«Әй, Адам баласы! Сендерді де сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларына құлшылық қылыңдар. Әрине сақтанған боласыңдар» (Бақара-21).
«(Мұхаммед Ғ. С.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!» — деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз сені дәріптеп, мақтау мен пәктеудеміз» — деді. Алла: «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін! – деді». (Бақара-30) Періштелер қызметі үш түрлі тербелістен тұрады. Дәріптеу, мақтау, пәктеу. Сол үш тербелісті Алла білімімен қосуды «құлшылық ету» деп, сол орындаушы Алланың орынбасары болып табылады. Адам періштелерден күрделірек періште болып жаратылған. Жаратылған періштелерден бастап жаратылыс нәрселерге құпия болмысқа ат қою яғни білімін анықтау қажет деп тауып, сол періштелерді біріктіріп қосымша білім белгісін Адамға жүктеді. «АДАМ»- да төрт ірі белгі бар.
Енді Адамды жаратпастан бұрын жер мен көк жаратылып, жер бетінде жындар өмір сүрді. Яғни судан түрлі жан-жануарлар, өсімдіктер, одан жәндіктер пайда болып, адам үшін жерде ризықтық несібе пайда болды. Бұл жаратылыс 50 мың жылға созылды. Аятта: «Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік». (Хыжыр-27) Жер бетіндегі түрлі минералдар т.б. пайда болып, түтінсіз оттың әсерімен жындар пайда болды. Демек бұл жындардың екінші түрі оттың жалыны қозғалыс тегі.. Аятта; «Ол адамзатты құмырадай сыңғырлаған құрғақ топырақтан жаратты. Жындарды оттың жалынынан жаратты».(Рахман -29). Оттың жалыны балшықты кептіруден пайда болса, яғни от жалынында барлық белгіні сезім т.б. әсерлерді қабылдап сақтай алатын қасиет бар. Ол қасиет иіс болып табылады. Сондықтан да оттың жалыны бүкіл қозғалыс әрекетті қамтамасыз етеді. Оның бір белгісі ес болып негізделеді. Ал топырақтың қасиеті осы екі тектің басын қосып қабылдай алады.
«Періштелер: «Сен пәксің! Біздің, сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине сен толық білуші, өте данасың» деді. Сонда (Адам) оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу көмес істеріңді білемін деп айтпадым ба?» — деді (33) Періштелер бір тербеліс жиілігін ғана меңгереді де есте сақтау қабілеті жоқ яғни белгілі шекте шектелген. Тек белгілі бір Алланың жүктеген тапсырма, іс шеңберінде бір ғана бағытта ғана қызмет қылады. Есте сақтау арқылы келесі болмысты нәрсені айқындау соған байланысты жоспар жасау мүмкіндігі жоқ. Сызықтық бейнесі ғылымда түзу сызық болады. Ал адамға берген қасиет үш түрлі жын, періштенің қабілеті мен тағы Жер – Ананың топырақтың өсіруші қабілетін т.б. жаратушымыздың белгілі бір мөлшердегі тапсырмасын, жан жоспарын өздігінен түрлендіріп, сол нәрселердің құпиясын, белгілі белгісіз міндеттерін зерттеп түрлендіруші күрделі болмыс иесі. Яғни адам баласының сызықтық бейнесі күрделі болуы шарт. Түтінсіз оттың заттық тегі, тұрағы және көрініс сипаты — темір, күкірт. Топырақта, ауада, суда, өсімдіктерде барлық жаратушымыздың жаратқан болмыстарында аз, көп шамада бар. Онсыз тіршілік болу мүмкін емес. Темірдің қасиеті өзіне бүкіл белгілі, белгісіз тербелісті, белгіні жинақтай алады және белгілі қызуда жанады.
Су құрамындағы темір белгілі бір дәрежеге қызғанда дыбыс шығара бастайды. Демек дыбысты да өзіне қабылдайды.
Жалпы аты Ібіліс деп аталатын тегі – періште. Періште деп белгілі бір Жаратушымыздың көрінбейтін нәрселердің ат қойылмаған белгісіз тегін атайды.
Алланың бұйырған істеріне, түрлену, тазару жоспарына қарама-қарсы ыдырату сол арқылы түрлендіру жоспарын да жасаған. Сол қараңғылық белгілерінің түтінсіз отқа қосылуынан ең төменгі дәрежесі темір пайда болады. Көрінбейтін тағы да үш сипаты бар, Адам денесіндегі теріс ойлардың қараңғылықтардың пайда болуын «Шайтан» деп атайды. Темір буы қараша түске боялады, Аятта: (Ібіліс) «Ендеше Раббым! Маған қайта тірілетін күнге дейін кеңшілік бер» — деді. (36) (Алла Ібіліске): «Расында саған кеңшілік берілді» деді (37) (Кеңшілік (көктік белгі)-деп бүкіл жаратылыс негіздеріне, іс- қимылға араласу мүмкіндігі берілген үкімді айтады) «Белгілі бір мерзімге дейін (38) (Яғни жер бетінде тіршілігі тоқтап немесе тазарғанға дейін) «Раббым мені қаңғытқандығы үшін: Әлбетте адам баласына жер жүзіндегі (жаман) нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығын адастырамын» деді (39) «Бірақ олардың ішіндегі нағыз құлдарыңды адастыра алмаймын (деді) (40) «Маған келетін тура жол осы» — деді (Хыжыр -41) Ібілістің Аллаға қосылуы тек тура жолды тапқан адамзат тәні, жаны арқылы ғана жоғарғы ахирет әлеміне өтеді. Ойға, сөзге, сезімге айналып, өртену, жану арқылы түтінсіз отқа басқы қалпына келеді, бірақ енді теріс бағыттағы белгіні қабылдай алмайтын дәрежеге өтеді де нағыз Алланың қызметшісіне айналады.
«Әй, екі топ Есептеріңді көреміз (31) Әй, жын мен адамзат тобы! Көктермен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар? Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар» (Рахман -32).
Адамзат пен жындар тобы алғашқы өлімнен кейін көк пен жердің шегінен өту керек. Ол үшін қосымша қуат керек. Сол қуат көмегімен ғана ұжмақ, жаннат әлеміне өте алады. Ол қуатты «Жан» деп атап бірақ оны өз дәрежесінде түсіну үшін Құранды меңгеру керек Сондықтан әуелі жын есебін алда толық жіктеп көреміз. Ал адамзат есебі неден тұрады. «Адам баласын жаратуды балшықтан бастайды. (Балшық қан мен мәнидің араласуы) Сосын нәсілін жайсыз судың негізінен жаратты (8). Сосын оны бейнелеп ішіне өз рухын үрледі. Сондай-ақ сендерге есту, көру және түсіну қабілеттерін берді, Аз шүкір етесіңдер»(Сәжде-9).
Нәсіл – Жын Жанда бөлек қалыптасады, оған рухты үрлеу – есту, көру, түсіну жындардың өсу дәрежесімен байланысты. Рух 40 жыл үрленеді. Жанға үнемі толықтырылып жазылып отырады. 40-қа келгенде тоқтайды. Есту, көру және түсіну қабілеттері 30 ай ішінде қалыптасады. Себебі аятта:
«Адам баласына, әке – шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, айыру 30 ай. Ақыр ол ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу ғамал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде мен тәубе қылдым». Ана жанынан қоректің айырылуы жалпы 2 жыл 6 ай. Яғни балаға 1 жыл 9 ай шамасында жан қалыптаса бастайды, рух үрлене бастайды.. Алғашқы адам мүшелін 13 жастан есептеу осы есептен қалыптасқан. Бірінші жылы балада рухтық белгілер қалыптаспайды. Ол тек 2-ші жылдың 2-ші жартысынан ғана қалыптасады. Адам жаны хайуан жанынан ерекшелігі сонда. Рухтың үрленуі ұрық жетілгеннен бастап, 30 айдан кейін басталады. Тәннің қалыпты сәйкес келуімен болашақ рухтың кемелденуі, яғни адамзат баласының жаратушыдан толық мәнді жоспар алуы, ананың сүтіне, қабілет қасиетінің пайда болу дәрежесіне тәуелді. Адам тағдыры Ата – анаға солардың өмір сүру қылығымен өрнектеледі, суреттеледі. «Уызына жарымаған» дегені ұмытшақ, ойлау қабілеті әлсіз пендені кейігенде аталарымыз. Қырыққа келгеннен кейін тәубаға келмесе, шүкірлік қылмаса ұрпақ азып, азап өмір басталады. Сондықтан аятта; «Ақыл жұмсамағандарға азап беремін» деген ескерту бар.
«Жұмақ әйелдің аяғының астында» деген ғұламалар. Әйел тіршілік киесі, жақсылықтың да жамандықтың да иесі. Жыныстық мінезі ғана басты қасиет белгісі болып, жұмаққа қарай жол салар..