ТЕКТІЛІКТІ САҚТАУ- АТА ЖОЛЫ, ДӘСТҮРІ ЕДІ

Бөлім: Текті қалыптастыру ілімі-жан ғылымы 155

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

                         Үш жүз-үш арыс және екі арыс тектің сыны

 Жүз қайдан пайда болды? Жүзге бөлудің маңызы неде? «Жүзге бөлінгеннің жүзі құрысын» деген мақал қайдан шықты? – деген сияқты жүздеген рулық, жүздік ерекшеліктен пайда болған дауларға жауап бар ма? Әрине бар. Осы сайт бетінде жастарымыз және қалам ұстаған қауым өкілдері бұл сауалға да өздерінше пәтуа беріп ел билігін қандай жүзге беру керек, кіші жүз ел билеуге болмайды, себебі оған найза ғана берген деген надандық, ұлттың арасын бөлшектеуге арандатқан, Алала үкіміне араласқан сөздер де пайда болып жатыр. Әлі ақ пен қараны ажыратып 40-қа толып, ақыл тоқтатып, кемеліне келмеген ер азамат түгіл шашын жайып, көтін ашқан қатын-қыздарымыз да бұл іске дауын айтатын болғасын, қазақта дәстүр, ар білімі түгіл діл мен тіл сауаттылығының, іс басындағы ақылшы дін басшы, көш басшыларымыздың тектілік теоремасын мүлде жоғалтып алғанына айқын дәлел бола алады.

   Қысқаша баяндай кетсек; Шыңғысхан бабамыз әлемнің қол жеткен елдерінің бәрін жаулап, дінде әділдікті, ел басқару саясатының біртұтас жүйесін қалыптастырып болғаннан кейін тектілердің, игі жақсылардың бәрін шақыртып; «Енді тектілерге тиісетін әлемде жау қалған жоқ. Сондықтан мамыражай күй кешіп, ұрпақ өсіріп, ұлтымызды өркендететін заман туды. Мен сендерді еліміздің тіл шегін белгілеп отыруға бөлсем деп едім. Ол замандарда Шыңғысхан бабамыз алғашқы соғыс бастағанда сақтан тараған қыпшақ  нәсілді елдер 63 қағанатқа біріккен ел болған екен. Ал көптеген жылдар жан-жаққа тарап кеткен сақтардың негізгі ұрпаққа нәсілдерін басын қосу нәтижесінде 340 қағанат елге айналған екенбіз. Енді оқырмандарға  түсінікті болу үшін; Қағанатқа-41 ұлыс қараған. Ұлысты ұлысбасылар басқарған. Ұлысқа-41 ауыл қараған. Ал бір ауылда өзара қыз алысатын 7 рудан тұратын тұрғындары болған. Ауылдағы рулар саны да жетіден кем болмау керек. Сондықтан осындай көбейе келе, тағы да қыз алысу дәстүрі мен өзара тектілік қағидасын сақтау мақсатында 3 топқа бөліп, оны жүз атап, ал әр жүзді өз хандары, билері билеумен, осыншама өсіп, өркендеген елді басқару саясатын қалыптастырған. Сонымен Шыңғысхан бабамыз ұлыс бегілеріне;

  —  Мына Қытай елінің шегін ұстап тұруға қай аталықты жібереміз?-дегенде, ұлысбегілер мен ру басы және билер шулап қоя беріпті.

   -Бұл ел тынышсыз, есін жиса қарап отырмайды. Тағы да соғыс ашулары мүмікін. Ол жаққа жауынгері көп Керейлер барсын!-деген екен, Шыңғысхан бабамыз бұған келісіпті.

  -Ал, енді ұлан байтақ жер, солтүстігімізді кім жайлайды деп сұрағанда, ел жақсылары тағы да шулап қоя беріпті.

  -Ол жақ суық, ауа райы да қолайсыз, біз игере алмаймыз, ол жаққа тектілердің негізгі ұрпақтары барсын деген екен. Сонан ұлан байтақ жеріміздің солтүстүк өңірлерін ғылым-білімге жақын арғын, найман, т.б. рулардан құралғандарды қоныстандырған екен де орта жүз деген ат берген.

  -Олай болса, мына батыс жаққа, Ер Дәуіт бабаның туын ұстағандар мен Кер Абақтан тарағандар барсын деп, кіші жүз атын алып, көптеген рулардан құралған қалың ел қонысын алған. Сонымен Шыңғысхан бабамыз билер мен ру басыларына қарап;

  -Қос момыным (дулат, албан т.б.) ортада қоныстансын, бірақ сендер дұрыс шешпедіңдер, Керей мен Ер Дәуіт, Кер Абақ арасы үзіліп кетті де екеуі де жаудың өтінде қалды, екі жақта екі үлкен жылан бар, тектерің азбаса болғаны деген болжауын жеткізген екен.

  Сонымен Шыңғысхан бабамыздан бастап қазақ елі үш жүзді қалыптастырып, өздерінің әр жүздің ішінде тектілікті сақтау үшін жүз ішінен қыз алып, қыз беруге мүмкіндік алып, руларды жеті атаға дейін қыз алыстырмай осы заманға дейін бұл дәстүріміз жеткені сөзсіз.

   Бірақ тектің не екенін, ділді яғни генді қалай сақтау керек деген сияқты ежелгі дәстүрімізді ислам елдерінен үнемі ақпараттық түрде шабуылының әсерінен, өркендеген жан ғылымның қағидалары түгіл қазіргі таңда сөз ұғымдарының өзін ұмытып, ой мен тілдің арасы бөлек болып, текті адам атын өзгертсе немесе тек қазақша сөйлесе  білімді меңгеріп, өзге елдің ой еңбегін тізіп, жазу жаза берсе болғаны ғұлама, ғалым, текті, тіптен бұған жастар да, қыз-қатындар да еркін өз пікірлерін, ой жорамалын қаласаң да, қаламасаң да менікі дұрыс деп тықпалап, болмаса әкесін де сақалынан алып жекпе-жекке шақырып жүрген мастыққа, жын-шайтандыққа да өз басым куә болып жүрмін.

    Және халыққа сөз басшылығына аманат алған кісілікке жеткен ағайындарымыз да «тегіңді қазақшаласаң текті, нағыз қазақсың, болмаса орысқа сатылып санаң құл, өзің кәпір болдың» деген ұранды тастап, жастарымыз қағып алып, құдайсыздықтың шайтандық салтын көкелері бастап, көргенсіздер қоштаған басымыз дауға да қалдық.

   Көптеген бұрынғы шежіреміз, нақылдарымыз,  ата-баба қалдырған өсиеттерін үнемі сырттан және өз ішімізден осы замандағыдай келеңсіз құбылыстардың кесірінен енді аруақтық біліммен, құдайдан аят-аян алып, қателіктерді дұрыстауға да масһаб дін тажалдары мүлде жол бермейді. Мысалғы кешегі өткен Махамбет атамыздың;

   Мен, Мен, Мен едім!

   Кер Сақ Абтан тараған,

   Итжеккен мен Алтайдың

   Арасынан аң алған!

   «Керейлер қайда!»-дегенде,

   Үш Жүз Қырық қанат Ел едім!

   Ай, Шыңғысхан Қаһан Бабам-ай!

   «Бізге тоқтар жау жоқ!»-деп,

   «Ашамайлы ноқта!» -деп,

   Үш Жүз Қырық қанат Керейден

   Ордасын бөлдің Төренің!

   Керей ханның тұсында,

   «Он Екі Ата Абақ!»-деп,

   Он Екі Ата Байұлы

   Жиырма төрт қанат көтеріп,

   «Дау қайда?!-деп жөнедің! (Махамбет жырынан) Бұндай нақты оқиғаларды баяндаған жырлар мен,өсиеттерді мүлде жоғалтып жібергенімен тұрмай, енді қазіргі кездегі жалған ғалымдардың жазған еңбектеріне қайшы нәрселер мүлде қоғамға ендірмеуге жан беріп жан алған ақпараттық соғыстың басында ел билігінің өкілдері отырғаны да хақ.

 

   Ал аталарымыз негізінен; «Үш аб» қазіргі Тараз қаласының, Тоны Көк Білекті Қаһанның ұлы Әулие атамыздың үш арыстың негізіне тұрғызған белгісі, қала болған. Ал кейіннен тектің ірге тасын «БЕС АРЫС»-тың қалағанын, оны 40 қақпалы Сайрам қаласының негізгі бес қақпасын атаған екен. Яғни жан — қала болса оған шағын 40 есік болып, үлкен 5 қақпа тектің кіретін есігі болып, оны Сайрам қаласымен белгілеп, өсиет нақыл қалдырғанын біле бермейміз. Бұл жағдай негізінен тектің 3-тен бастап, діндердің келуімен, өркениеттің, білімнің пайда болуымен тектілікті қалыптастырудың даму сатысының да заманға қарай жетіліп өсіп отырғанын білдіреді.

     Бұл бес арысқа; Әулие Ата, Дуылғалы Ата, Ұзын Ата, Жылаған Ата, Қоңыр Аталар жатады. Және бұл аталардан қалған өсиетті де Адам Атадан бастап сақтар шежіресін, әлемдегі негізгі оқиғаларды баяндаған «Ізбөрі» атты кітапты толықтырып жазған, кейіннен бес әулиенің құрметіне «Бес таңба» деп атаған және олардың құрметіне тағы бес әулиенің Сайрам қаласында тұрғызған ескерткіш қақпалары да болған.

    Бұл әр қақпаның өз аты және 5 әулиенің, бес арыстың берген батасы бар. Оны жазушы, шежіреші Ілесбек Байжанның еңбегінен тауып оқуға болады. Оған жеке-жеке тоқталмаймыз. Бірінші қақпаны Сансыз баба тұрғызса, ал бесінші қақпаны «намаз» деп, оны қайтадан Арыстан бабамыз тұрғызған екен деген де мағлұмат бар.

    Сонымен тектің басы генді, яғни ділді таза ұстау үшін үш жүзді; «Ақ арыс, Жан арыс, Бек арыс» деп атаған. «Ұлы жүзді- қауға бер де малға қой, орта жүзді  қалам бер де дауға қой, кіші жүзді найза бер де жауға қой» деген сөзді сол қалпында қабылдап, астарына үңілмей, енді кіші жүз ел басқаруға болмайды, олар тек соғысу үшін жаратылған деген сияқты Құдайға жала жапқан сөздерді басылым беттерінен жиі көруге болады.

   Шындығында бұл үш адам баласының; дендік, рухтық және жан сырына байланысты екенін түсіндіретін хазірет, имам деген қазақта аты бар, заты жоқ. Ақ арыстық қасиет-тақуалық, сопылық, адамның мал қуатын, жынын тазартушы, сабырлықты меңгеруші, рухани ақталушы болып айқындалады. Яғни өзіне, сөзіне билік төрелік етуші. Ал Жан арыс-жанға қожалық, ділді меңгерумен негізінен әйел қанына байланысты. Орта жүздің солтүстік өңірде өмір сүргендіктен әйел қаны да қалыпты сақталуға, ықылым-климаты да жәрдем берері сөзсіз. Ал Бек арыстық қасиет болса «Бірді жығу» яғни бақсылықпен, қожалықпен байланысты. Сондықтан кіші жүз басында; Нәдір қожа, Қадір қожа, Қыдыр қожа атты бақсы аталардың тұруы да осыған айғақ болмақ.

   Текті ұрпақ алып, текті тазарту мақсатында аталарымыз осы жағдайды ескеріп, өзара үш жүзден қыз алу дәстүрі де болып, ел басқаратын, абыздық қасиеттерді меңгеретіндерді осы белгілерді сақтай отырып астыртын дайындап та отырған. Сонымен тағы бұған; Екі арыстық діл-имандық, пайғамбарлық қасиет пен тіл білімін меңгеру дәстүрін, жыраулық, ақындық, ділмарлық, шешендік салтымызды қалыптастыруды қоссаңыз, ислам дініндегі бес парыздың негізі осыған құрылғанын, бірақ ғылымынан ажырап, құр ой жорумен қазіргі масһабтық сипатын тапқанын болжауға болады.

  Текті қазақ болып атыңды қазақшалап, тілің қазақша болды тегіңді табасың,-деген жан ғылымына да, құранға да, құдайға да қарсылық надандық. Генсіз-ділсіз, ар сақтау дәстүрінсіз, тек  өзінен-өзі ешқашан өсіп-өнбейді және бес арыстық қабілет те жеткіліксіз. Оған енді өзге елден пайда болған бұрынғы түп негіз тағы арыстарға жалғану керек…. Сонымен енді осы тектілікті қалай меңгерген аталарымыз?…

 (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *