Тектіліктің толғауы       Зікір-1

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 92

Қасиет әлсіз тегінде,

Қас болса тән өзіне.

Нәпсінің тойын тойлаған,

Күтіп тұр азап көрінде.

Қарасы қарашықтың көзінде,

Куәсі күналардың тегінде.

Тұрақсыздық талайлардан,

Жендеті дін иманы сенімге.

Сексен сегіз қысың өлімде,

Болады сыны өмірге.

Қажырлықпен қиқарлық,

Қуат болар көңілге.

Қарама –қарсы екі топ,

Бір бірімен алысқан.

Тірілер мен ақирет,

Бір қуат текте табысқан.

Тәнің көзі жүректі,

Арамнан аршып тазартсаң.

Нұр шашып өріс денеге,

Береді киім жарықтан.

Шырақ пен сөздің әсері,

Бу болып қонар басында.

Қазақтың болар киесі,

Аққу мен бөрік жанына.

Қайнатып ерік жігерін,

Сегізден өткен тайсалмай.

Шикі менен піскенің,

Айырмасын біліп жаңылмай.

Сәулесін шашып ай нұры,

Тектілікті өсірген.

Сыртыңнан айтып ғайбат сөз,

Тексіздер жүгін өсірген.

Сөз құнын білмес жарым ес,

Желіккен пенде жетесіз.

Аян, деп түсін жорылмас,

Мінгені қайық ескексіз.

Өсірмек ділді таңбада,

Сиқыршы мен дуана.

Жалғанға байлап көңілін,

Сатып жүр жанын жындарға.

Құлы болып құлқының,

Көптің сөзін тарыққан,

Көбік шашқан жындының

Қылығын жасап жарысқан.

Тәмсіл алып орыстан,

Бой түзеген қазағым.

Қызық пен шыжықтан,

Көзі тоймас қазағым.

Таршылық өткен тар заман,

Ақылдан білім оздыртқан.

Қасиет, қадір түсінбес,

Үш тілмен жанды аздыртқан.

Іркілдек сезім теріс ой,

Семіздік дерті хайуаннан.

Ғылымсыз елге беріп бой,

Нәсілге қара жалғантқан.

(жалғасы бар)

(Маусым 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *