ТЕКТІЛІК ПЕН ТЕКСІЗДІК ШАРТЫ

Бөлім: Текті қалыптастыру ілімі-жан ғылымы 2

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Бұл тақырыпты қозғауға осы сайт бетінде көптеген сауалдарға, деректерге пікір талас барысында қанша дәлел, сандық өлшем немесе басқалай да ата дәстүрінен нақыл сөзге жүгінгенмен қазақтың зиялы, оқымысты аталған қауымының өзінің білімде жүрегінде тұрғанынан ешқандай басқа сөзге тоқтай алмайтындығын, жындылығын білуге болады.

    Әйелдер қауымында да басым көпшілігі осындай сын айта бастасаң, оның рас-өтірігінде шаруасы аз, Құдайдың үкімінде жазылған дегенмен өздерінің жалған, шоқынған тәңірлері, алған білімі мен көргенінен танбайтын, бүгінгі дүние болмысынан яғни жалған тәңірге шоқыну әрекеті, қазақ еліне келген надандықты әшкерелеп тұр.

    Ал бұл тұрғыда дінші, масһабшы қауымы алдына жан салмай Ханафи білімін Құдай қылып, енді Имам Ағзам әулиеге табынбағандарды кәпір атауға әзір тұратыны да сөзсіз. Масһабтың тура жол емес екендігін дәлелде деп және оны бір-екі ауыз сөзге сыйғызуды талап етеді. Әрине сыйғызуға болады, ол тек сан теологиясына ғана жүгіну арқылы. Мысалы бүкіл құлшылық намаз оқу істерінде жалғандықтың бары мына санмен айқын болмақ, Пайғамбарымыздың туған жылын Хижра есебімен 572-жыл болса, дүниеден өтуі 632 жыл! Енді 632-571= 61 жас. Ал енді осы 2 жылын пайғамбар ғұмырын, құлшылығын, сүннетін, құранын ұрлап және туған күнін айдан айға көшіріп жіберген «Есеп білмеген есектікті тура жол» дегендер тажал болмай текті болу крек пе?

      Сонымен «ТЕК» деген ұғымды аталарымыз екі сипатпен «Төртеу түгел болса, төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген бір ғана мақалмен тұжырымдаған. Олай болса құранда; «3 кісі сыбырласса 4-шісі менмін, 5 кісі сыбырласса алтыншысы менмін» деген үкім бар. Енді тек дегеніміз 4+6=10   санымен белгілі болып, Шәкәрім әулие 5 санымен белгілеген өлеңінде;

 

Тоғыз қатын жиылып бір толғатқын,

Бірін-бірі буаз ғып, жуандатқан.

Тоғызының киімі тоғыз түрлі,

Келген кісі сияқты әр тараптан.

Босанғанда тоғызы бір ұл тауып,

Балаға екі түрлі киім жапқан.

Балаға киім шешесіне ұқсаса да,

Бір киімі келіп тұр бөтен жақтан.

Қатындар не? Киім не? Баласы не?

Көпке киім жетеді не себептен?

****      *****   ****

Бұл сырды Шәкәрім атамыз шешімін де өзі жазып, бірақ оны зерттеп құраннан, ғылымнан насихатын, білімін іздеуді бізге қалдырыпты;

    

      «Тоғыз қатын, тоғыз сан, тоғыз бөлек,

Тоғыз цифр, киеді түсі өзгерек.

Бірінен-бірі жуан бола беріп,

Ойласаң тоғыздан «он» туса керек.

Киімі оның бір цифр, бір ноль болар,

Ноль деген цифрдан жат бір дөңгелек.

Қанша санды жазса да осы он цифр,

Жететін басқайсыз, болсаң зерек.

   Сонымен бұл жан ғылымынан тегінде бар адам баласына ой салу керек. Бірақ Абай-Шәкәрім жазыпты, айтыпты,- дегеннен ар оянып, шынымен білімсіз екенмін деген намысты оқымысты аз қазақта. Ойлау жүйесі жіңішкеріп, ұзарып, енді ер азаматтар қатындармен тең дәрежеде ойланып, пайымдайтын болса да өздерінің ныспысында «ОВ, ЕВ, ОВНА» жоқтығын мақтан, яғни тектілік санап, бір-біріне жақтасып, шибөріше қарсы пәтуа бергенге жабыла кетіп, оған қатындары қосылып, надандықтың барлық сипатын да сайт беттерінен кездестіруге болады.

    Шынымен текті болып «ОВ, ЕВ, ОВНА»-сынан азат болғандарға осы Шәкәрім  атамыздың; «Балаға екі түрлі киімі, неге біреуі шешесіне ұқсап, екіншісі бөтен жақтан келді? Тоғыз түрлі киім қандай, Бала не?  Қатын не?» тағы басқа да сауалдарды шешіп берсе, онда шынымен текті болғаны. Ал сөз құпиясын, астарын шеше білмей және өзінің қазақ ұлтының рухани құнын меңгермей, құр сыртын түзеп, өзін текті атағандарды жаратушымыз; «Екі жүзді мұнафықтарды сөз аңғарынан байқайсың!» деп мақтан, бос кеуде, тәккәппар болатынын ескертіпті. Яғни тексіздер, шайтан жамағаттары болып саналады…

      Ал, оқырман қауым Әл-Фараби атамыздың 9 шекті домбырасы мен «терция» 4 пен 5-тің қатынасы 9;81-санының құпиясы (сол алақандағы жазу) мен яғни Абай атамыздың 45-санды сөзін, 10 санының «ЮНЫС» Тоны Көк, Білекті Қаһан Жүніс пайғамбарымыздың «бірді»  қалай жығу керек екенін көрсеткен тектілігін түсіндіріп көр! Болмаса тексіздігіңді жасырып, болашақ жастар алдында масқара болатын сөзден аулақ  болып, көбірек тыңдағаның да естілікке лайық болар! Білмесең сұра, ұяты жоқ!

           

          ТЕКТІҢ ҚАЗАҚШАСЫ БОЛА МА?

 

        Мұсылман болу пәс пәсте..деп сылтау айтқан бір жалқауды, мұсылман сөзінің не мағынада қолданылуын білмегендіктен болар. Қазаққа келген қасірет баспасөз, философия, психология саласында жүргендер өздерінің халықтың құлы, құдайдың ерекше берген қасиет, дарындығын, дінін тазартушы екендерін ұмытып, ақылы толмаған жастарға дін туралы пәтуа бергізіп, барлық сөз араптан жаратылған деген надандыққа өздері де, өзгені де сендіріп, Ата жолын сауатсыз тобырдың қолына беріп, құдайдың қаһарына, аруағының назына, бүкіл қазақ қоғамын бастап әкелгенін әлі мойындаудан бас тартады! Оған себеп жүрек жабылып, сөз ғылымын діннен бөлектеп алмақ әрекетінен пайда болды. Сондықтан рух пен жанның, иман мен сенімнің, кітап пен құранның, пайғамбарлық пен елшіліктің, жол мен жобаның, жалпы тура жол деген қандай ұғым екенін ел басының өзі де білмейтіні де хақ. Білсе Ата жолын-аруағын, ар білімін, дәстүрін соттауға жол да бермей ғалымдарды мәжбүрлеп дінді, қазақтың сөзін, Абайын, дәстүрін зерттеңдер, болашақ ұрпақ алдында мақара болмайық деген көргенділігін білдірер еді.  «Единица болмаса, өңкей нөлдер не бітірер» деген Абай даналығы қазақтың басына туды.  Ал енді жоғарғы дәрежелі дін басы, ғалымдарының өзі Алланың негізгі  сипаты қандай, Алла тағала сипаты қандай ұғым, Алланың өзі, Растығы, Барлығы, Раббтық сипаттары, екі аралық сипаттары, қолы туралы, періштелік дәрежелердің ұғымдарын өздері де білмегендіктен әулиесін Алладан «БАСҚА» деп серік қосу, шерік қосу деген ұғымды ұнамаған, білімі жетпеген жерге оңды-солды тықпалап, оған сөз мамандарының, тіл майталмандарының, ғалымдардың жәрдем бергенінен-ақ қияметтің басталғанына нақты дәлел болмақ. Сөзге әулиелік, ар-намыстылық өлді қазақ елінде!

     Ал, енді осындай жағдайда өз сипатын жоғалтқан «Мұсыл-ман» сөзін құран аяттарымен өз мағынасына қайта қауыштырып қалыптастыратын мүміндік қасиет егелерінің енді текті қазақшалайық деп, бұл сөздерінің әсерлі болуы үшін түгелдей орыс ұлтын- Толстойын «кәпір» атап, қазақтың тегінің масқарасын шығаруға кім жәрдемге келді? Жалпы аруақ ұғымында, негізгі ақ тек- жанның әлемге ортақ екенін аталарымыз; «Адамның басы, Алланың добы» деп бір-ақ мақалмен түсіндірген екен.

Өзіңнің жаның ертең орыс болмайтынына құдайдан әлде ұлықсат алдың ба? Кім қандай жаратлысты жек көрсе ертең тағдыр сынағы болып келетінін қайдан білетін едің?

     

Ал ұлттық тек туралы; «Оған екі көз, жаратпадық па? (8) Әрі бір тіл, екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе?» (90-10)  ятпен ескертіпті. Бұл аятты Шәкәрім атамыз; Тоғыз қатын толғатып, жабылып бір ұл туып, киім алған деген астарплы өлеңмен сипаттаған. Бұл сырды аталарымыз; «Төртеу түгел болса төбеден келеді. Алтау араз болса ауыздағы кетеді», ал ұрпақтарым шешіуін табыңдар деп ескертіпті.

 

     Тек деген нағашының, еркектің мүшесімен келген нәсілдік ақ тек және ананың 40 үй ағашынан келетін ділдік белгі және өзіңнің жыныс мүшеңмен де байланысты  3 байлық; денсаулық-үш негізден, ақ жаулық-екі негізден, он саулық-көктен нұр болып құралады екен. Сонда адамзатқа ортақ асылдарды кім қалай орысқа беріп қойды, оны қазақшалау керек деген масқаралап, құдайды мазақтап бұл сөзді ұран қылған? Әлде иттік мүшеңнің қазақша аты болғанымен, заты қандай екеніне көзің жетеді ме? Осы ма сонда Абайын, Шәкәрімін, Ясауиін, құранын, дәстүрін ата жол-тегін меңгергендерің?

 

    Мен қарапайым инженермін, сөзді мамандардан үйренуге келгенмін. Керісінше жиренуге; «Бетті бастым, қатты састым, тұра қаштым жалма-жан» дегенге тап болдым. Сонда бұқара халықтың бәрі надан болып, құранды оқып, сөз ұғымын білмейді деп ойлай ма зиялы аталған қауым? Ныспымызды, тектік ЕСІМІЗ-ді қазақшалайық, әкеміздің ұлы деп жазайық деген естілікке де лайық болатын еді. Хақиқат ашылатын, надан мен адамның арасын ажырататын қиямет сағаты деген де осы болмақ. Құдай уахимен халықты тәрбилеп, оқытып жатқанын сіздер қайдан білесіздір? Сол топтың ішінен мен ғана саусағымды икемдеп сіздермен сұхбаттасуға пікірталасқа ернібей келіп жүрмін. Өйткені қолым бос, Құдай тегімді түзеп, соған байланысты нығмет беріп қойған. Және Мұхаммед пайғамбарымызбен екі рет кездесіп, үшіншіде мизанда болып шапағатын алған пендемін! Мені кәпір деп мазақтасаңдар, аманатын жүктеген пайғамбарымызды да, Ғисаның үмметін де, Рамазан айын да мазаққа алдыңдар. Ал, енді жауабын алып көріңдер! Өтірік пен рас па, жандарыңды шырқыратып шын жылаудың, діннің, аруақтың қадірін білгенде мені де шырылдап арашаламақ болып еді баурымыз, біз жабылып бетіне түкіріп, мазақтап едік деп еске алыңдар, мүмкін жеңілдігін берер!

 

   Ал мен бәрібір өзімнің «ОВ»-ымды тастамаймын, шежіре ағашы ру белгісіне айналдырамын. Қалай, дейсіз әрине. Бұл туралы бөлек тоқталған дұрыс болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.