Жалғыздық жарасады бір Құдайға,
Бар нәрсе жұбымен пар болмай ма?
Тілдің бар серіктері жұбы пары
Ұлтыңда діл мен дін болмай ма?
Құр тілді сөйлеткенмен бар қазаққа,
Тіл жетім дінсіз тұл болмай ма?
Дініңде діліңмен некесі жоқ
Пәтуасы сөздің де бос тұрмай ма?
Ділдің бар Ар сауыты дене деген,
Денсаулық естілікпен тілмен келген.
Арсыз тіл қуатсыз өлі деген,
Жан бермей ана тілге, таңба іздеген,
Надандық сөз киесі кедейленген.
Тіліңнің бүгінгі күн киесі жоқ,
Ой үні, ар мен ұят бересі жоқ.
Мақтанып қазақша үнмен сөйлегенмен,
Дін, ділсіз мұндай тілдің киесі жоқ.
Сөзіңді Абай атаң түзеп берген,
Тіліңе дәстүр діннен сипат берген,
Абайын түсінбейді зиялы қазақ тілді,
Не пайда бұлбұл болып сайрап жүрсең?
Тілі сөзіңде ақылдың қуаты жоқ,
Сырты сұлу ішінде ой парасы жоқ,
Зияткер деп тосқауыл қойып жүрген,
Сөзді білген зиялыда ар, ұяты жоқ.
Ел билік діннен бөлек заң шығарып,
Зиялы қауымың жүр құптап жазып,
Азғындық пен қастандық заңыңда тұр
Құр тілді уайым қылдың дінсіз қалып.
Ар, ұятың дінің, тілің оймен болсын,
Арасында жындылықсыз сөзбен толсын.
Дәстүріңмен тіл сөзің бірге болса,
Тіліңе жан еніп, жоғалып неге өлсін?
**** ****