

Бесті бермек әйелден, ерден екі

Қанға шабыт еріне жаннан ерік.

Үш текпен көбейеді екі теңге,

Ерінен алты аласы бұл несібе.

Бесті бересің алты аласың бар ма деген,

Нақылдың сыры терең, ақылы сөзде.

Екі теңге әйелге рухтан байлық,

Қанға қуат, білекке алар май ғып.

Қан, терісі таза тақуа ерді,

Қатыны сондықтан айтар «Бай» деп.

Торғайлар етек, бастан ұшып кеткен,

Әйелдер көп бұл заманда бойы өспеген.

Бой жеткендік ұятсыз қыздарда жоқ,

Ұлың кедей балтыр ашық рухы азып жүрген

Саудасы болмай отаулар құлап жатыр,

Ар білімнен, махаббаттан кемдік көрген.

Бес торғайың айналып тұз қышқылға,

Қыз ауыр ма тұз ауырма бағын сына.

Ердің еті сасыса тұз себетін,

Тұзы таза бүгіндерде қызың бар ма?

Сасық иіс ық жағында тұра алмайсың

Әтірмен жасырғанмен болмас пайда.

Жұғады ауру астан, мінез достан,

Ерлі-зайып мінездермен жиі алмасқан.

Татымсыз тұзын алып ер оңа ма?

Теңгесін және бермей құты қашқан.

Некемен еркек жарын мінгестірген,

Көлікпен, киім беріп мінез деген.

Саудасына ақ жаулық қуат алып,

Көңілін өсірумен жанын теңдестірген.

Екі жақсы қосылса жанар шамдай,

Жарығы түгел түсер жан-жағына-ай.

Екі теңге, бес торғай жетеу болып,

Азық болар екі жанға май құйғандай.

Көңілге дәм ләззаті шекер-балдай болмас,

Тегіне ата-бабаң тағдырын жалғап алмай.

(Тамыз 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *